Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Сабақты педагогикалық бағалау



бет55/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   147
Сабақты педагогикалық бағалау. Оқытушы әрбір өткізген сабағын бағалауы тиіс. Бұл оның қанағаттану сезімін анықтайтын немесе өз еңбегіне қанағаттанбауын анықтайтын, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге талаптандыратын оның қызметінің бөлінбейтін жағы. Сабақтардың өтілу дәрежесін кезеңдермен оқытушылардың жұмыстарына басшылық жасайтын халыққа білім беру саласының инспекторлары, жалпы білім беретін мектептер мен спорт мектептері директорларының оқу ісінің меңгерушілері де бағалайды. Екі жағдайда да сабақты әділ бағалай білу өте маңызды.
Барлық жағдайдағы сабақ сапасының басты көрсеткіші оның нақты міндеттерін шешу дәрежесі болып табылады. Мұндағы ең жақсы жолы, егер оқу материалын оқушылардың барлығы түгелдей меңгерсе, алайда, әдетте олардың құрамының қабілеті және дайындығы жағынан бір тектес болмайтынын есте ұстаған дұрыс.
Сондықтан барлық оқушылар үшін бірдей оқу материалын үйрету кезінде кейбір оқушылардың оны толық меңгере алмауы сабақтың нашар өткізілгендік белгісіне саналмауы тиіс. Мұнда ең маңыздысы тапсырманы шұғылданушылардың негізгі бөлігі меңгергендігі болып табылады.
Егер оқу материалы тапсырмаларын шұғылданушылардың аз бөлігі немесе барлығы игере алмаса онда сабақ нашар өтілген болып саналады. Мұның себебі, сабақ міндеттері шамадан тыс қиын белгіленген немесе мұғалім әдістемелік негізде кәсіби қабілетсіз немесе оқушылардың шұғылданғысы келмейді. Мұнда соңғысы оқытушының шеберлігіне қатысы жоқ, тәуелсіз кездейсоқ болуы мүмкін (оқушылар сабаққа толқып, көңіл-күйлері болмай келді).
Сабақ міндеттерін іске асыру туралы негізделген үғыну мыналарды талап етеді: а) оқушылардың оқу материалын меңгеру көрсеткішінің айқын, дәл есебі; Бұл есеп орындалатын жаттығулардың сандық нәтижесін өлшеу және әдістерін бағалаудың жәрдемімен немесе дене сапаларының даму деңгейін анықтау үшін тест алу жүйесімен жүргізіледі; ә) бұл мәліметтерді хаттамаға түсіру; б) оқушылардың оқу тапсырмасын орындағандығы және орындамағандығы жайлы арақатынасының есебі. Сабақта оқу міндеттерін шешу дәрежесі туралы соңғы қорытынды жасағанда оның сауықтыру және тәрбиелік маңызын ескеру қажет.
Егер сабақта нақтылы сауықтыру және тәрбиелік міндеттері қойылса, оны шешу туралы пікір міндет талаптарын орындаған оқушылар санының есепке алынуына негізделген болуы тиіс. Нақтылы міндеттер қойылмаған кей жағдайларда сабақтың сауықтыру және тәрбиелік мәні туралы дене тәрбиесі жүйесінің осыған сәйкес принциптерінен туындайтын ережелер мен талаптардың іске асырылуымен пікір айтылады. Жаттығу орнының тазалығын қамтамасыз ету, оқушылардың ағзаларының қызмет мүмкіндіктері мен тұлға сымбатын жүйелі бақылау, адалдыққа, шыншылдыққа, тәртіптілікке және т.б. тәрбиелеу - сабақты жақсы өткізудің белгілері. Кейде сабақтың білім беру міндеттері шешіліп, ал сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері шешілмей қалуы мүмкін. Мұндай сабақты дұрыс өтті деп бағалауға болмайды.
Оқу материлын меңгеру дәрежесі және сабақ сапасы әр түрлі болуы мүмкін: бір жағдайда оқушылар тапсырманы майда бөлшектеріне дейін дұрыс орындайды, ал басқа жағдайда олар қателермен, кемшіліктермен анық емес, сенімсіз орындайды. Мұны сабақты өте жақсы, жақсы, орташа деп бөліп, оқушыларды бағалар кезде есепке алу қажет.
Оқытушының әдістемелік дайындығы сабақты жүйелі жоспармен талдап құруға, оның тығыздығына, жүктемені мөлшерлеп, белгілеу әдістеріне, оқушыларды ұйымдастыруына, жәрдем, сақтандыру және сабақтың басқа жақтарын дұрыс басқаруына мүмкіндік туғызады. Бақылау жоғары деңгейдегі мөлшерлеп, өлшеумен толықтырылуы тиіс. Сабақтың құрылымы туралы жаттығулардың жұмыс қабілеттілік зандылықтарына сәйкестігіне, жекелеген міндеттердің қиындықтары арасындағы арақатынасына қарай, оны іске асыруға бөлінген уақытымен сабақ бөлімдерінің өзара байланысының қисыны бойынша пікір айтылады. Оқушылардың оқу қызметімен және жаттығулар мен шұғылдануларын бақылап, сабақтың тығыздығын анықтайды.
Сабақтың тығыздығын барынша қатаң анықтау үшін сабақ бөліктерінің (түсіндіру, көрсету, кезекте түру және т.б.) уақыттарын өлшеуден тұратын сабақтың жалпы және моторлы тығыздығын шығаратын хронометраж (хронометр - өте дәл жүретін қалта сағаты) пайдаланылады. Жалпы көпшіліктік тексеруде келесі хронометраж әдісі пайдаланылады.
Сабақтың типтік бөліктері (компоненттері) бөлініп, шығарылады (түсіндіру жаттығуларды көрсету, кезекті күту, спорт қондырғыларын орнату және жинау, босқа тұрып қалу және т.б.)- Бақылау жүргізу үшін оқушылардың біреуін сайлайды. Ол оқушының сабақтың бөліктеріндегі қозғалыс-қимылдарын жылжыған секундомер тілімен белгілеп, мәліметтерін хаттамаға түсіреді. Сабақтан соң олардың бәрін қосып, тығыздықтың шамасын анықтайды. Хаттаманың көлденең графасында көрсетілген мәліметтерден басқа сабақтың жекелеген бөлімдеріндегі тығыздығын есептеуге мүмкіндік береді. Хронометраждың жоғары деңгейдегі дәлдігі үшін уақытты автоматты түрде белгілеуге мүмкіндік беретін арнайы аспап пайдаланылады.
Оқытушының жүктемесін мөлшерлеп бөле білуі оқушылардың тапсырманы орындау реакциясымен бағаланады (назар аудару, тыныс алу, беттің бояуы және т.б.). Оқытушының жәрдем беру мен сақтандыруды ұйымдастырудағы әдістемелік сауаттылығының өлшемін оның оқушылармен қарым-қатынастағы нақтылы жағдайдағы жалпы әдістемелік ережелері мен талаптарына сәйкестігі анықтайды. Оқытушы қызметінің сипаттамасы үшін оның сабаққа дайындығы, (жазбаша сабақ жоспары), залдағы тәртіп, сөз, оқушылармен қарым-қатынас мәнері, сыртқы түрі және оны сипаттайтын педагогикалық әдептілігі, өз мамандығына деген сүйіспеншілік, белсенді оқушылар мен ұжым мүшелеріне сүйеніп шығармашылықпен жұмыс істей білуі зерттеледі. Әрбір оқушылар ұжымының оқытушының әрекетінде және бүтіндей алғанда сабақ нәтижесінде көрінетін өз ерекшеліктері бар. Оқушыларды зерттемей сабақты дұрыс бағалау мүмкін емес. Тапсырманы үлгі бойынша орындаудағы барлығының қызығушылығы, әлсіз дайындалған жолдастарына жүйелі көмек беру, сабақ өтілетін орынды дайындау үшін оқытушыға көмектесу, сақтандыру, төрешілік ету, тәртіптілік және басқа да осы тектес белгілер оқушылардың дене жаттығуларымен байсалды, саналы түрде шұғылдануын куәлендіреді. Сонымен бірге кейбір оқушылардың тәртіпсіздігінен, дене дайындықтарының арасындағы үлкен айырмашылықтан, байыпты шұғылдануға талап жоқтығынан жұмыс істеу күрделілене түсетін қиын ұжымдар да болады. Мұны оқытушының әдістемелік дайындығын бағалау кезінде, әсіресе, ол осындай топпен сабақты ауық-ауық өткізеді немесе сабақты жүйелі түрде өткізуді енді бастаған кезінде ескеру қажет.
Сабақты педагогикалык толық талдау және оны жан-жақты бағалау міндеттері, ұйымдастыру және әдістемелік тексеру анық айқындалған, алдын ала өңделіп дайындалған жоспар бойынша іске асуы тиіс (анкета, сабақты талдау картасы). Талдаудың мәліметтері жұмыс сапасын арттыру жолын табу үшін хаттамаға түсіріледі және мұғаліммен тиянақты талданады. Бағалаудың әсерлілігі және өзін-өзі бағалау, талапшылдығы дәрежесіне тәуелді. Екі жағдайда да жоғары талап қоюшылық - педагогикалық шеберлікті арттырудың негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет