Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


Әдебиеттегі отарлық езгіге қарсы сарын



бет8/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

Әдебиеттегі отарлық езгіге қарсы сарын. Зар заман ақындарына тән ортақ қасиеттер туралы М.Әуезов: «Бұлардың сөз қылған жайлары басқа-басқа сияқты болып, атаған емдері де әртүрлі болғанымен, барлығының басын қосатын ортақ жері бар. Ол ортақ жері: заман халінің қайғы-сынан туатын өкініш, зар; өткенді ойлап, күрсініп, сағынып, қазіргіден қажып, торығу, алдыңғыдан қорқу, сондықтан ыңы-ранып, зарланып, зарығу» [2,195 б]деген еді. Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы зар заман ақындарының қайрат-керлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзия-сымен үндесіп жататын өршіл рухпен қатар зар заман ақын-дарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарынының байқалуы да заңды құбылыс. Бұл кезең ақын-дары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шыға-тын жол таппай қиналады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – әлемет апат, жер бетіндегі нәрсенің тып-типыл болуы емес, отаршылдықтың уысына мықтап түскен ұлттың күйреуі сипа-тындағы ақырзаман. Зар заман ақындары отаршылдықдықтың белең алуынан бастап қайраткерлік биікке көтерілді. Ақындар бар қажыр қайратын жұртының санасын оятуға жұмсады. Олар ел басына төніп келе жатқан қатерді, зорлық – зомбылықты, алдын – ала түсініп, одан келер зардаптарды күнілгері тайға таңба басқандай айтып берді. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кей-бір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің келмеске кетіп бара жатқанына қынжылып, өздерінің өткір сөз-дерімен де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқи-ғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды.
Бұл жайында ғалым Б.Омаров: «Ұлт менталитеті – отар-шылдыққа қарсы жырлардың негізгі ұстыны. Басқыншылар елді ойрандап, езгіге ұшыратқан тұста поэзиямызда ұлттық иммуни-тет бой көтерді. Ол елдің барлық бөлігін қамтыған жаппай қар-сылық жырларына қозғау салды. Бір-бірін өмірінде көрмеген ақындар бір уақытта, бірдей сарынмен үн қатты. Сол арқылы қазақ поэзиясында отаршылдық дәуірдегі қазақ ұлтының қасі-ретнамасы жасалды» [19]. деп жазды.
Осы сынды ақындар туралы В.Радлов: «Мұндай кітап өлеңді шығарушылар – моллалар, сауатты қазақтар. Олардың сөз оралымдарында исламның, кітаби тілдің әсері, табы айқын сезіледі» деп, орынды пікір айтқан [20, Б. 18].
Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешек өмірді көрегендікпен көре біліп, алдағы күндерде ел жағдайын анық бейнелеп айтуы. Бүгінде олардың айтқандары расқа шығып отырғанын көреміз. Кеңестік дәуір кезінде аталған ақындардың шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Соған қарамастан зар заман ақындарының шығармашылығы әр жылдарда зерттеу нысандарына айналып отырды. 1978 жылы Ленинград қаласында М.Мағауиннің құрастыруымен «Поэты Казахстана» жинағында зар заман ақындарының отаршылдыққа қарсы айтылған бірқатар өлеңдері жарияланды.
Сонымен бірге зар заман ақындары қазақ поэзиясын, дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, көркемдік жағынан байыта түсті. Ұлттық поэзиямызды мазмұны жағынан байытуға өз үлестерін қосты. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешек өмірді көрегендікпен көре біліп, алдағы күндерде ел жағдайын анық бейнелеп айтуы. Бүгінде олардың айтқандары расқа шығып отырғанын көреміз. Кеңестік дәуір кезінде аталған ақындардың шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Соған қарамастан зар заман ақындарының шығармашылығы әр жылдарда зерттеу нысандарына айналып отырды. 1978 жылы Ленинград қаласында М.Мағауиннің құрастыруымен «Поэты Казахстана» жинағында зар заман ақындарының отаршылдыққа қарсы айтылған бірқатар өлеңдері жарияланды.
Сонымен бірге зар заман ақындары қазақ поэзиясын, дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, көркемдік жағынан байыта түсті. Ұлттық поэзиямызды мазмұны жағынан байытуға өз үлестерін қосты.
Ғалым М.Мырзахметов бұл жөнінде: «Ол отаршылдық саясаттан туындап отырған ел билеу жүйесіндегі әділетсіздікке қарсы батыл үн қатқан ақындар поэзиясындағы басты сарында жатыр. Поэзиямыздағы басты сарын-отарлаушы әкімдер жүр-гізіп отырған қатыгез саясат пен ел билеуші жергілікті сатымпаз атқамінерлердің отаршылдармен тіл табысып, ортақтасқан әре-кетіне қарсылықтан туындап жатқан табиғи наразылықтың кө-рінісі демеске болмайды» деген еді [8,183 б].
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құн-дылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халық-тың жай күйін ойлаған ұлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт-дәстүрлерді қабығы бұзыл-маған қалпында сақтауға, ұлттың – бітімімен ажырамауға үн-дейді. Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метро-полиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мұрат сияқты «зар заман» ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ға-сырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынай-ды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар , шер әбден күнәға батқан «замандастарының құлағына» жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсылас қозға-лысы зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет