Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет35/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72

Енді қалып барасың


Бірігіп басың жүргенен,
Жанның бәрі жарлы боп,
Жалғыз жан жоқ күйге енген,
Ауқатты байлар әлсіреп,
Жақынына күйгеннен , - деп бейнелейді ақын.
Зорлықшыл заман ықпалының қарапайым жандарға ауыр тигені де ақын назарынан қалыс қалмайды. Ақын:
Момынның көңілі толы жас
Зәлімнің көңілі семірді, - дей келіп:
Кісісымақ ысқырып
Есігіме тебінді.
Қадақ болған кісідей
Ала алмай жүрмін кегімді.
Жансар болған жыландай,

Киреңдетті белімді, - деп күрсіне де күйіне толғанады. Құлыншақ ақын заман адамдарының бойындағы өзгерістерді:


Шашын қойды жігіттер.
Жаулықсыз көрдік келінді.
Сүйгенімен боп кетер,
Шырайлы қыздар келімді.
Қараңғы түнмен қыз кетіп,
Сұрамас ата, тегіңді, - деп бейнелей келе:
Бүйте берсе бұл заман
Таяқ алып ақтайсың,
Кейінгі қалған ұрпақтар
Атаңның мынау қазалын
Бәрін де оқып жатпайсың, - деп болжалды ойларын жырына қосады.
Ақын қазақ елінің Ресейге бағынышты болып өз еркінен, құнарлы да шырайлы жерлерінен айырылып қалған мүшкіл халін былайша бейнелей келіп:
Падишамыз орыс-ты,
Күннен күнге қылып тұр.
Көңілдегі жоқ істі.
Қадаулы ағаш, тартқан сым.

Қазақтан алды қонысты, - деп жасалған қысымшылық пен жерден салынған салықтардың да халыққа ауыр тие бастағанын:


Қазынаға қарыздар
Халық көбейді борышты, - деп ойын айқындай түседі.
Халықтың мұңын мұңдап, сөзін сөйлеп, жоғын жоқтайтындарды билікке жақындатпай, айтқанды орындағыш, өздерінің ырқынан, айтқан сөздерінен шықпайтын адамдарды жандайшап етіп қызметіне жүргізу отаршылдардың бұрыннан келе жатқан тәсілі. Ресей отаршылдары да осы саясатты тәсілді өз мақсаты жолында үнемі қолданып отырған. Отаршылдық мақсатты іске асыруда жүргізілетін әрекеттердің бастыларының бірі халықты рухани күйреуге, тозуға ұшыратып құлдық психология орнату болса, бұл саясат ХІХ ғасырда бұратана елдерге арнаулы бағдармен жүргізілгені белгілі. Осы іс-әрекеттіңң халық арасындағы зардап көріністері де Құлыншақ ақынның назарынан тыс қалмайды. Ақын оны өлеңдерінде:
Маубас өгіз секілді,
Не көрімдер би болды.
Мұсылманның баласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет