Лекция тезистері


Дәріс № 15. Ортақ болашағы бар ұлттың  қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет67/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Дәріс № 15. Ортақ болашағы бар ұлттың  қалыптасуы 
(2 сағат) 
1.«Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. 
2.«Мәңгілік елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру 
идеясының  пайда  болуы;   ұлттық  мемлекетті  қолдау  үшін  күрестер; халықты 
қорғаушылардың қасіреті.   
3.Мәңгілік елдің құндылықтары. 
4.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру міндеттері». 
5. ХХI ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесі. 
6. «Ұлы Даланың жеті қыры». 
1. 
2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті 
халыққа жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа 
саяси  бағдарын  жария  еттім.  Басты  мақсат  –  Қазақстанның  ең  дамыған  30  мемлекеттің 
қатарына қосылуы. Ол  – «Мәңгілік Қазақстан»  жобасы, ел тарихындағы біз  аяқ басатын 
жаңа дәуірдің кемел келбеті», – деп атап өтті. Бұл орайда елең еткізген жаңалық – тұңғыш 
мемлекеттік  ресми  идеология,  яғни  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  жариялануы.  Бұл  – 
Қазақстан  Республикасының  ұлттық  идеясынан  келген  түйін-тұжырым.«Мәңгілік  ел  – 
түрік  жұртының  данагөйі,  үш  бірдей  қағанның  кеңесшісі  болған  атақты  Тоныкөк  (Тұй-
ұқық)  негізін  қалаған  идея...»  –деп  жаздытүркітанушы-ғалым  Қ.  Сартқожаұлы.  Елдің 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  геосаяси  және  ішкі,  сыртқы  қорғаныс  шеңберін  жасап, 
мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің 
бас ұранына айналуда. 
«Қазақстан-2050»  Стратегиясын  жүзеге  асыруда  үлкен  жауапкершілікті  мемлекет 
құрушы  ұлт  ретінде  қазақ  халқына  жүктей  отырып,  Президент  тек  мәдени  кодты  сақтай 
отырып  қана  (тіл,  руханилық,  салт-дәстүрлер)  уақыттың  сын-қатерлеріне  жауап  қайтара 
алатынымызға  баса  назар  аударды.  «Егер  ұлт  өзінің  мәдени  кодын  жоғалтса,  онда  ол 
ұлттың  өзі  де  жойылады».  Тек  тағылымды  тарих,  ата-бабалар  даңқы  ғана  қазіргі  уақыт 
қиындықтарын  жеңуге  мүмкіндік  береді»,–деген  құнды  пікірі  ата  салтымызды  сақтауға, 
туған  жер  мен  ел  алдындағы  парызымызды  ақтауға  шақырады.  Осыған  байланысты 
көптеген ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір сүреді және ұлттар сол үшін өзінің 
жеке  «мені»  үшін  күреседі,  онсыз  ұлт  туралы  пікірдің  болуы  да,  оның  болашақтағы 
тарихи  өмірі  туралы  да  сөз  қозғаудың  өзі  мүмкін  емес  деген  пікірлері  орынды.Н.Ә. 
Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  (17  қаңтар, 
2014  ж.),  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  жол»  (11  қараша,  2014  ж.)  атты  Жолдауларындағы 
«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  қалыптастыру  туралы  ой  отандық  саясаткерлер, 
философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясы  біздің  көне  түркілік  дүниетанымымызды,  болмысымызды, 
көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта жаңғыртудың, елімізді 


108 
 
алдыңғы  қатарлы  қуатты  мемлекеттер  қатарына  жеткізудің  идеялық  кепілі  болып 
табылады.  Нақтырақ  айтқанда  ол  қазақ  елінің  жарқын  болашағын  білдіре  отырып, 
Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат –
мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. «Мәңгілік Ел» – ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, 
экономиканы нығайту,халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің 
дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының 
жаңа кезеңі. 
Мәңгілік  Ел  ұлттық  идеясының  негізгі  мәні  –  мәңгілік  мақсат-мұраттарымыз  бен 
мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ  халқы мен өзге 
де  ұлттардың  ұлттық  идеяларын  бір  арнаға  тоғыстыратын  идеология  арқылы 
қалыптастырылатын  қазақтың  ұлттық  мемлекеті.Мәңгілік  Ел  отандастардың  бірегей 
тарихи  мақсаты  мен  қаһармандық  ұраны  десек  қателеспейміз.  Аталған  идея  қазақ  елінің 
ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі 
мен  тынымсыз  шығармашылығының  нәтижелері  арқылы  қол  жеткен  асу.  «Мәңгілік  ел» 
ұғымын  тереңнен  түсіндіру,  тарихи  негіздерін  көрсету  мәселелері  маңызды  болып 
табылады. 
«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  басты,  негізгі  іргетасы  бірлік  екенін 
ұмытпағанымыз  абзал. Бірлік  – ол елдің рухани бірлігі, халықтың  мәдени, тілдік, ділдік, 
ақпараттық  кеңістікке  деген  бірлігі.  Қазақстандықтардың  әлеуметтік,  мәдени,  рухани 
бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс. 
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет болып қалуымызды 
қуаттайды,  халқымыздың  өз  тамыр-тегін,  ұлттық  рухы  мен  өзіндік  бірегей  даму  жолын 
сақтауға,  әлем  қауымдастығында  өз  рөлін  айқындауға,  тарихи-мәдени  құндылықтарды 
мұқият  сақтап,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуге,  адамгершілік  бағдарды  қалыптастыруға, 
дамытуға,  қоғамның  зияткерлік  әлеуетін  күшейтуге  үндейді.  Сондай-ақ  «Мәңгілік  Ел» 
ұлттық  идеясы  жас  ұрпақты  өз  отанына  деген  сүйіспеншілік  пен  патриотизмге,  ұлттық 
салт-дәстүрге,  руханият  пен  мәдениетке  құрмет  сезіміне  тәрбиелеуді  талап  етеді.  Сол 
себепті  жас  ұрпақты  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясына  тәрбиелеу  бүгінгі  күннің  ең  өзекті 
мәселесі. 
«Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп 
ғасырлық  арман-мұратына,  ел  дамуының  нақты  нәтижелеріне  негізделген.  «Мәңгілік 
Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:  
 1)  өз  барабарлығын,  өз  тамыр-тегін,  өз  ұлттық  рухы  мен  өзіндік  бірегей  даму 
жолын сақтауға;  
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;  
3)  тарихи-мәдени  құндылықтарды  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу  үшін  сақтауға 
мүдделілікке;  
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа 
Оның  басымдықтары  –  дәстүрлі  құндылықтарды  қолдау;  ұлттық  барабарлықты 
анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік 
әлеуетін күшейту. Негізгі өлшемдер – гуманизм мен әділеттілік, әлеуметтік-адамгершілік 
прогресс болмақ. 
«Мәңгілік  Ел»–  Қазақстанның  әлемнің  ең  дамыған  30  елінің  қатарына  кіру 
стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама. 
«Мәңгілік 
Ел» 
ұлттық 
идеясы 
 
маңызды 
құраушыларын 
(этносты 
қалыптастырушылық,  азаматттық  және  жалпымемлекеттік),  сонымен  қатар  Мықты  және 
Қуатты  Қазақстан  мемлекетін  құруда  басшылыққа  алынатын  «Қазақстан  –  2050» 
Стратегиясының негізгі алты бағыттарын негізге алады: 
Бірінші.  Жаңа  қазақстандық  патриотизмге  тәрбиелеу.  Жаңа  қазақстандық 
патриотизм  –  бұл  этникалық  айырмашылықтардан  тыс  бүкіл  қоғамды  біріктіруі  тиіс 
барлық мүмкіндік.  


109 
 
Екінші.  Барлық  этностар  азаматтары  құқықтарының  теңдігі.  Біз  барлығымыз  тең 
құқықты  тең  мүмкіндіктерді  иеленген  қазақстандықтармыз.  Біздің  жерімізде  бейбітшілік 
пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.  
Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл 
саясаты  қазақ  ұлтын  біріктіруші  басты  факторлардың  бірі  болып  табылады.  Қазақ  тілі  – 
біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.  
Төртінші.  Мәдениетті,  дәстүрлі  және  даралықты  қайта  өркендету.  Дәстүр  мен 
мәдениет – ұлттың генетикалық коды.  
Бесінші.  Ұлттық  зиялы  қауым  рөлін  көтеру.  Зиялы  қауым  қалыптасқан  мемлекет 
кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.  
Алтыншы.  Мемлекеттің  зайырлы  сипатын  нығайту  –  бұл  Қазақстанның  сәтті 
дамуының маңызды шарты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет