Лекциялар жинағы алматы ерте және орта ғасырлардағЫ Қазақстан


Курстың негізгі міндеттері



бет21/40
Дата08.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#135208
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
Kazahstan taryihy -2022-2023

Курстың негізгі міндеттері:
1. Дәріс және семинар сабақтарында Қазақстанның көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы бойынша нақты материалдарды түсінікті әрі меңгеруге қолайлы түрде жеткізілуін қамтамасыз ету;
2. Тарихи білімнің жүйелілігін, сабақтастығын және құндылығын қамтамасыз ету;
3. Білімгерлердің бойында азаматтылық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;
4.Кредиттік технология жүйесі бойынша студенттердің ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілеттері деңгейін дамыту.
5. Дәрістер, семинар сабақтары, СОӨЖ, СӨЖ біртұтас педагогикалық процесс талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Білімгер мына бағыттар бойынша білімін, дағдыларын және ізденімпаздық қабілеттерін көрсете білуі керек:
1. Курс бойынша семестр соңында алған білімін көрсете білу;
2. Сұрақтарға логикалық тұрғыда нақты жауап бере білу және рефераттарды қорғап, пікір айта білу;
3. Тарихи құбылыстар мен оқиғаларға өздігінен талдау және қорытынды жасай білу;
4. Әр қилы мәліметтерді талдауды және жүйелеуді меңгеру;
5.Тарихи деректер мен баспасөз ақпараттарымен, электронды оқулықтармен, карталармен, үлгі-сұлбалармен, Интернет желісі материалдарымен өздігінен жұмыс жүргізе білу;
6. Ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын меңгеру.
3. Пән пререквизиттері. Мектеп бағдарламасының толық меңгерілуі. Мемлекет және құқық негіздері, география пәндерін жетік меңгерілуі.
4. Пән постреквизиттері. Философия, Мәдениеттану, Саясаттану, География.
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.



Пән тақырыптарының аталуы

апта

Аудиториялық сабақтар

Тапсырма түрі (сипаттамасы)

Барлығы
(сағ)

Дәріс (сағ.)

Пр/сем./зертх./
студ саб (сағ.)

СОӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе

І







1

1

2

2

Қазақстан жеріндегі тас және қола дәуірі

І

1

1

1

1

4

3

Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер және тайпалық одақтардың құрылуы

ІІ




1

1

1

3

4

ҮІ-ХІІ ғғ. Түрік мемлекеттері

ІІ

1




1

1

3

5

Орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті

ІІІ




1

1

1

3

6

Монғол шапқыншылығы дәуіріндегі Қазақстан

ІІІ

1




1

1

3

7

Қазақ хандығы-ның құрылуы және қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы

ІҮ




1

1

1

3

8

ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы

ІҮ

1




1

1

3

9

ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығының мәдениеті

Ү




1

1

1

3

10

ХҮІІІғ. Қазақ хандығы

Ү

1




1

1

3

11

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы

ҮІ




1

1

1

3

12

ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстанда болған ұлт-азаттық қозғалыстар

ҮІ

1




1

1

3

13

Қазақстанның ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы дамуы

ҮІІ




1

1

1

3

14

ХІХ ғ. ІІ-жартысы – ХХ ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы халыққа білім беру ісі және мәдени-ағарту мекемелері мен ұйым дары

ҮІІ

1




1

1

3

3


15

Қазақ интеллигенция сының қызметі. «Қазақ» газеті,
«Айқап» журналы

ҮІІІ




1

1

1

3

16

Қазақ халқының 1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалысы

ҮІІІ

1




1

1

3

17

Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы

ІХ




1

1

1

3

18

1917-жылғы Қазан революциясы. Түркістан автономия сының құрылуы

ІХ

1




1

1

3

19

Қазақстандағы азамат соғысы

Х




1

1

1

3

20

ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан

Х

1




1

1

3

21

ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы мәдени құрылыс

ХІ




1

1

1

3

22

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

ХІ

1




1

1

3

23

1946-1970 жж. Қазақстан

ХІІ




1

1

1

3

24

70-80-ші жж. Қазақстанның қоғам дық-экономикалық өміріндегі дағдарыстардың пісіп-жетілуі

ХІІ

1




1

1

3

25

Қазақстандағы қайта құру мен оның нәти желері (1985-1991 жж.)

ХІІІ




1

1

1

3

26

Қазақстандағы 1986-жылғы желтоқсан оқиғасы және оның маңызы

ХІІІ

1




1

1

3

27

КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы. Қазақстан Республи касы тәуелсіздігінің жариялануы

ХІҮ




1

1

1

3

28

Қазақстандағы қоғам дық өмірді демократия ландыру және нарық тық қатынастарға көшу

ХІҮ

1




1

2

3

29

Қазақстан Республика сының даму стратегиясы.
Қазақстан-2030» стра
тегиялық бағдар ламасы

ХҮ




1

1

1

3

30

Қазақстан Республи касының қазіргі кезеңдегі дамуы

ХҮ

1




1

1

3







15

15

15

30

30

90

6. Оқытуға арналған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 1 т. Алматы. Атамұра. 2010.544-б.
2. Қазақстан тарихы. 2 т. Алматы. Атамұра. 1998.
3. Қазақстан тарихы. 3 т. Алматы. Атамұра. 2002.
4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін. Бес томдық. – Алматы, 1996-2005.
5. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
6. Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. СПб., 1832. Ч.1-3; Алматы, 1996 (екінші басылым).
Қосымша әдебиеттер:
7. Маданов.Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы.1995.
8. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы. Санат. 1999.
9. Қазақтың көне тарихы. Алматы. Жалын 1993.
10.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).-Т. 1.2.- Алматы, 1996.-8,35 Мб.
Электронды сайттар:
http://www.google.kz/ rbis.pushkinlibrary.kz
http://www.google.kz/.ektu.kz
http://www.kk.encyclopedia.kz
7. Бағалау критерийі


Жұмыс түрі


Баға (max балл)

Саны

Барлығы



Реферат

15

1

15,00




Үй тапсырмасы

10

1,0

10,00




Деректермен жұмыс

5

1

5,00




Ауызша сабақ айту

10

5

50,00




Аралық межелік бақылау

10

1

10,00




Таблица жасау

5

2

10,00




Тапсырмалар қорытындысы







100/60%




Емтихан







100/40%




Қорытынды







200/100%




Барлығы

200/100%

8. Оқытушы талабы.
сабаққа кешікпеу; сабаққа белсенді қатысу; тапсырмаларды уақтылы орындау; шыға

ІІІ. ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МӘТІНІ


ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ТАС ЖӘНЕ ҚОЛА ДӘУІРІ

  1. Палеолит (ерте тас ғасыры)

  2. Мезолит (орта тас ғасыры)

  3. Неолит (жаңа тас ғасыры). «Неолит революциясы». Мал шаруашылығы

мен егіншіліктің пайда болуы. Қазақстандағы неолит тұрақтары.

  1. Энеолит (мыстытас ғасыры). Қазақстан жеріндегі тас дәуірі тұрақтары. Материалдық мәдениеттегі өзгерістер.

  2. Қола дәуірі (б.з.д. XVIII-IX ғғ.). Қазақстан территориясындағы Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Археологиялық ескерткіштер (қоныстар, молалар, рудниктер, петроглифтер): Атасу, Таутары, Таңбалытас т.б.

Қоғамның белгілі бір əлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты адамзат тарихы дәуірлер мен кезеңдерге бөлінеді. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы ең алғашқы кезеңі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстың дамуы барлық жерде бірдей болған.
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші - оның тас құралынан тұрды.
Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең - тас дəуірі деп аталады. Тас дəуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
1. Палеолит - ежелгі тас дəуірі (б.з.д. 2,5 млн. жылдан - 12
мыңжылдыққа дейін);
2.Мезолит - орта тас дəуірі (б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар);
3.Неолит - жаңа тас дəуірі (б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар);
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б.з.д. 2,5 млн.- 140 мыңжылдықтар); 2) орта палеолит (б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар); 3) кейінгі палеолит (б.з.д. 40-12 мыңжылдықтар).
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дəуірге - ерте жəне кейінгі дəуірге бөліп, мустье мен кейінгі палеолит арасына меже қояды. Бұл кезеңдеу бойынша ерте палеолит үш ірі дəуірге бөлінеді: олдувэй дəуірі (б.з.д. 2,6 млн.- 700 мың жыл), ашель дəуірі (б.з.д. 700 - 150-120 мыңжылдықтар) жəне мустьер дəуірі (б.з.д. 150-120 - 30-25 мыңжылдықтар). Кейінгі палеолит б.з.д. 30-25- 12-10 мыңжылдықтарды қамтиды. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дəуіріне жатады.
Ежелгі адамның қалдықтары əзірше табылған жоқ, бірақ олардың мекен-жай, тұрақтары табылып, зерттелуде. Адамдардың қоныстануына қолайлы жердің бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне еңбек құралдары табылды. Көне тас дəуірінің алғашқы кезеңінің ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің бойынан Қызылтау, Тəңірқазған, Бөріқазған, Тоқалы жəне Ақкөл деген жерлерінен табылған. Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дəуірге жататын ескерткіш табылды. Қарасу тұрағынан тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар табылған. Орталық Қазақстанда ежелгі палеолит адамы оңтүстікке қарағанда кешірек пайда болған. Ол көбінесе Балқаштың солтүстік жағалауын мекендеді. Бұл жерден сол уақыттағы адамдар тұрағы көбірек табылды. Ерте палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған - оларды бір-біріне соғатын болған. Мұндай тəсілді жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мəдениеті деп атап кеткен, өйткені, шикізат ретінде көбінесе өзен малтатастары пайдаланылған. Ерте палеолитте адамдар тасты жару үшін жұмыр тас қолданды. Дайындалған құрал кейін шапқыш ретінде қолданылды. Бұл кезде қолшапқы қарудың аса оңтайлы, кең тараған түрі болды. Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Осындай тұрақтардың бірі - Құдайкөл Сарыарқаның теріскей шығыс шетінде орналасқан. Орта палеолит (мустьер) кезеңінде тас өңдеу əдістері жетілдіріле бастады. Енді еңбек құралдарын дөңгелек өзек тастан (нуклеус) жасау əдісі кең тарады. Сол кездегі қарулардың негізгі түрлері тілгіштер мен қырғыштар болды. Бұл кезеңде адам ағаш бұтағын бір-біріне үйкей отырып немесе шақпақ тастарды ұрып ұшқын шығарып, от алуды үйренді. Алғашқы діни сенім қалыптасты. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызып жерлеген. Өмір мен өлім туралы түсінік, өлгендерге құрметпен қарау белгілері пайда бола бастаған. Орта палеолит кезеңіндегі адамды неандертальдық деп атайды. Ежелгі адамдардың ұйымы - үлкен қауым орта палеолитте қалыптасты. Орта палеолиттің белгілі тұрақтары мыналар: Қаратау аймағындағы Топалы шатқалынан табылған жəне Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек тұрақтары. Осы кезеңге жататын тұрақтар, сондай-ақ Арыстанды мекенінен де табылды. Солардың ішіндегі ең күрделісі Ш. Уəлиханов атымен аталды. Үшбұлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының уақытша тұрағы табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі - Жезқазған облысындағы Обалысай тұрағы, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы Мұзбел жəне Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы, яғни Қарағандының солтүстігіндегі Батпақ шатқалы, жоғары Ертіс өңіріндегі Қанай ауылы маңындағы тұрақтар. Мустьер кезеңінің жаңа ескерткіштері 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Олар - Өгізтау І жəне ІІ, Үлкен Ақмая тұрақтары. Батыс Қазақстанның, əсіресе оның Маңғыстау түбегінде тұрған палеолиттік ескерткіштерідің орны ерекше. Кейінгі палеолит біздің заманымызға дейінгі 40 мың жылдан 12 мың жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл- адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған жəне нəсілдер мен нəсілдік топтардың құрылған кезі. Осы дəуірде дене бітімі қазіргі адамдарға ұқсас адамдар («саналы адам») қалыптасты. Мұндай адамның сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны кроманьондық деп атайды. Бұл кезеңде пышақ тіліктер, қырғыштар т.б. тас құралдары пайдаланылды. Қарулар жетілдірілді. Аң аулауда найза лақтырғыш қолданылды. Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының түрі - рулық қауым қалыптаса бастады. Оларда мықты аналық рулық қауым қарым-қатынасы орнады. Əйелдің қоғамдық өмірде биік орынға ие болуы қауымдық үй шаруасының ерекшелігімен, əйелдің ұрпақты жалғастырушы ретіндегі отбасылық рөлімен де анықталып қойылған. Оңтүстік Қазақстаннан бірқатар кейінгі палеолиттік ескерткіштер табылды. Олардың ішіндегі ден қоярлығы Шолаққорған қалашығының батыс жағынан табылған Ащысай тұрағы. Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағынан ірі қырғыш тастар мен сүңгінің ұштары табылды. Үшінші Қарабас көмбесінен 172 порфириттен жасалған заттар табылды. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка, Үңгір жəне Ново-Никольское тұрақтары белгілі болды. Қазақстан жерінде кейінгі палеолиттің толық зерттеліп біткен ескерткіштері онша көп емес, бірақ қолдағы бар материалдар көне тас дəуірі адамдарының материалдық мəдениеті дамуының ешбір үзілмей, ұдайы жүріп отырғанына, сол сияқты Қазақстан аумағындағы қоныстану процесінің де үзілмегендігіне көз жеткізеді. Кейінгі палеолит кезеңін мезолит (Б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар) алмастырды. Бұл кезең аз зерттелген. Сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек. Бұл кезеңде жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келді. Қазба жұмыстары кезінде садақ жебесінің доғал жəне домалақ ұштары да табылды. Олар терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Сондай-ақ уланған немесе өртегіш жебелер кеңінен пайдаланылды. Тас өңдеу əдісі де жетілді. Пышақ тəрізді тілгіштер басқа құралдардың бəрін ығыстырып шығарды. Адамдар тас тілгіштерге ағаштан қолға ұстайтын сап орнатуды үйренді. Балық аулау кең тарады.
Неолит кезеңі б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар арасын қамтиды. Бұл тас өңдеу техникасының əбден жетілген кезі. Тасты өңдеудің жаңа технологиялық тəсілдері: тегістеу, бұрғылау, аралау пайда болады. Тастан балта, кетпен, келі, келсаптар, дəн үккіштер жасалды. Микролиттер дайындау неолитте меңгерілді. Сүйек өңдеу жетілдіріле түсті. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының
тууы, табиғаттың даяр өнімдерін пайдалану, аң аулау орнын өндіруші шаруашылықтың басуы- сол кезеңнің аса маңызды белгісі болып табылады. Ғылымда бұл құбылыс «Неолит төңкерісі» деп аталады. Адамдар жабайы жануарларды қолға үйретіп, жер өңдеудің қарапайым түрімен айналыса бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының дамуына үлкен əсер етіп, адам еңбегінің ауқымы мен көлемін кеңейтті. Адам
баласының бұдан былайғы экономикалық қам-қарекеті дамуының сан мыңжылдық тарихы - едəуір дəрежеде шаруашылықтың осы екі түрінің өркендеп жетілу тарихы. Алғашқы қауым халқының өндіргіш күштерді дамытудағы неолит кезеңі тұсындағы қол жеткен деңгейі басқа да мəдени-тұрмыстық жаңалықтардың ашылуына ықпалын тигізеді. Осы кезде тау-кен ісі мен тоқымашылық пайда болып, керамикалық ыдыстар жасала бастайды. Сөйтіп, кен өндіру кəсібі қалыптасты. Адамдар - саз балшықтан жасалып, отқа күйдірілген мықты қыш ыдыс- керамика жасауды үйренді. Ол ыдыстарға онша күрделі емес геометриялық өрнектер салынған. Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік ескерткіш бар. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай төрт түрге бөлінеді: 1) бұлақ бойындағы; 2) өзен жағасындағы; 3) көл жиегіндегі; 4) үңгірдегі. Əдетте, өзен мен көл жиегіндегі тұрақтарда бұйымдар саны едəуір көп мөлшерде кездеседі, бұл жəйттен ол тұрақтарда адамдардың түпкілікті немесе ұзақ уақыт тұрып тірлік еткенін білеміз. Қазақстан жерінде бəрінен де көбірек тарағаны бұлақ бойындағы тұрақтар - олардың дені уақытша, маусымдық - кезбе аңшылардың орыны саналған. Қазақстанның шөл-дала аймақтарындағы неолит ескерткіштерінің бір ерекшелігі - олардың басым бөлігі - ашық (жер бетіндегі) тұрақтар. Бұл тұрақтардан оқтардың жебесі, сүңгінің ұшы, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылған. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топтардан тұрады. Арал өңірінде Сексеуіл тұрағы орналасқан. Бұл тұрақтың тұрғындары негізінен аңшылар мен малшылар болған. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан табылған құралдар яшма мен кварциттен жасалған. Қостанай облысындағы Ботай тұрағынан жабайы жылқының көптеген сүйектері табылды. Кейбір сүйектер жылқылардың біразы қолға үйретілгендігін көрсетеді. Сонымен, Қазақстанның далалық аймақтарында жылқыны қолға үйрету ісі басталған. Қараүңгір неолиттік тұрағы - Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас ауданында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысындағы Қызылсу өзенінің оң жағалауынан Сатшақыз тұрағы табылды.
Батыс Қазақстанда Келтеминар мəдениетінің бір түрі-батысқазақстандық үлгісі оқшау көзге түседі, оны С. П. Толстов болжап айтқан. Келтеминар мəдениеті б.з. дейінгі 4 мыңыншы жылдардың аяғы мен 2 мыңыншы жылдың бас кезінде болған жəне Қазақстан мен Орта Азияның едəуір аумағын қамтыған. Батыс Қазақстанда Шаңдыауыл, Құлсары, Шатпакөл, Қайнар, Жыланқабақ, Сарықамыс, Шаянды жəне т.б. тұрақтар бар. Солтүстік Қазақстандағы Железинка ауылының маңынан қазылып, зерттелген неолит кезіндегі мəйіт қабірдің ішінде өртелген. Онда сонымен қатар, өлген адам денесімен бірге қабірге əртүрлі əшекей заттар, тас қарулар, қыш ыдыстар, тамақ қойылған. Бұл заттар о дүниеге барғанда қажет болады деген ойды білдірсе, ал өртеп
қою отқа табынуды көрсетеді. Қоныстардан, молалардан табылған бұйымдар адам баласының өмірінде неолит кезеңінде үлкен өзгерістердің болғандығын
байқатады. Жер кəсібі, қолөнер, мал шаруашылығы сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері дами бастады. Неолит кезеңінде қоғамда аналық рулық құрылыс болды. Адамдардың күн көрісі тіршілігінде ананың рөлі басым болған. Сөйтіп, қорыта келгенде, тас дəуірінде адамның пайда болуы, қалыптасуы жəне алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен игере бастауы үрдісі жүрді.
Қола дәуірі (б.з.б. XVIII-IX ғғ.). Қазақстандағы қола дəуірінің зерттелуі Кеңес өкіметінің кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылады. 1933 жылы КСРО Ғылым академиясы Орталық Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырған «Нұра экспедициясының» көрнекті мүшелері П.С.Рыков, М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов, И.В.Синицин сияқты ғалымдардың сіңірген еңбектері айтарлықтай. Қола дəуірін зерттеуде бұлардың ашқан басты жаңалықтарының бірі Шерубай-Нұра өзенінің аңғарынан қола дəуірінің атақты
Дəндібай ескерткіштерін табуы. Қазақстанның батыс бөлігінде қола дəуірін зерттеуде ғалым О.А.Кривцова-Грекованың еңбегі зор. Əсіресе, Тарих, археология жəне этнография институтының жанынан ұйымдастырылған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының меңгерушісі Ə. Марғұланның жүргізген жұмыстары орасан зор. Ғалым Атасу, Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы, Дəндібай сияқты ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нəтижесінде Ə.Марғұланның қола дəуірі туралы екі үлкен монографиясы, көптеген ғылыми мақалалары жарық көрген. Шығыс Қазақстанның жерінде қола дəуірінің ескерткіштерін зерттеуде жемісті жұмыс жүргізген көрнекті ғалым С.С.Черников. ХХ ғ. 50-жылдары қола дəуірін зерттеуде үлкен еңбек сіңірген археолог ғалымдар К.А. Ақышев, А.М. Оразбаев, А.Р. Максимовалар болды.
Қола дəуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Еуразия даласында қола алу тəсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дəуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мəдениеті - ғылымда Андронов мəдениеті деп аталады. Бұл дəуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді жəне Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мəдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мəдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең - андронов мəдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мəдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор аумаққа тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мəдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) - б.з.б. ХVІІІ-ХVІ ғғ.;
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) - б.з.б. ХV-ХІІІ ғғ.;
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) - б.з.б. ХІІ-VІІІ ғғ.
Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сəйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды. Қола дəуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы);Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы; Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы;
Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі - көшпелі мал шаруашылығына көшті;Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы - Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде жерлеу салтында кремация (мəйітті өртеу) басым болған. Келесі - Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде қола құралдары, қару-жарақтары, сəндік заттар шықты. Мəйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады. Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мəдениет - Беғазы-Дəндібай мəдениетінің құрылуымен белгілі. Орталық Қазақстанда көп жылдар бойы археологиялық зерттеу жұмысын жүргізген академик Ə.Х.Марғұлан қола дəуірінің соңғы кезінің өзіне тəн ерекшеліктерін ескере отырып, оны Беғазы-Дəндібай мəдениеті деп атауға ұйғарды. Бұл мəдениетке ғалым Беғазы, Бұғылы, Саңғыру, Айбас дарасы, Дəндібай ескерткіштерін жатқызады. Аталған ескерткіштерден алынған материалдар қола дəуірінен темір дəуіріне өтетін өтпелі кезін көрсететіндігін дəлелдейді. Бұл мəдениетке тəн бір қасиет, ол бірінші жағынан, андронов дəстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Мəйіттерді бүктеп жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі. Бұл мəдениетке сонымен қатар Қарағандының оңтүстік бетіндегі Ақсу-Аюлы ІІ қабірі жатады. Осы кезде жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рəсімі кең жайылады. Тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен пайдаланылған. Металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған. Солтүстік жəне Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мəдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішіненАлексеев қонысы мен Тастыбұтақ қорымы кеңінен мəлім болды. Ертедегі қола кезеңіне мəйітті өртеп көму рəсімі жатады. Сол кездері ежелгі қалалардың прототиптері деп есептелетін қоныстар пайда болды. Соның бірі - Арқайым Челябинск жəне Қостанай облыстарының шекарасында орналасқан. Кейінгі қола дəуірінің бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің Қима мəдениетінің, ал Батыс Қазақстан - Еділ бойының Қима мəдениетінің қатты ықпалына түседі. Шығыс Қазақстанда Андронов мəдениетінің дамуы да осы тектес жолмен жүреді. Ертіс пен Бұқтырманың, Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандарынан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дəуірінің ондаған қоныстары мен қорымдары табылды. Қанай қорымы жəне онымен қатар орналасқан қоныс қабірлерінің дені кейінгі қола кезеңіне жатады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дəуірінде халық тығыз қоныстанған аймақ болды. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы суреттердің аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінен ғана табылды. Жетісуға федоров пен алакөл тайпаларының мəдениеттері элементтерінің араласып-құраласып жататыны тəн болып келеді. Федоров дəстүрінде қоршаулары тікбұрышты жəне дөңгелек болып келетін қабірлер көбірек кездеседі. Жетісудың орта қола дəуіріне Таңбалы, Қарақұдық қорымдары жатады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы қазылып аршылды. Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан қола дəуірінің бірегей ескерткіші - Түгіскен кесенесі ашылды. Андроновшылар шаруашылығы. Андроновшылар тіршілігінде мал өсіру бəрінен де маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі малы - қой, сиыр, жылқы болды. Андронов тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау дəстүрін енгізді. Тұрғын үйлерге жалғастырыла мал қоралары салынған. Олар қос өркешті-бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған. Ерте жəне орта қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі І мыңжылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған. Олар аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген. Соңғысы үй іргесінің шаруасы саналған. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал ұстаудың жаңа түрлері мен тəсілдері қажет болды. Кейіннен мал өсірудің жайлаулық тəсілі, яғни жартылай көшпелі мал шаруашылығы өмірге келді. Сөйтіп, үй іргесіндегіден - жайлауға көшу, отарлы, яғни жартылай көшпелі, сосын көшпелі мал шаруашылығы туады. Бұл дала мен шөл жайылымдарын тиімді пайдалануға жəрдемін тигізді. Көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығына өтуге байланысты бірте-бірте мал құрамы да өзгере түседі: ірі қараның саны кеміп, қой мен жылқы саны көбейе түседі. Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай жəне тары өсірді. Қола дəуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер жұмсақ кенді қайламен омыру арқылы, қатты, тығыз кенді отпен уату арқылы жəне сонымен қатар үңгіп қазу арқылы өндірген. Отпен уату тəсілі бойынша - кен өзегінің үстіне от жағылып, əбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға бөлген. Уақталған руданы қонысқа əкеліп, арнаулы пештерге са-ып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылды. Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мəлім болды. Метал балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу жəне қыспалау əдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған. Андроновтық тайпалар үй кəсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. Қазақстанның далалары мен таулы алқаптарында əрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Əйелдер саз балшықты əзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға от жағып сонда күйдірген. Б.з. дейінгі ХVІІ-ХVІ ғғ. аяқ-
табақтар белгілі бір тоқылған мата қалыпқа салынып істелген. Қыш ыдыстар геометриялық ою-өрнектермен əсемделген. Бұл өрнектер байлық пен молшылықты, тіл мен көзден сақтау белгісін жəне ыдыс ішіндегі затты білдірген. Андроновтықтардың баспанасы жертөле мен жартылай жер бетіндегі үйлер болған. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, тезек жаққан. Кейінгі қола дəуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Мұндай көлемі үлкен үйлер Бұғылы, Ақбауыр қоныстарын қазған кезде кездесті. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын жəне үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген. Қоғамдық құрылысы. Қола дəуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы ерлердің еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру келді. Андроновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды: ру басшыларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау жəне т.б. Жоғарыда
айтқанымыздай андроновшылар үлкен үйде үлкен отбасылық қауым болып өмір сүрген жəне бірге тұрып, бəріне ортақ шаруаны ағайын-туыстардың бірнеше буыны бірлесіп атқарған. Қоныстар материалына қарағанда көзге түсерліктей ешбір елеулі əлеуметтік жəне мүліктік теңсіздік байқалмайды, алайда қорымдарды зерттеу ісі адамның байлық дəрежесі мен қоғамдағы мəртебесінің айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ертедегі қола дəуірінің өзінде көптеген біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда қабірі үлкенірек те тереңірек, ағаш мазарының құрылысы да күрделі, мола ішіне қойылған құмыралары мен тағамы да мол зират ерекше назар аудартқан. Мұндай қабірлерден сондай-ақ соғыс арбасының жұрнағы мен аттардың сүйектері, мəйіт басынан қола қанжарлар, жебелер табылған. Орта жəне кейінгі қола дəуірлерінде де тап осындай жəйттер кездеседі. Қорымдардағы қарапайым қабірлер арасынан ірі тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше аса үлкен оба не мазарлар көзге түседі. Обалар салып, қабірлер қазу ісімен, онда қойылатын заттар арасындағы елеулі айырмашылықтарға жүгінсек, андронов қоғамы біртекті болмаған. Үлкен қорымдарда сол кезде қоғамда айрықша топқа бөлінген жауынгерлер қойылған. Қоғамның жіктелуі басталған - оның қатардағы қалың мүшелері арасынан бөлініп «патшалар» - билеушілер, жауынгерлер - кшатрийлер шыққан. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дəрежеге ие болған. Үнді-иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары бағаланған. Олар діни жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дəстүр мен білімдерді сақтаушылар болды. Олардың өзгелерден айрықша бір белгісі - ағаш табақ пен ерекше бас киімі (бөркі). Қола дəуірінде еңбек құралдарының жетілдірілуіне жəне шаруашылықтың дамуына байланысты азық-түлік молайып, артық қор құрылды. Қоғамда біреулер байып, басқаның еңбегін пайдалануға мүмкіндік алды. Сондықтан тұтқындарды өлтірмей, оларды құлға айналдырды. Рулық ұжымдық меншіктің орнына жеке меншік орнап, еңбекті қанау пайда болды. Бұл мүлік теңсіздігінің шығуына алып келді. Сөйтіп, қола дəуірінде рулық қауым ыдырап, шағын отбасылардың рөлі күшейіп, патриархалдық-рулық қатынастарды сақтаған көршілік қауым өркендеді. Кейінгі қола кезеңіне қарай отбасылық қауымдар бөлшектеніп, нəтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады. Қола дəуірі адамдарының діні мен өнері. Қола дəуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып, қол-аяғы бүгіп жатқызылған. Бұл жер-ана құшағына барған сəби қалпындағы адам түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған. Ерте қола дəуірінде жерлеу салтында кремация, яғни мəйітті өртеу басым болған. Бұдан андроновтықтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі қола дəуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Сүт ішіліп, ет желініп болған соң, құмыралар мен сүйектер болашақүйдің ошағының басына, оның табалдырығының астына көмілген. Үйдің ошағы отбасының киелі орны есебінде қатты құрметтелген. От пен күлге байланысты жөн-жоралғылардың бəрі құдайдың рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, құт-береке болса деген тілекпен жасалған. Мəйітті көкке əкететін от құдайы- Агнияға арнап құрбандыққа ешкі сойған. Қола дəуірінің соңына қарай күнге, айға жəне жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сиыну жəне о дүниеге сену кең тарады. Қола дəуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл - адамның рухани мəдениеті жəне оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан - жартастағы суреттер-петроглифтердің саны мен əралуандығы жөнінен əлемдегі ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, арбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мəдениеттің қорына қосылады.
Қола дəуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында болған. Жартастардағы салынған суреттер - андроновшылардың өздерін қоршаған дүние жайлы түсініктерінің көрінісі еді. Суреттерде жиі кездесетін бейне - мүйізін алға кезеп, шоқтығы күдірейіп, алып денесі шиыршық атып, аяқтарымен жер тіреп тұрған турдың - жабайы бұқаның суреті. Əлемді жарату жөніндегі мифтерде дүние - Күн құдайы Митра құрбандыққа шалған бұқаның мүшелерінен жасалған делінеді. Сонда Митра бұқамен қатар қойылып, бірдей
саналады. Ешкіөлмес тауындағы суреттердің бірінде Митра, басы күн шұғыласымен қоршаулы адам бейнелес секілденіп, бұқа үстінде түрегеп тұрған күйде бейнеленген. Бірқатар киелі орындарда ертедегі адамдардың басы күн шұғылалы Митраға тағзым етіп, табынып жатқан кездегі көрінісі салынған. Таңбалы шатқалында күн басты бір кісінің маңында айнала билеп жүрген кішкентай адамдар, жұптасып жəне жеке өзі билеп жүрген адамдар бейнеленген. Бұқа бейнесі молшылық, құдіреттілік пен күшті білдіреді. Жартас
көркем өнеріндегі жиі кездесетін суреттердің бірі - қос өркешті бактриян түйесінің бейнесі. Ол ирандықтарда күн күркіреу құдайы - Веретрагна, үнділіктерде - Индра бейнесі болып есептеледі. Қола дəуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де кеңінен тараған. Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбасы 49 жерде кездеседі, олар Таңбалыда да, Ешкіөлместе де бар. Олардың көпшілігінде екі доңғалақты аңшы жəне соғыс арбалары бейнеленген. Ат пен арба жайлы ирандықтар арасында көктегі күн күймесі жөнінде əпсана-аңыз бар. Олар жоғарғы құдайлардың бəрі аспанда пырақ жегілген күймелермен заулап жүреді деп есептеген. Тастағы суреттердің ішінде жер жырту көріністері де кездесіп қалады, оларда соқаға жегілген бұқалар, аттар мен ешкілер бейнеленеді. Соқа басында адам болады. Бұл көріністер жаңа жылды мейрамдауға, күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңару мейрамына, құнарлылыққа байланысты болса керек. Бұл мерекенің ең бір маңызды бөлігі түрен тарту болып табылады. Бірінші түрен тарту құқы, яғни алғашқы соқа салу құрметі патшаға берілген. Қола дəуірі мəдениетінің гүлденуі Жерорта теңізі жəне Кіші Азия мəдениеті мен экономикалық қатынастың нəтижесі болды.
Сонымен, қорыта келгенде, Қазақстандағы қола дəуірінің өзіндік мəдениеті болғандығын, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, Қазақстан аумағында таралып, белгілі бір даму сатыларынан өткенін байқаймыз. Осы дəуірде табиғи-географиялық жағдай көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына өз əсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет