Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


лекция 9  Такырыбы: Тыныс алу физиологиясы



Pdf көрінісі
бет42/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77
лекция 9 
Такырыбы: Тыныс алу физиологиясы 
Жоспары: 
1.Тыныс алу кезеңдері. Тыныс алу актісі.
2.Өкпеішілік және плевралық қуыс қысымы. Өкпе көлемі. Өкпе желдеткіші. 
3. Парциальді қысым, газдар қысымы. Оксигемоглобинның ыдырау қисығы, биологиялық мәні.
4 . Тыныс алудың реттелуі.
 
 Тыныс алу - организммен оны қоршап тұрған сыртқы ортаның арасындағы газ алмасу процесі. 
Сыртқы ортадан үздіксіз келетін ауадағы оттегі организмде тотығу реакциясының жүруін реттейді. 
Тотығу реакциясы - энергия бөлетін негізгі биохимиялық процесс. Сондықтан, организмнің тіршілік 
процесі тканьдер мен клеткаларды оттегімен толық қанағаттандыруына байланысты болады. Неғұрлым 
организм жоғары сатыға шыққан сайын, оның оттегіне мұқтаждығы арта береді. Қоректік заттардың қоры 
организмде сақталғаны сияқты, оттегінің қоры онда сақталмайды.Организмге үнемі керек мөлшерде 
оттегі үздіксіз сыртқы ауадан келіп тұрады. Ал қандай да, бір себептермен оттегі клеткаларға және 
тканьдерге бармай, аз уақыт тоқтаса, олардағы зат алмасу процесі бұзылады да, адам өледі. Тыныс алу 
органдары организмді оттегімен қамтамасыз етеді және тотығу процесінің нәтижесінде түзілетін көмір 
қышқыл газын сыртқа шығарады. 
Сүт қоректілер мен адам өкпе арқылы ғана тыныс алады, ал кейбір жануарлар, мысалы жылқының 
терісі арқылы тыныс алуы жұмыс кезінде 8%-ке дейін жетеді.Тыныс алу органдарының 
филогенетикалық дамуы, арнаулы тыныс алу процесіне қатысатын дене еттерінің дамуымен өте тығыз 
байланысты. 
Тыныс алу сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы немесе өкпе арқылы тыныс алу дегеніміз, 
өкпе альвеолындағы газдар мен қанның құрамындағы газдардың алмасуы. Ішкі немесе тканьдегі тыныс 
алу деп, ткань мен қанның құрамындағы газдардың алмасуын айтамыз. 
Т ы н ы с а л у қ о з ғ а л ы с ы. Тыныс алу кезінде, өкпе пассив қана қызмет атқарады. Өкпенің 
құрамында ет талшықтары болмағандықтан жиырыла алмайды. 
Тынысты ішке алғанда, өкпені кеңейтіп ауаны кіргізу, ал шығарғанда тарылтып оны шығару, тыныс 
алғызатын және тыныс шығаратын еттердің қызметі болып табылады. Тыныс алу еттерінің жиырылуы 
және босаңсуы ми сыңарларының қыртысындағы тыныс алу орталығының импульстері арқылы реттеліп, 
басқарылып тұрады. Ал көбінесе тыныс алу қозғалысы ми сыңарларының қыртысындағы тыныс алу нерв 
орталығының қатысуынсыз-ақ, өзін-өзі реттеп, мидың төменгі бөлімінде орналасқан тыныс алу нерв 
орталықтарының басқаруымен жұмыс істей береді, сондықтан тыныс алу процесі организмнің әр түрлі 
физиологиялық жағдайларына қарамастан жұре береді. Мысалы, ұйықтау кезінде т. б. Тыныс алу 
қозғалысының жиілігі түрлі жануарларда әр түрлі болады. 
Жаңа туған жас балаларда тыныс алу жиілігі бір минутта 40-60 рет, үлкен адамда – 12-24 рет, жылқыда 
- 10-15 рет, сиырда – 10-30 рет, шошқада – 8-18 рет. Жас өскен сайын тыныс алу жйілігі бірте-бірте 
төмендей береді. 
Тыныс алу жиілігі организмнің әр түрлі физиологиялық, психологиялық, жұмыс жағдайларына, әрі 
кеңістікте денесінің орналасуына да байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, тұрған адам, отырған және 
жатқан күйдегісімен салыстырғанда, жиі тыныс алады. Дене қозғалысы, сезім процестері ауаның 
температурасының көтерілуі т. б. тыныс алуды жиілетеді, ал ұйықтағанда тыныс алу баяулайды. Тыныс алу 
жиілесе, тыныс алу тереңдігі кемиді. Тыныс алудың жиілігі, тереңдігі организмдегі зат алмасу процесінің 
дәрежесіне байланысты. Көкірек клеткасының тыныс алу қозғалыстарын жазып алуды пневмограмма деп 
атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет