Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


Табанға түсіп и болды, –деп ел мүддесін ойламайтын жандардың қолының билікке жетіп, қарапайым халықтың езгіге түсе бастағанын ашына бейнелейді



бет36/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

Табанға түсіп и болды, –деп ел мүддесін ойламайтын жандардың қолының билікке жетіп, қарапайым халықтың езгіге түсе бастағанын ашына бейнелейді.


Ресей отаршылдары елдің жерін, билігін алып қана қоймай, елге рухани жағынан да бүліншілік әкелгені, қазақтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінің есепке алынбай, зорлық-зомбылықтың көбейгені, алауыздық көбейіп, азып-тозуға әкеле бастағаны ХІХ ғасырдағы “Зар заман” әдебиетінің көрнекті өкілдері болып саналатын Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір шығармаларында кең көрініс тауып бейнеленген болатын. Еліміздің Оңтүстік өңіріндегі осы құбылыстың іске асыуы Құлыншақ, сонымен бірге Майлықожа шығармаларында да едәуір кең көрініс тапты. Кеңестік идеологияның ықпалынан бұл ақындардың осы тақырыптағы шығармалары кеңес дәуірі кезінде жарияланбады.
Елдің бірлігін, халықтың болашақтағы жайын ұмытқан биліктегілер бұл жағдайларды, туыстық, халықтың ұғымдарды еске де алмай зорлық-зомбылық жасайтындығын ақын “Пенденің көп-ті күнәсі” деген толғауында:
Бір жұмыс түссе басыңа,
Айдаушысын ертіп кеп,
Баса-көктеп үстіңнен
Шығарады үкімді.
Олар білмей барады
Алыс пенен жақынды,

Тентек пенен мақұлды, -


деп әділдікті, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты ажыратып жатпайтындығын да айтып өтеді. Ақын Шортанбайша заман туралы да ой қозғап:

Ойлап тұрсаң пенделер

Қиямет-қайым жақын-ды, - деп болжалды ойларын да айтады. Дулат, Шортанбай, Мұрат ақындарша заман күйін, ел болашағын толғай білуі Құлыншақ ақынның да өз заманының ең күрделі мәселелерін көре білген кең құлашты, ойлы ақындардың бірі болғандығын толғаулары айқындай түседі.


Құлыншақ ақын шығармашылығында арнаулары да үлкен орын алады. Ақын өз заманындағы сол өлкенің белгілі адамдарына арнап өлеңдер шығарып, олардың әр түрлі іс-әрекеттерін, мінез-құлқын шығармаларында бейнелей білген. Ақын өз заманының атақты адамдарының үлгілі істерін, өнегелі әрекеттерін ежелгі дәстүр бойынша мадақтап та отырған. Мысалы, заманында батырлығымен, әділдігімен аты шығып, елге танымал болған, намысқой, Қарартау өлкесінің теріскейіндегі Үштөбе, Жартытөбе деген құнарлы жерлерін өз жұртына қоныс етіп қалдырған, жаудан беті қайтпаған Жаманқара батырға арнаған мадақ өлеңінде оның ерлік, батырлық тұлғасын:
Жарқырап шығып еді дабыстарың,
Өзіңе пар келмейді алысқаның.
Тор темір түрмесінде жатсаң-дағы
Терісі тесілмеген арыстаным,- деп бейнелейді.
Құлыншақтың әлеуметтік мәні зор өлеңдерінің бір тобы осы жеке адамдарға арнаған сыни арнаулары. Ақын арнаулары тек мадақтық сипатта ғана емес, сыншылдығы да айқын көрініп отырады. Арнауларының өзіндік бір ерекшелігі - оларда сын, мысқыл ерекше байқалатындығында. Ақын өз тұсындағы зорлықшыл, қиянатшылдарды, дүниеқорлар мен сараңдарды, бәлеқор жандарды өлеңмен өткір сынға алып, масқаралап отырған.
Құлыншақтың бұл сипаттағы өлеңдері аз болмаған сияқты. ¦мытылмай бізге жеткен арнаулары “Оңдыбайға”, “Дүйсенбіге”, “Қисыққа”, “Көлбайға” т.б. сол сияқты өлеңдері.
“Оңдыбайға” арнау өлеңінің туу тарихын зерттеуші ғалым Р. Бердібай былайша : «Оңдыбай – қырды жайлаған болыс екен. Соның аулына бірде Құлыншақтар жолаушылап барса, болыстың әйелі қонақтарды қораш көріп дұрыстап күтпейді... Болыс әйелінің өнегесіздігіне намыстанған ақын кетерінде «Оңдыбайға» деп үш-төрт ауыз өлең жазып қалдырады» деп жазады. Ақын болысқа әйелінің көргенсіздік, өнегенсіздік мінезін, болысқа оның тең еместігін айта отырып, атына абырой әкелмейтін жаман мінезін:
… Есектен не туады айғыр шапқан ?
Жылтыраған бетіне әуес болмай,
Адамның баласын ал, кісі баққан.
Қызарған не қыласың беттің нұрын,
Салады көрген жігіт көздің қырын,-
дей келіп, бұл өлеңнің шығу себебін де айтады.
Болысеке, бұл өлең қайдан шықты?
Үйіңде бесінде ішкен шайдан шықты.
Сабада сапырулы қымыз тұрып,
Күбіден айнып кеткен айран шықты.
Қайыр-қош, болысеке, көргенімше,
Бұл қорлық естен кетпес өлгенімше.
Қос-қоржын арқалап құрыған жақсы,
Итке артып аттың қосын жүрегінше,- дейді ақын.
Кейін бұл өлеңді оқыған Оңдыбай болыс қатты намыстанып, әйелін төркініне көшіріп жіберген екен деседі.
Қазақтың қонақжайлық қасиетін, дәстүрін берік сақтауында ақындардың осындай өткір айтқан өлеңдерінің де үлкен мәні, өзіндік орны, әсері болған. Ақындардың сөзі, өлеңі ел ішіне тез, кең тарайтындықтан көпшілік оны есте ұстап, өзіне келер сөз бен сыннан қаймығып, өздерінің кемшіліктерін түзеуге әрекет етіп отырған. Осындай жайтты ақынның кезінде Қаратау өңіріне аты шыққан, белгілі Дүйсенбі датқаға айтқан арнауынан да байқаймыз. Дүйсенбі датқаның әлсіздерге жасаған зорлығын ақын өткір тілмен әшкерелейді.
Әлсізге азғана күн амалдайсың,
Жақсылық бұл кейіпіңнен таба алмайсың.
Жеріңе ерегіскен қап-қара боп,
Бұлттай жауатұғын табандайсың,- дей келіп датқаның елге істеген зәбір-жапасын, елді жылатып жүргенін бетіне баса айтады. Осындай туралығы мен өткір, сыншылдығынан кезінде ақынның өзі де зардап шеккендей. Ақынның сөз сүйегіне жеткендей болған Дүйсенбі датқа ақынды біраз қуғынға түсірген сияқты. Оны ақынның:
Тізесі Дүйсенбінің маған өтті,
Қайсысыңды мендей қуып еңіретті?-
деген өлең жолдарынан аңғаруға болады.
Ел аузында сақталып жеткен Көлбай болысқа арнау түрінде шығарған өлеңінің туу тарихы туралы деректер бар. Бірде ақын болыс үйіне қонақ болып келгенде өзіне лайықты күтім көре алмайды. Осыған намыстанған Құлыншақ кетерінде өлең шығарып, оны хат түрінде қалдырып кетеді. Ол өлеңінде:
Ауылдан шыққан күні Көлбай қондық,
Десе дағы “Көлбай жоқ”, болмай қондық.
Ішкеніміз қатықсыз қара көже,
Тақыр жерге иірген қойдай болдық ,- деген екен.
Ақынның Көлбайға шығарған туындыларының енді бірі “Мазақ қылма, Көлбайым” деп аталады. Құлыншақ болыс үйіне тағы бір келгенінде Көлбай болыс ақынды сыйлап күтудің орнына мазақ сөздер айтқан екен. Осы қылығына байланысты ақын:
Ауылға келген жыршыны,
Мазақ қылма, Көлбайым,
Мазақ қылсаң Көлбайым,
Сенің әкең Жұмабай
Шылбырдан өлген кісі еді.
Кетерсің болып сондайын,- деп шындықты айтудан тайсалмайды. Көлбайдың әкесі Жұмабай кезінде елге жасаған қиянаттары үшін үйдің шаңырағына асып өлтірілген деген әңгімені болыстың бетіне салық етіп айтады.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебитінен өздерінің дәулеті мен мансабы арқылы елге біршама аты белгілі болған адамдардың өзін ақындарға мақтатып, жақсы аттарын ақын сөздері арқылы жұртқа жария етуді тәсіл еткен, сонымен бірге өлеңмен жамандатып та ақынның ақындық қасиетін, батылдығы мен өткірлігін байқап отыратын дәстүрінің болған. Оны Баймағамбетке Шернияз ақынның, Тезек төреге Сүйінбайдың, Бақтыбай ақынның, Рүстем төреге Жанақ ақынның, Майлықожаның Ахмет төреге айтқан өлеңдерінен көреміз. Осы құбылыс Құлыншақ ақын шығармашылығында да бар. Тәкаппар, содыр мінезді, Батыр Қисық баса-көктеп кірген Құлыншақ ақынның басын қылышпен алмақ болады. Ақын сонда қорықпай тіл қатып Қисықты тоқтатады. Оның сынынан өткен ақынға өзін мақтауды талап етеді. Сонда ақын Қисық батыр келбеті келмеген, түрі сиықсыз жан болса да оны алтын тақта отырған патшаға балап мақтай:
Жақсыға анық тартып туып едің,
Жақсылық туғаннан-ақ қуып едің.
Даңқыңды Алатаудай естіген соң,
Көруге дидарыңды келіп едім.
Іліндің атақ жастан сөйлер сөзге,
Көріндің адам болып көрер көзге.
Мақсұдың Алла тағала бергеннен соң
Міндіңіз алтын таққа осы кезде.
Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың,
Құдайым аямасын берген бағын.
Бұл күнде ел билеген батыр бопсың
Зейінмен ажыратып істің ағын,- дейді ақын.
Мадақ сөзге риза болған Қисық ақынды байқау үшін енді өз бойындағы міндері болса соны қорықпай, жасырмай айтуды талап етеді. Сонда ақын батырдың ұнамсыз кескін-кейпін, бірбеткей тік мінезді адам екенін, тегі де оңды емес екендігін былайша әшкерелейді:
Болар ең жылқы болсаң, кәті ғана,
Мінетін бір сорлының аты ғана.
Қаңғырып кебек іздеп жүргеніңде
Көсеумен сабар еді қатын, бала
Қой болсаң, болар едің тоқты ғана,
Сары ала бөксе жағың боқты ғана.
Үйіне жалғыз мейман келе қалса,
Соятын сол мейманға епті ғана.
Болар ең ешкі болсаң, қотыр ешкі,
Шалбардай жұртта қалған бетің ескі.
Мақтанба көрмегендей Қисық батыр,
Әкең де құлшылықпен күнін кешті.
Тәрізің бақсы ұстаған қобыздай боп,
Пішінің жаман екен доңыздай боп.
Қатының таңдап алған сұлу екен.
Қойнына жатамысың қоңыздай боп!
Ащы да болса шындықты айтқан Құлыншақтың батырлығын, айтқыштығын танып, риза болған Қисық батыр ақынға сый-сияпат көрсеткен екен.
Құлыншақ ақынның бізге жеткен арнаулары оның өткір тілді батыл ақын болғандығын дәлелдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет