1 лекция
Такырыбы: Пәнге кіріспе
Жоспары:
1.Физиология пәні, басқа салаларнен байланысы
2. Зерттеу объектілері мен әдістері
3. Физиология пәнінің ерекшілігі
4. Қазіргі биология пәндерінің арасындағы физиологияның орны.
Физиология - биология ғылымының маңызды саласының бірі. Грек тілінде физиология деген сөз организмнің
функциялары туралы ғылым немесе
тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік
әрекетін,
жеке торшалар, мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын
анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.
Физиология
организмнің тіршілік әрекеттерін даралап тексермей, оларды біртүтас, тығыз байланыстағы процестер жиынтығы
ретінде қарастырады және организмге тән біртүтастық қасиет орталық нерв жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әр түрлі
биологиялық белсенді заттардың әсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды.
Физиология (грекше рһузіз - табиғат, lоgоs - ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары,
үлпалары және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология
организм жүйелері мен
ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-
қатынасын тексереді. Сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезендеріне байланысты онтогенез және
эволюциялық даму барысында бақылайды. Физиология жедел дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым
ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің
тіршілік әрекеті туралы физика,
химия ғылымдарының әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинады. Қазіргі кезде
физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия,
биофизика, нейрофизиология, эндокринология,
радиобиология бөлініп шықты. Физиология - тірліктану ғылымы. Ол тіршіліктік үрдістерді, олардың
реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.
Физиология медицина мен ветеринарияның теориялық негізі болып саналады.
Физиологиялық
мағлүматтар адам мен жануарлар организмінде жүретін процестерді тиімді бағытта өзгертіп отыруға қажет
шараларды ғылыми негізде жүзеге асыру, түрлі аурулардың алдын алу және оларды дұрыс емдеу ушін қажет. Адам
физиологиясының заңдылықтарын айқындау - өмірді ұзартуға, организмді сауықтыру, еңбек пен тұрмыс жағдайларын
жақсарту шараларын дұрыс ұйымдастыруға, аурулардың алдын алудың және олардан емдеудің жаңа жолдары
мен тәсілдерін табуға негіз болады.
Жануарлар физиологиясы
- адамның мұқтаждығына, талабына сәйкес үй хайуанаттарының мінезін
өзгертудің, өнімділігін арттырып, оның сапасын жақсартудың, оларды дұрыс күтіп-бағудың,
өсірудің,
қоректендірудің биологиялық негізі.