Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет20/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   147
Бақылау сүрақтары:

  1. Оқытып үйрету принциптеріне жалпы сипаттама беріңіз.

  2. Сапалылық және белсенділік принциптерінің оқытып үйрету жүйесіндегі маңызын атаңыз.

  3. Көрнекілік, жүйелілік, біртін-біртелік, бірізділік, жекелік принциптерінесипаттама жасаңыз.

5 Лекция сабағының тақырыбы Дене шынықтырудың құралдары.




Сабақтың мақсаты: Студенттерге дене шынықтырудың құралдары жайлы мағлұмат беру.


Жоспары:
1. Дене жаттығулары-дене тәрбиесінің ең негізгі ерекше құралы.
2. Дене жаттыуларыың мазмұны, түрлері, техникасы, құрылымы, топастырылуы.
3.Табиғаттың сауықтыру күштері және гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің ерекше құралы ретінде.


Лекция мәтіні: Дене тәрбиесінің кешенді құралдарына дене жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштері мен гигиеналық қозғаушы күштері жатады. Адамның дене тәрбиесінің негізгі ерекшелігі бар (спецификалық) құралы дене тәрбиесінің заңдылықтарына сәйкес пайланылатын қозғалыс әрекеттері, яғни дене жаттығулары болып табылады. Дене жаттығулары гимнастика, ойын, спорт және саяхат түрінде тарихи жинақталып, әдістемелік түрде қалыптасты.
Дене жаттығулары дене тәрбиесінің құралы ретінде шұғылданушылардың белсенді қозғалыс әрекетін қамтамасыз етеді. Дене жаттығуларының сапалы сипаты бірқатар мына психикалық қызметтер жиынтығынан көрінеді: жетілдіруге талаптану, оған жетуге деген әрекеттің мақсаты мен құралдары туралы мағлұматы, берілген жаттығуды орындауға деген ықылас пен ерік-жігер күшінің болуы және т.б.
Дене жаттығуларын дұрыс орындауға қоршаған орта жағдайының әсері және оған бағдар алу, қозғалу мағлұматының, ойлау жұмыс қабілетінің, толқу сезімінің және т.б. болуы әсер етеді. Дене жаттығулары адамның психикалық қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік жасап, оның ойлау (зерде, сана) қызметін жақсартады.
Дене жаттығулары қызығушылық пен сезімді, ерік-жігер мен мінезді дамытып, адамның рухани даму құралының бірі болып табылады. Олар сонымен бірге адамның дене және психикалық қызметінің бірлігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет