Қазақстан «қайта құру» жылдарында (1985-1991 жж.). Дағдарыс және әміршіл-әкімшіл жүйенің күйреуі. М. Горбачев – «қайта құрудың» бастамашысы. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің созылмалы дағдарысы. Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өмірі. Жариялылық және «қайта құру» саясаты. 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары: себептері мен зардаптары. Кеңестік социализмнің мәні мен мазмұны.
КСРО-ның ыдырауы қарсаңындағы Қазақстан. Республикадағы әлеуметтік-саяси үдерістер. «Қазақ КСР-де тілдер туралы Заңның» қабылдануы (22 қыркүйек, 1989 ж.). Қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктер және ұлттық-мәдени орталықтардың құрылуы (1989–1990 жж.). «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Балқаш», «Әділет» тарихи – ағарту қоғамы, «Қазақ тілі» қоғамы, «Желтоқсан» комитеті және экологиялық қозғалыстар.
Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы. Қоғамдық қозғалыстар мен алғашқы саяси партиялардың құрылуы: «Алаш» партиясы, «Қазақстан социал-демократиялық партиясы», «Желтоқсан» ұлттық-демократиялық партиясы, «Азат» және «Бірлік» Қазақстан азаматтық қозғалысы. Одақтық басшылықтың әлсіздігі, аяқталмаған реформалар, қарама-қайшылықтардың белең алуы. Н.Назарбаевтың мемлекет басшысы болып сайлануы.
Кеңестік кезеңдегі тарихи-демографиялық жағдай. 1940-1989 жылдардағы Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістер. ХХ ғ. 90-жылдарындағы Қазақстандағы негізгі ұлттар санының динамикасы.
ХХ ғасырдағы қазақ диаспорасы. Қазақ диаспорасының жалпыға ортақ сипаты және ерекшелігі. Қазақ диаспорасының көші-қон тарихы: Мұстафа Шоқай қызметінің эмиграциялық кезеңі. Ашаршылық кезінде шетел асқан қазақтар. Қытай (Шығыс Түркістан) қазақтары. Түркия қазақтары. Моңғолиядағы қазақтар. Таяу шетелдердегі қазақтар. Қазақ диаспорасының ұлттық салт-дәстүрлерін сақтауы және қайта жаңғыртуы.
3.2 ҚАЗАҚСТАН - ЕГЕМЕНДІ МЕМЛЕКЕТ. ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ (желтоқсан 1991 ж. – бүгінге дейін)
Егемендік жолындағы батыл қадамдар: Қазақстан Республикасының Президенттік қызметін бекіту (сәуір, 1990 ж.). Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдау (қазан, 1990 ж.), Семей ядролық сынақ айлағының жабылуы және ядролық қарудан бас тарту; Лиссабон хаттамасы (тамыз, 1991 ж.). 1991 жылғы тамыз бүлігі және одақтық мемлекеттің ыдырауы, КСРО-ның күйреу себептері. Алматы декларациясы. КОКП мен Қазақстан Компартиясының таратылуы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы. Алғашқы жалпыхалықтың президенттік сайлаулар, мемлекеттің жаңа атауын қабылдау (желтоқсан, 1991 ж.). Н.Ә. Назарбаев – Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Республика атауының өзгеруі.