Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет28/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
 
7. 
"Қазақстан-2050"  Стратегиясы -  2012  жылы  желтоқсанда  Мемлекет 
басшысының  ел  халқына Жолдауында таныстырылды.  Оның  басты  мақсаты  –  мықты 
мемлекеттің,  дамыған  экономиканың  және  жалпыға  ортақ  еңбектің  негізінде  берекелі 
қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. 
Бұл  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін,  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы  жеті 
ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады: 
1. 
Жаңа  бағыттың экономикалық  саясаты –  пайда  алу,  инвестициялар  мен 
бәсекеге  қабілеттіліктен  қайтарым  алу  принципіне  негізделген  түгел  қамтитын 
экономикалық прагматизм; 
2. 
Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау; 
3. 
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке 
жауапкершілік; 
4. 
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен 
қайта даярлаудың негізгі бағдары; 
5. 
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; 
6. 
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен 
аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 
7. 
Жаңа  Қазақстандық патриотизм –  біздің  көп  ұлтты  және  көп  конфессиялы 
қоғамымыз табысының негізі. 
ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері: 
1. 
Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі 
2. 
Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік 
3. 
Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер 
4. 
Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы 
5. 
Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік 
6. 
Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы 
7. 
Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция 
8. 
Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық 
9. 
Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы 
10. 
Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет