Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Көздің жітілігі (көргіштігі)



Pdf көрінісі
бет68/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77
Көздің жітілігі (көргіштігі) деп екі заттың жақын ара-қашықтығын ажырата алуды айтады. 
Арнаулы кестеге жазылған әріптерді, сандарды немесе белгілерді 5 м қашықтықта отырып, бір көзді 
жауып қойып, ашық көздің жітілігін анықтайды. Одан соң екінші көздің жітілігін осылайша біледі. Кейбір 
адамдар заттың түсін айыра алмайды. Ол құтыша рецепторларының қызметінің нашарлауынан болады. Көзі 
сау адам көк түсті затты құтыша рецепторларының барынша толық 455 нм, жасыл түсті затты 530 нм, қызыл 
түсті затты 625 нм спектр сіңіруі әсерінен сезіп отырады. Кейбір адамдар ашық қоңыр түсті қарадан, ал 
күлгін түсті көк түстен, енді біреулері бояудың анық түсін айыра алмайды. Адамда нәрсенің түсін айыра 
алмайтын ауру пайда болады. Бұл ауруды 1794 жылы ағылшын химигі және физигі Джон Дальтон 
зерттеген, сондықтан ауру ғалымның құрметіне далътонизм деп аталады. Негізінен, бұл ауру адамда сирек 
кездеседі және тұқым қуалайды. 
 
Естудің маңызы. Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбысты естиді. Адамның сөз сөйлеп, 
өзара қарым-катынас жасауында есту мүшесінің маңызы зор. Есту мүшесінен түскен ақпараттар ішкі 
мүшелердің қызметіне әсерін тигізіп, оларды реттеуге катысады. Адамды қауіптен сақтауда бұл 
ақпараттардың маңызы үлкен. Есту мүшесін дыбыс қоздырады. Дыбыс есту мүшесінің рецепторлары 
арқылы жүйке қозуына айналады. Одан соң қозу орталық жүйке жүйесіне жеткізіледі, айналадағы ортада 
болып жатқан жағдайларды хабарлайды. 
Есту мүшесінің құрылысы. Дыбыс тербелістері есту мүшелері арқылы келетін күрделі құбылыс 
болып саналады. Есту анализаторлары — дыбыс қабылдайтын құлақ, дыбысты өткізуші дыбыс жүйкесі 
және орталық ми сыңарлары қыртысының есту аймағынан тұрады. Есту мүшесі үш бөліктен тұрады: 
сыртқы, ортаңгы және ішкі қулақ. Сыртқы құлақ — қүлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан 
құралған. Құлақ қалқаны екі жағы терімен капталған шеміршек болып келеді. Оның негізгі атқаратын 
қызметі — ауадағы дыбысты қабылдап, дыбыс өткізу жолына бағыттау. Құлақ қалқанын қозғалысқа 
келтіретін бұлшық еттер нашар дамығандықтан, адам дыбыс шыққан жаққа қарай басына бұрып, дыбысты 
қабылдайды. Сыртқы дыбыс өткізу жолының ұзындығы — 30 мм, ол терімен қапталған түтікше. Оның 
ішінде ерекше бездер болады. Бұл бездердің әсерінен құлақтың ішінде құлық түзіледі. Құлық сыртқы дыбыс 
жолына айналадағы ортадан енетін шаң-тозаңдар мен микробтарды ұстап қалады. 
Дыбыс өткізу жолының ішкі түбін сопақша пішінді жұқа дабыл жарғағы қаптап жатады. Бұл дабыл 
жарғағы сыртқы кұлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Жарғак серпімді, сондықтан дыбыс толқыны 
соғылғанда, сол толқынды бұлжытпай қайталап отырады. Ортаңғы құлақ жарғақ қуысынан тұрады. Жарғақ 
қуысы дыбыс түтігі арқылы мұрын жұтқыншақпен (аңқамен) жалғасады. Бұл анатомиялық жол дабыл 
жарғағына ортаңғы құлақ қуысынан келетін ауа қысымы мен атмосфера қысымының бірдей болуын 


қамтамасыз етеді. Ортаңғы құлақта бір-бірімен тізбектеле жалғасқан үш дыбыс сүйегі бар. Олар: узеңгі, 
балгашық, төс суйектері деп аталады. Балғашық дабыл жарғағының ортаңғы бөлігіне жалғасқан. 
Жұқа жарғақшамен керілген екі тесік бар, олар дөңгелек және сопақша тесіктер деп аталады. Сопақша 
тесікке үзеңгі сүйегі тиіп, оны қозғалысқа келтіреді. Дабыл жарғағымен байланысты балғашық төс сүйекке, 
одан соң үзеңгіге қозғалыс әсерін тигізеді. 
Ішкі құлақ қуыстар мен иірімделген өзектер жүйесінен — сүйекті шытырманнан тұрады. Ол жарғақты 
шытырманды құндақ тәрізді қаптап жатады. Бұл екеуінің аралығында өте тар қуыс бар. Ол қуыс мөлдір 
сұйықтық — перилимфамен толы. Ал жарғақты шытырманның қуысы эндолимфа деп аталатын 
сұйықтықпен толы. Шытырман кіреберіс деп аталатын бөлімнен тұрады. Оның алдында иірім, артқы 
жағында доға қуыстары бар. Иірімді түтік дөңгелек тесік арқылы ортаңғы құлақ қуысымен, ал кіреберіс — 
сопақ тесікпен байланысты болады. Құлақтың есту мүшесі — иірім болып саналады. Иірім 2,5-тей айналым 
жасайтын оралма тәрізді ширатылған иірімдік түтік каналы болып табылады. Оның иірімі өте жұқа дабыл 
жарғағымен бөлінген. Бұл дабыл жарғағы оралма тәрізді иірімделген, оны иірімді түтіктің негізі деп атайды. 
Дабыл жарғағы талшықты ұлпадан тұрады. Талшықты ұлпаның кұрамында шамамен 25 мың ерекше талшық 
бар. Талшықтардың ұзындығы әр түрлі және олар иірімді түтіктің бойымен көлденең орналасқан. Бұл 
талшықтардың үстінде сезімталдық қызмет атқаратын түкті клеткалар бар. Бұл есту анализаторларының 
шеткі бөлімі — Кортиев мүшесі. Рецептор клеткаларының түктері иірімді түтіктің ішіне — эндолимфаға 
бұрылған, ал одан есту жүйкесі басталады. Иірім түтік қуысының қалған бөлігі доға қуыстағы тепе-теңдік 
мүшеге жатады. Қысқа талшықтар төменгі жағына, ұзын талшықтар ең үстіне орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет