Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет10/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

3. Лекцияның мақсаты: Әдебиеттегі дәстүр мен заман жайына байланысты туған шығармалардағы жаңа бағыттар, ақындық дәстүрдің өркен жайып, өсуіне себеп болған тарихи жағдайды айтып, әдебиеттегі жаңа түрлер мен, жанрлардың дүниеге келуі жайлы мәлімет беру
Ресей отаршылдығындағы езілген елдің санасына қозғау салған ақындар мұрасы сол тұстағы өзекті мәселелерді дер ке-зінде көтеруімен ерекшеленеді. Арысы Асан қайғыдан басталған отаршылдыққа қарсы күрес ақындар шығармаларында заңды жалғасын тапқандығы талдаулардың нәтижесінде тұжырымдал-ды. Қазақ әдебиеті тарихында «зар заман» әдебиетін зерттеу-шілер ақындар мұрасына соқпай кетпейтіндігі ғылыми тұрғыда тұжырымдалды. Жоғарыда сөз болған мәліметтердің бәрі де елі-міз егемендік алғаннан бері ақындар мұрасына біршама көңіл бөлінгендігін байқатты. Соңғы жылдары жазылған үлкен-кішілі зерттеулер мен көпшілік мақала, естеліктерге сүйене отырып ақындардың өмір жолы анықталды. ХХ ғасыр басында өмір сүрген Алаш қайраткерлері тәрізді зар заман ақындары да сол тұстағы Ресей патшасының боданына ұшыраған елдің бас бос-тандығын, азаттығын ойлап зар иледі. Сондықтан да олардың шығармаларында мұң, зар басым еді. Отарлаудың адам төзбес зардаптарына куә болған ақындар, қазақтың өз жерінен айырыла бастауына төзе алмады. Олар ел ішіне келген әрбір жаңалыққа үрке қарады. Олардың ХІХ ғасыр поэзиясында ұлт-азаттық күрес тақырыбына баса назар аударған, халқының тәуелсіздігін жырлап өткен ақындар екендігін көрсету мақсатында мұралары жан-жақты қарастырылды. Кез келген туындының басында жеке тұлға тұратыны белгілі. Ал, жеке тұлғаның адамгершілік кел-беті, ерекшеліктері, рухани қазыналарды игеруі, қарымының қа-лыптасып, қаламының ұшталуы мен ойының ұшқырлық тауып үйлесіп отыруы өзі өмір сүрген ортасының барлық қиыншы-лықтарымен тұтастықта алып қарағанда айқын көрінеді. Сон-дықтан да зар заман ақындары өмір сүрген дәуір мен замана көрінісін бірлікте ұстай отырып беру басты мақсатымыз болды. Осы мақсат үдесінен шығу барысында ақындар өмір сүрген заман көрінісін тарих деректеріне, мұрағат құжаттарына, қалам-герлер еңбектеріне сүйене отырып талдап, таразылауға мүм-кіндік алдық. Соның арқасында, ақындар туралы айтар ойымыз тың деректермен үнемі толығып отырды. Ақын жанының ай-қайы – елдің тәуелсіздігі жолындағы ащы айқай болатын. Бұл сипаттарды өмірдің ақиқатына салған ақын оны шығарманың мазмұнына айналдырып, мазмұн мен түрдің үйлесімін жасай білді. Мұны жай ғана баяндап қоймай әдеби көркемдеу құрал-дары арқылы, образды сөздердің үстімен көрсетуге тырысты. Ол үшін бір оқиғаны беруде бірнеше көркемдіктерді қатар пай-даланып нағыз көркемсөз шебері екенін танытты. Әсіресе, елдің экономикалық өзгеріске ап дегеннен үйреніп кете алмай тосын дүниедей қарауы, ақын ойымен дәл де анық сипаттталады. Базар саясатының, нарық заманның қулығы мен тапшылығы қара-пайым халықтың күйзелісіне әкелгенін білеміз. Бірақ бұл құбы-лыс ақындар шығармашылығына үлкен серпілісті, тың тақы-рыптар мен суретті, әдемі көркемдікті, тілдік, троптық өзгеше-ліктерді әкелді. Соның бәрінде де ақынның психологиялық ой иірімдеріне түсіп кетуіне, сезіміне әсер етіп, көңіл күйіне ай-тарлықтай салмақ түскенін байқаймыз. Зерттеу барысында ке-ңестік дәуірдің алғашқы жылдарында І.Жансүгіров, М.Әуезовтің оң пікіріне ие болған А.Барманбекұлы мұрасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бері біршама сөз болғаны анықтал-ды. Қазіргі таңда Асан ақынның еңбектеріне әділ баға беріліп, зерттеу нысанына да алынып жатыр. Ақын өлеңдері «Қазақ поэ-зиясының антологиясы» сынды ірі басылымдарға ене бастауы-ның өзі оның шығармаларының өміршеңдігін танытады. Қолға түскен мәліметтер негізінде шығармашылық өмірбаяны нақты-ланып, отбасылық өмір деректеріне шолу жасалды. Зар заман ақындарының соңғы өкілдерінің бірінен саналып жүрген Албан Асан туындыларының қоғамдық сананы ілгерілетуге, рухания-тымызды дамытуға жасаған ықпалын анықтаудағы еңбектерінің әдебиет тарихында алар орны белгіленіп, көрсетілді.Өзінің ал-дындағы Асан қайғы, Бұқар жырау және XІX ғасырда өмір сүрген қазақ әдебиеті тарихында өзіндік өрнегі мен орны бар ақындар Шортанбай, Дулат, Мұрат, Әбубәкір сонымен қатар көршілес жатқан қырғыз ақындары шығармаларымен бірлікте қарастырылып, салыстырыла, салғастырыла берілді. Сонымен бірге «зар заман» ақындары аталып жүрген бірқатар ақындармен Асан ақын еңбектерінің арасындағы үндестік, үйлесім-дерін есепке ала отырып, салыстыра, салғастыра қарастыруға күш салдық.
Жетпіс жыл бойы жүргізіліп келген солақай саясаттың салқыны ең әуелден тарихымызды бұрмалаумен басталды десек артық айтқандық емес. Қазақтың тарихы, елдігі, мемлекеті бол-мады деген жабайы, анайы ұғыммен қаруланып келген халық-тың санасына Ресейге қосылғаннан кейін ғана жарық күндер басталды деген сенімді ұялатып, жолдан адастырып келген ұстанымның тамырына балта шабылды. Бұл күнде қолға түс-пейтін мұрағат деректерін қарап шығуға мүмкіндік алдық. Еңбегімізде тарих деректеріне сүйене отырып, ақындар өмір сүрген заман келбетін шыншылдықпен ашып көрсетуге тырыс-тық. Мұрағат деректерін өз керекті жерінде пайдаланып отыр-дық. Келешекте халқымыз рухани сауығып, үлкен мұраттар жо-лында мақсаттарына жетсе деген тілек ұшан-теңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет