Ақтөбе,2023ж. Жоспары: Критериалды бағалаудың теориялық негізі



Дата05.04.2023
өлшемі20,31 Kb.
#79755

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы


БАЯНДАМА
ОСӨЖ-9-10.
ТАҚЫРЫБЫ:”Критериалдық бағалауды сыни тұрғыдан оқыту мәселелері”.
ОРЫНДАҒАН:Кожамкулова Ақерке,ҚТӘ-202.
Ақтөбе,2023ж.
ЖОСПАРЫ:


1.Критериалды бағалаудың теориялық негізі.


2.Критериалды бағалау жүйесі.


3.Оқу мақсаты.


4.Тиімді бағалаудың принциптері.


5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімдерінің сапалылығына, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және әр оқушының оқудағы қажеттілігіне бағытталған.
Бағалау ұғымы латын тілінде «assessio» деген сөзбен беріледі. Оның мағынасы «бірге отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде мұғалім оқушымен «отырады», оқушының рәсімді қолдануы үшін ғана емес, рәсімді онымен бірге және ол үшін өткізеді. Сондықтан, критериалды бағалау жүйесінің негізгі басымдықтары оқушыларды дамыту, олардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, бағаға қатысты қобалжуын, қорқынышын бағалау рәсімдеріне қатыстыру және түсіндіру арқылы азайту болып табылады. Егер анық және өлшенетін бағалау критерийлері болса, әр оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болса бұған жетуге болады. Нақты жасалған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да мыналарды түсінетін болады:
Оқушы оқудың қай сатысында?
Ол өзі оқуда неге талпынады?
Оның оқуда күтілетін нәтижелерге жетуіне көмектесу үшін не істеу
қажет?


«Критериалды бағалау» терминін алғаш Роберт Глейзер (1963) қолданған, ол әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау үдерісін, білім алушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігінің арасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл оқушы әрекетін алдын ала анықталған критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді. Глейзер критериалды стандарттағы бағалаудың басқа оқушылар жетістігіне тәуелділік пен салыстыруға қатысы жоқ екенін, сондай-ақ, әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпараттануға бағытталғандығын атап көрсетті.
Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу, бағалаудың өзара байланысына және оқу үдерісін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге негізделген. (Бойл және Чарльз, 2010). Бұл барлық бағалау элементтері арасындағы өзара байланыс орнатуды, теориялық негіздемені болжамдайды (оқу мақсаттары, бағалау түрлері, құралдары мен нәтижелері).


Критериалды бағалау жүйесі оқытуда әлеуметтік-конструктивистік көзқарасқа сүйенеді. Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы білім беруде ұжымдық, топтық, жеке-тұлғалық оқыту үдерісінде әлеуметтік конструкцияға ерекше көңіл бөледі. Дэвис және Херш (1981) оқытуда сындарлы (конструктивистік) көзқарасы бар мұғалім оқыту мен бағалаудың білім мен дағдыны дамытуға бағытталғанын түсінеді деп есептейді. Білім танымның келісілген аймағы ретінде қарастырылады; оқушы білімді пассивті түрде алуды тоқтатып, сол білімнің «жасаушысы/құрастырушысы» бола бастайды.
Пиаженің (1967) әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясына сәйкес оқушылар қандай дағдыларға қол жеткізді, қолынан не келеді, нені таныды тұрғысынан өз түсінігін қалыптастырған адам ретінде қарастырылады. Оқыту оқушылардың жаңа ақпаратты түсінуін, тәжірибе жинақтауын өзгерту (трансформациялау) үшін қолданылуы қажет деп түсіндіріледі (Выготский, 1966). Бұл оқушылардың өз дағдыларын дамытуына, келешекте рефлексия арқылы абстракциялар көмегімен негізгі қағидаттарды қолдануына мүмкіндік береді (Дарлинг және Вэнворс, 2010).


Оқу мақсаттары оқушылардың ілгерілеуін көрсету үшін тиімді пайдаланылуына болады. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары ерекше маңызды, өйткені олар критерийлерді түсінікті анық және жеңіл формада құрастыруға мүмкіндік береді.
Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары оқушылардың пәнді меңгеруде дамытуы қажет білім мен дағдыларын анықтайды. Осы дамытуды бақылау және күтілетін нәтижелерді анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында Б.Блумның таксономиясы қолданылады. Б.Блум таксономиясы оқу бағдарламаларында негізгі бағыт болып табылады.
Оқу мақсаттарының таксономиясы [Bloom, 1956] ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды:
Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды растау.
Түсіну – материалды бір формадан екінші формаға ауыстыру, материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау.
Қолдану – жаңа білімді, әдістерді және ережелерді басқа түрде (нұсқада) қолдану.
Талдау – біртұтас нысанды, оның болмысын жақсы түсіну және меңгеру үшін ұсақ бөліктерге ажырату.
Жинақтау (синтез) – жекеленген түсініктерді тұтас түсінік ретінде
біріктіру үдерісі. Жаңа үлгіде элементтерді түрлі әдістермен қиыстыру немесе баламалы шешімдер ұсыну арқылы ақпаратты жүйелеу.
Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде нысанның жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.
Таксономиялық тәсіл бағалау критерийлерін оқу мақсаттары ойлау дағдыларының таксономиясы деңгейлеріне сәйкес құрастыруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу және түсіну; қолдану; жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау және бағалау).


Кез-келген бағалау (қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау болса да) анық, сенімді, қолайлы және сыныптағы оқуды ұйымдастыруда жағымды әсер беретіндей болуы қажет.
Мектепішілік бағалауда енгізілген дағдылар мен мақсаттарды қолдана отырып, сабақ беру үдерісінің мазмұнын бағалау үшін дайындалған қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау сенімді болып есептеледі. Қалыптастырушы бағалаудағы оқу мақсаттары оқу бағдарламасында көрсетілген. ІЖБ бойынша тест спецификациясы бағалау барысында барлық оқушыларға бірдей мүмкіндіктер беру мақсатымен дайындалады.
Мұғалім оқушының қалыптастырушы бағалау үдерісінде оқу нәтижесіне жетуі туралы әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа ала отырып шешім қабылдайды және ішкі жиынтық бағалаудағы балдарын балл қою кестесіне сәйкес қояды. Бұл бағалау түрлерінің сенімділігін қамтамасыз етеді, тоқсан аяғы мен оқу жылының аяғында қойылған бағаның барлық оқушыларға бірдей қолданылған жалпы критерийлер негізінде және сенімді түрде жүргізілгенін көрсетеді. Басшылықта сипатталған балл қою кестесі мен модерациялау оқушы мен мұғалімді оқу мен оқыту үдерісінде қолданылатын ҚБ мен ІЖБ-дың сенімді нәтижелері туралы тиімді ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі мұғалімнің сыныптағы жұмысын қолдауға, оқыту үдерісіне оң әсер беруге бағытталып жасалған. ҚБ, ІЖБ және СЖБ-дың нәтижелері мұғалімге өзінің өткен сабағына ой жүгіртіп, рефлексия жасауға және кейінгі сабақтарын тиімді түрде жоспарлау үшін қолданылған әдіс-тәсілдерінің қаншалықты тиімді болғанын, болашақта неге басым назар аудару керектігін анықтауға мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.“Қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалауға арналған басшылық”,Астана,2015ж;
2.”Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы” оқу-әдістемелік құрал,Астана,2017ж;
3.”Критериалды бағалаудың моделі”.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет