Қаз-суда жүзетін құс. Қыста солтүстікте ұшып кетеді. Жазда жұптасып, жағалаудағы шөп немесе қопа арасына ұя салады. Аналықтар ұяның ішіне өз мамығын жұлып төсейді, кейде ата қаздан да мамық алуға тура келеді. Ұяға бес жұмыртқадан артық салынады. Балапандар үсті кебе салысымен-ақ жүгіріп, жүзіп, сүңгіп, жем іздей бастайды. Ондайда, әрине, анасы оларды сырттарынан үнемі бақылап жүреді. Қаз тұмсықтарының жиегінде мүйізді қатпарлар болады. Солар арқылы су сыртқа ағып кетеді де, балдырлар, насекомдары, моллюскалары аузында қалады. Құрғақта қаздар шөптерді жұлып жей береді.
Құр-тауық тұқымдасы. Қылқанды және жапырақты ормандарда өмір сүреді. Жазда жерден жидектерді, гүлдерді, насекомдарды жүгіріп жүріп шоқып жейді. Күз, қыс айларында ағаштардың қылқандарын, жас бұтақшаларын, бүртіктерін, шетендерді қорек етеді. Қыста кешкісін ағаштан қалың қарға күмп беріп сүңгіп кетеді. Ол ауыр қозғалады, шулатып әрең ұшады, онда да биікке көтеріле алмайды. Ерте көктемде сыңарын шақырып ойнақ салады. Ағашқа шығып алып, құйрығын біресе көтеріп, біресе түсіріп, басын бұлғаңдатып, бұта бойымен ерсілі-қарсылы жүре бастайды.