Лекциялар курсы Редакциясын басқарған


саяси   және  әлеуметтік-экономикалық  қатынастар



Pdf көрінісі
бет15/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,84 Mb.
#6114
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

                                                                     саяси   және  әлеуметтік-экономикалық  қатынастар 
 
1.  Қазақстанда жаңа әкімшілік-территориялық басқару жүйесінің ендірілуі және  оған       
     қазақтардың қарсылығы. 
2.  Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. 
3.  XVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен XІX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. 
 
1.  Қазақстанда  жаңа  әкімшілік-территориялық  басқару  жүйесінің  ендірілуі  

 
96 
                                      және  оған  қазақтардың  қарсылығы 
 
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды 
бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылысы, халыққа білім 
беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бәрін қамтыған болатын. 
Қазақстанға  әкімшілік  басқару  жүйесін  енгізудегі  патша  үкіметінің  алдына  қойған  басты  мақсаты 
аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен 
империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір 
генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті – "қазақ даласын Ресейдің басқа 
бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу" үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына 
біріктіру.  Сөйтіп,  жергілікті  ақсүйектерді  биліктен  ысырып  тастап,  ру  басшыларын  әлсіретіп,  ойға  алған  іс-
шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің 
қазақ  даласының  жергілікті  тұрғындарын  және  аймақтық  табиғат  байлықтарын  еркін  пайдалану  үшін  орыс 
капиталына анағұрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді. 
Экономикалық шаралар  негізінде  қазақтардың қыстауы  мен  жайлаулық  жерлерін  мемлекет  меншігіне 
кесіп, казак әскери бөлімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін "артық" жер  мөлшерін анықтау ісіне 
экспедициялар  жабдықталды.  Мұның  өзі  қазақ  жерін  пайдалануынан  алып,  барша  қазақтың  жерін  Ресейдің 
мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя отарына айналғандығын дүниеге паш ету 
болды. Патша үкіметінің 1886 жылғы Түркістан туралы ережесі және 1891 жылғы Далалық облыстарды басқару 
туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін 
тереңдете түсті. 
1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да 
Қазақстан  аумағы  облыстарға  бөлініп,  ал  облыстар  әкімшілік  орталықтарына, қазақ  даласымен байланыссыз 
жататын әр түрлі генерал-губернаторлықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары – Орынбор; 
Ақмола  және  Семей  облыстары  –  Батыс  Сібір;  Жетісу  мен  Сырдария  –  Түркістан  генерал-
губернаторлықтарының құрамына кірді. Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық 
басқармасына  бағынышты  болып  қалғанымен,  ол  ұзаққа  созылмай,  1872  жылдан  бастап  Астрахань 
губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты 
Кавказ әскери округының билігіне өтті. Бұлай бөлшектеулер мен басқаруға өзгерістердің енуінің өзіндік себептері 
болды. Бұл туралы профессор Б. Сүлейменов: "Патшалық үкіметтің ойынша, Қазақстан жерін түрлі генерал-
губернаторлықтар  мен  әскери  округтарға  бөлшектеу,  қазақ  халқының  ұлттық  бірлігінің  қалыптасу  жолына 
кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде ұстауды жеңілдетуі тиіс еді" - дейді. 
1867-1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қазақстанда күшті әскери-бюрократиялық аппарат 
құру болды. Ол аппарат әр түрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе төлем, қызметтен босаған 
кездегі  жоғарғы  зейнетақыға  қызығатын  чиновниктерден  құралды.  Зерттеуші  ғалым  К.А.  Жиреншин  өз 
еңбегінде: "Отаршылық  әкімшілік аппараты қазақ даласының жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең 
бастысы,  өз  қызметін  өміріндегі  өтпелі  кезең  деп  санап,  сол  уақыт  ішінде  тез  ауқаттанып  алуды  көздеген 
офицерлерден  жасақталған  болатын:  Генерал-губернаторлықтардың  басты  басқару  аппаратын  генерал-
губернатор, оның кеңсесі және тапсырма орындаушы чиновниктер құрды. Генерал-губернаторлар әскери және 
азаматтық  билікті  толығымен  өз  қолдарына  жұмылдырды,  сонымен  қатар  қазақ  даласындағы  әкімшілік 
құрылысының принципі – жаңа отаршылық реформа бойынша билікті толығымен әскери ведомствоның қолына 
беру болды"  - деп, патшалық үкіметтің құйтырқы саясатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді. 
Бұл  тұстағы  генерал-губернаторлардың  билік  шараларын  іске  асыратын  басқару  жүйесі  мынадай  үш 
бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар және жергілікті басқармалар. Облыстық әкімшіліктің 
басқарма басшылығында әскери және азаматтық билік ететін әскери-губернатор тұрды. 1868 ж. Ереженің 22-23-
бабында  дала  облыстарының  әскери-губернаторлары  облыстардағы  әскери  қолбасшыларға  теңестірілетіні 
көрсетілген  және  де  олар  өз  облыстарының  аумағындағы  орналасқан  казак  әскерлерінің  тағайындалған 
атамандары болып саналатын. 
Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен 
облыстық әскери-губернатордың ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. 
Жаңа  әкімшілік  жүйе  бойынша  уездегі  барлық  билік  жүйесі  толығымен  уезд  бастығының  қолына 
шоғырландырылды.  Ереженің  42-65  баптары  бойынша,  уезд  бастықтарына  мынадай  міндеттер  жүктелді: 

 
97 
жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті 
сақтау,  алым-салықтың  жиналуын  бақылау  және  халықтың  денсаулығын  сақтау.  Уезде  орналасқан  әскери 
бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына бағынышты болды. 
1867-1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын 
жергілікті басқармаға көңіл бөлді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Е.Г.Федоров "Қазақстан 
– патша үкіметінің отары" атты еңбегінде: "Патшалық қазақ тұрғындарының орталықтарын әдейі бөлшектеді, 
барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мәдени дамуын тежеп, халықты қараңғылықта 
ұстауды көздеді", – деп көрсетеді. 
Уездер территориялық белгі бойынша бір болысқа 1000-2000 киіз үй және бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй 
кіретіндей  болып  есептелген  болыстар  мен  ауылдарға  бөлінді.  Болыстар  шаруашылық  жағынан  біріккен 
ауылдардан тұрды. Осыған байланысты жаңа жағдайда қазақтардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі 
заңды  түрде  жойылды.  Ру  басында  ақсақал  тұрғанда,  оның  сөзі  мен  ісі  билік  күшке  ие  жағдайында  патша 
үкіметінің  дала  тыныштығы  үшін қорқуы  заңды нәрсе  болатын. Граф  Паленнің Түркістан  аймағын  тексеру 
жөнінде есеп беруінде: "Бұл шараны іске асырудағы мақсат рулардың үлкен аймақта бір қалыпты орналаспауы 
әкімшілік басқару жүйесіне кедергі туғызды және көптеген біріккен ру басында ру ақсақалдары тұрған жағдайда 
дала тыныштығын ұстап тұруда көп қиындықтар туғызуы мүмкін еді", – деп ондай биліктің күштілік себебін тап 
басып жазуы осының айғағы. Елге сүйенген ру басы кей жағдайда әкімшілік талаптарды орындамауы да әбден 
мүмкін екені шындық. 
1867 ж. Ереженің 85-бабына сәйкес болыстардың басында қазақтардан сайланған болыс басқарушылары, 
ал  ауылдардың  басында  сол  сияқты  сайланатын  старшиналар  болды.  Ережеде  "болыстық  және  ауылдық 
старшиналарды халық сайлайды" деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда сайлау демократиялық негізде жолға 
қойылған болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай жүргізіп отырды. 
Сайланған болыс басқарушыларын – облыстық әскери губернаторы, ал ауылдық старшиналарды уезд бастығы 
бекітетін еді. Отаршылар әкімшілігі ұсынылған кандидаттар көңілінен шықпаса бекітпей тастап, жаңа сайлау 
белгілеуі де мүмкін болатын. Болыс басқарушыларын сайлауға – уезд бастықтары, ал ауылдық старшиналарды 
сайлауға  болыс  басқарушылары  міндетті  түрде  қатысатын.  Болыс  басқарушылары  тікелей  уезд  бастығына 
бағынышты  болды  және  оның  барлық  бұйрықтарын  орындауға  міндетті  еді,  ал  ауыл  старшиналары  болыс 
басқарушысына тікелей бағынышты бола отырып, болыс басқарушысына жүктелетіндей міндеттерді орындады. 
Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономикалық іс-шараларымен қатар өлкені мәдени 
және  рухани жағынан да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту  ісі патшалықтың сыртқы 
саясатының үлкен де маңызды саласы болып табылатын. Бұл сала патша үкіметі отарлау саясатының өзекті 
құралы десе де болады. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы ұлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы 
орыстандырып, сөйтіп империяның тұтастығын арттыруға арналған еді. Осыған сай, 1867-68 жж. реформада 
халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар жан-жақты қарастырылды. Сол құжаттар бойынша уездік қалаларда 
бастауыш  мектептер  ашу  көзделген:  "Дала  тұрғындарына  бастапқы  білім  беру  үшін  алғашқы  кезде  уездік 
басқарма орналасқан жердің бәрінде ұлт айырмашылығына қарамастан ортақ мектеп ашу керек". Осыны негізге 
ала отырып талай мектептер, гимназиялар ашылды. 
1868  жылғы  Ереженің  251-бабында  діни  істер  Орынбор  муфтиінің  қарауынан  алынып,  азаматтық 
басқарманың  қарамағына  берілді.  Молдалар  сайланатын  болды.  Оларды  бекіту  тұтқасы  орыс  әкімшілігінің 
қолына тиді.  Бастауыш  мектептерде  мұсылман  дінін уағыздаушылардың  қызметі  шектелді.  Әкімшілік  қазақ 
мектебіне сабақ беретін ұстаздардан орыс тілін білуді талап етті. 
Елде  орын  алып  жатқан  территориялық-әкімшілік  үрдістер  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық 
дамуына  айтарлықтай  өзгерістер  әкеліп,  отарлық  саясаттың  жаңа  салық  жүйесін  енгізді.  Қазақстанда 
отырықшылық пен жер шаруашылығының көлемінің ұлғайғандығына қарамастан салық төлеушілердің басым 
бөлігін көшпенділер құрады. Мәселен, 1880 жылы  90,5 %  құраса, 1897 жылы  82,0 %-ға жетті. 
1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар қазақтардың жаңа көтерілісін туғызды. XІX ғасырдың 60-
шы жылдарының алғашқы жартысында Қазақстанда, әсіресе Кіші жүзде отаршылдыққа қарсы жаппай халық 
наразылықтары өріс алды. Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған патша үкіметінің салық саясатының күшеюі 
болды. Оның үстіне қатардағы көшпенділер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Сондай-ақ, 
жаңа әкімшілік бөліністер ғасырлар бойы пайдаланып келген көшпелі халықтың маусымдық жайылымдарды 
пайдалану  үрдісіне  нұқсан  келтірді.  Салықтар  мен  міндеткерліктердің  күрт  көбейтілуі  мен  әкімшілік-
территориялық бөліністердің дұрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай облыстарында орын алған ұлттық 

 
98 
бас көтерулердің басталуына түрткі болды. 1868 жылдың желтоқсан айында стихиялық түрде басталған көтеріліс 
1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын жақсы білетін көтерілісшілер 
өздеріне қарсы қимылдаған патша үкіметінің жазалау топтарын "қарақшылық" шабуылдарға ұшыратты. 1868 
жылы 6 мамырда құрамында 200 қылышты және жаяу әскері бар Штемпель отряды Орынбор бағытындағы 
Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен кездеседі. Жазалау тобы көтерілісшілерге тегеурін бере алмай, 
жетінші күні азық-түлігінің таусылуына байланысты кері қайтады. 
1869 жылдың наурызы мен маусым айының аралығында болыс, би, сұлтан және старшиндарға қарсы 41 
рет шабуыл ұйымдастырылады. Оған 3 мыңға тарта жасақ қатысты. Торғай мен Орал облыстарында көтеріліс 
өртінің  ұлғаюына  байланысты  жергілікті  үкімет  орындарымен  қатар  орталық  үкімет  те  көтерілісшілерді 
жазалауға отряд топтарын жөнелтті. Орал облысы аймағына подполковник Рукин, граф Комаровский отрядымен 
бірге,  генерал-губернатор  Веревкин  басшылығындағы  отряд  аттандырылды.  Көтеріліс  ұйымдаспаған,  өзара 
келіспеушіліктер мен соғыс тактикасының нашар болуына орай басылып, жанышталды. 
Сол  сияқты  1870  жылғы  Маңғыстаудағы  шаруалар  көтерілісі  де  осындай  сипатта  болды.  Жаңа  жүйе 
бойынша  енгізілген  салық  жүйесі  Маңғыстау  халқының  үкіметке  қарсы  наразылығын  туғызды.  Маңғыстау 
приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869-1870 жылдар 
үшін шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сәйкес дереу енгізуді талап етті. Көптеген жергілікті тұрғындар, 
соның ішінде Бозашы түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға 
көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай жасалған әрекеттері жер-жерде көтерілістің шығуына себеп болды. 
1870 жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен тобымен кездесіп, қоршауда қалады. 25 
наурызда  ашық  қақтығыс  кезінде  20-ға  жуық  жазалаушы  қаза  тауып,  отряд  командирі  Рукин  өз-өзіне  қол 
жұмсайды. Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станциясына, Александровск 
фортына шабуыл жасады, алайда, олар сәтсіздікке ұшырады. Көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. Патшалық 
өкімет орындары қазақтардың батылдығынан қорқып,  қосымша әскери көмек сұрауға мәжбүр болды. Кавказдан 
тың  күштердің  келуі  күштердің  арақатынасын  өзгертіп,  көтерілісшілер  Үстірттің  баруға  қиын  аудандарына 
шегінді.  
Осы  тұста  Англия  үкіметінің  Иранға  деген  ықпалы  арта  түседі.  Патша  үкіметі  ендігі  кезекте  Хиуа 
хандығына қарсы шаралар ұйымдастырды. Маңғыстау аймағына Хиуа билеушілері адайлар қозғалысын қолдау 
үшін 4 зеңбірегі бар 6 мыңдық жасақпен қимыл жасауды ұйғарды. Бірақ шектес аудандарда Хиуаның әскери қыр 
көрсетуі нақты нәтижелер бермеді,  дегенмен аймақтағы жағдайды едәуір шиеленістірді. 
Маңғыстау  аймағы  3  айға  жуық  патша  әскерінің  қол  астына  қарады.  Патша  үкіметі  көтерілісшілерді 
жаппай  жазалайды.  Осы  тұста  генерал-губернатор  Н.А.  Крыжановский  әскери  министр  Милютиннің 
"көтерілісшілерді жазалау" туралы нұсқауын жібереді. 1870 жылы желтоқсанда көтеріліс жеңіліс тапқан соң, 
көтеріліс  басшылары  И.  Тіленбаев,  Д.  Тәжиев,  Е.  Құлов  және  олардың  серіктері  3  мың  шаңырақпен  Хиуа 
хандығының шегіне өтіп кетеді. 
Сөйтіп,  бұқаралық  сипатына  қарамастан,  көтерілістің  негізгі  қозғаушы  күші  -  қазақ  шаруалары  өз 
қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмай, Маңғыстау облысындағы халықтық-азаттық күрес жеңіліске 
ұшырады.  Көтеріліс  аяусыз  жанышталып,  адайларға  соғыс  шығыны  ретінде  90  мың  қой  салық  салынды. 
Маңғыстау көтерілісі өз кезегінде патша үкіметінің отарлау саясатына қазақ халқының қарсылығының айқын 
көрінісі болды. 
Жалпы  XІX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  реформалардың  болмысы  туралы,  қорыта  айтқанда, 
мынандай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалары негізінде оның саяси 
дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя  құрамындағы  әкімшілік  басқару  жүйесін  орнатты. 
 
2.  Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің  
                                                   қоныс аударуы 
 
Патша  үкіметінің  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  Қазақстанда  жүзеге  асырған  әкімшілік 
реформалары қазақ елінің саяси тәуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ патшалық 
әкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге әлі де болса әлсіз екендігін 
көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық әкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап 
Қазақстанды отарлаудың "ең сенімді" жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс 

 
99 
аударту  еді.  Патшалық  Ресейдің  қоныс  аудару  саясаты  бірнеше  кезең  арқылы  жүзеге  асырылды.  Қазақстан 
тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.  
І кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға 
дейін созылды.  
ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. 
ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.  
Қазақстанға  орыс  және  украин  шаруаларын  қоныстандыру  ХІХ  ғасырдың  70-жылдарының  соңы  80-
жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар 
қозғалысымен анықталып, патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар 
жеке заң-актілермен, нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат – қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына 
алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мәселен, Жетісу облысы әскери 
губернаторы  Колпаковский  бастамасы  бойынша  Жетісуға  шаруалардың  қоныс  аударуы  туралы  "Уақытша 
ереже" әзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. "Уақытша ереже" бойынша 
орыс  қоныс  аударушыларына  (ерлерге)  30  десятина  жер  беру,  15  жылға  алым-салық  және  түрлі 
міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру және басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс 
аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ережелер ХІХ ғасырдың 80-
жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер 
мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған: "Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы 
Ереже" бойынша 10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық және міндеткерліктен 5 
жылға дейін босату, кейінгі жылдары алымды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды. 
Арнайы ереже 1889 жылғы 13 шілдеде қабылданды. Онда қоныс аудару тек Ішкі істер министрлігі және 
Мемлекеттік мүлік министрлігі арқылы алдын ала шешілуі қажет делінген. Тиісті үлестік мөлшері жергілікті 
өкімет құзырына берілді. Мұнда үлкен астар жатқаны ешқандай құпия емес-ті. "Ережеде" шаруалардың қоныс 
аударып, тұрақтайтын аудандары нақты анықталып көрсетіледі: Жетісу, Ақмола және Семей облыстарының 
территориясына  орыс-украин  шаруалары  көптеп  қоныстануы  белгіленді.  Ата-мекенінен  қоныс  аударған 
шаруаларға  қажетінше  жерді  үлестіру  кеңінен  жүргізілді.  Тек  1885  жылды  қоса  алғанда,  Ақмола  облысы 
қазақтары  жерінен  251779  десятина  мөлшерінде  тартып  алынды.  Онда  10  940  ер  адамы  бар  24  қоныс 
аударушылар бөлімшесі (учаскелері) құрылған еді. Семей облысы бойынша 33 064 десятина егістік жер жергілікті 
тұрғындар иелігінен алынды. Жетісу облысынан 12 жылда (1868-1880 жж.) 3324 отбасы қоныс аударған, оның 
2099 селолық құрылымға  біріксе, 1225 отбасы қалаларда тұрақтанды. 
1889 жылғы Заң күші Торғай және Орал облыстарына да таралды. Заң қоныс аудару мәселесін үкімет 
құзырында қалдырды, қоныс аударушылар үшін арнайы рұқсат алуы қажет болды. Түйіндеп айтсақ, патша 
өкіметі  орыс  шаруаларының  еркінше  қоныс  аударуын  қадағалап,  реттеуді  көздеді.  Алайда  шаруалардың  өз 
еркінше қоныс аударуы ретсіз қозғалыс болып қала берді. 
Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүргізуді көздеп, 1892-93 жж. Ұлы Сібір темір жол 
құрылысын бастады. Қазақтар жерін экономикалық игеру мақсатында "артық", "бос" жатқан жерді анықтайтын 
түрлі экспедиция құрылып, жедел жұмысқа кіріскен еді. Комиссиялар алдында қойылған талап біреу – барынша 
көп  мөлшерде  қазақтар  жерінен  "бос",  "артық"  деген  жерді  анықтау  арқылы  қоныстанушылар  "қорын" 
толықтыру болды. Сондай-ақ, жергілікті әкімшілік басқару  жүйесін қалыптастыруға үлкен назар аударылды. 
Нәтижесінде  ХІХ  ғасыр  соңына  қоныс  аударушылар  басқармасының  орталықтандырылған  біртұтас  жүйесі 
құрылды. Транссібір темір жолы қазақ жерінің Солтүстік өлкесі арқылы жүргізілді. Ақмола облысы әкімшілігіне 
қараған осы өңірде құрылған 5 уездің 3 уезінен 160 мың келімсек орыс-украин шаруаларын қоныстандыру үшін 
2241503  десятина  жер  бөлінді.  Мұнда,  экономист  Ф.А.Щербина  басшылығымен  "қоныстанушылар  қорын" 
жасау үшін арнайы статистикалық экспедиция жасақталды. Арнайы экспедиция 1896-1902 жылдарда Ақмола, 
Торғай және Семей облыстарының 12 уезін қамтып, қазақтардың мал шаруашылығына қажетті пайдаланатын 
"нормасын"    "187  десятина  жер  24  мал  басына  жеткілікті"  –  деп  анықтады.  Зерттелген  8  уездің  жергілікті 
қазақтарға тиесілі жер мөлшері – 51 %, қалған 49 % жері "қоныс аударушылар қорында" қалды. Экспедиция 
жұмысы нәтижесімен қанағаттанбаған патшалық әкімшілік қазақтар пайдалануындағы жер "нормасын" азайтып, 
"артық" деген жерді қосымша анықтау арқылы жоғарыда аталған уездер бойынша "қоныстанушылар қорын" 
63%  дейін  көбейтті.  Қоныс  аударушылар  қатары  жылма-жыл  артып,  олар  тұрақтанған  жерлерде  мыңдаған 
қоныстар пайда болды. Қазақстанның солтүстік, батыс және шығысында жаңа келіп қоныстанған орыс және 
украин  шаруаларымен  қоса,  орыс-казак  станицалары  салынды.  Мәселен,  Ақмола,  Торғай  және  Орал 

 
100 
облыстарында тұрғын қазақтармен салыстырғанда, келімсек орыс-казактар және орыс, украин шаруалар есебінен 
жалпы халық саны өсті. 1897 жылғы жалпы ресейлік халық санағы бойынша, тек бір Ақмола облысында орыс 
тұрғындарының көрсеткіші 33 % жеткен. 
Қазақстанның оңтүстігінде 14 мыңдай орыс, украин және әскери адам қоныстанды. ХІХ ғасырдың 80-
жылдарында мұнда 5 уезд және 80-нен астам елді мекендер пайда болды. Патшалық үкіметтің жедел қарқында 
жүргізген қоныс аудару саясаты нәтижесінде келімсек орыс, украин шаруаларына ең шұрайлы жайылымдық, 
егістік, су көздеріне бай, орманды жерлер берілді. Тұрғылықты қазақтар болса, сусыз, малға тиімсіз аймақтарға 
зорлықпен,  түрлі  амал-айламен  қоныстарынан  көтеріле  көшуге  мәжбүр  болды.  Қоныс  аудару  салдарынан 
жергілікті  тұрғын  саны  азайып,  демографиялық  ахуал  күрделене  түсті.  Қазақтар сан  жағынан  1897 ж.  санақ 
бойынша 87 %-ке  дейін азайды. Келімсек орыс және украиндардың саны  532,7 мыңға, татарлар – 55,4 мыңға, 
өзбектер – 73,5 мыңға, ұйғырлар – 56 мыңға артқан. Бұл сандық көрсеткіштер жаңа ХХ ғасырда ұлғая түсті. 
Патша үкіметі 1901 жылы Жарлық шығарды, онда жеке адамдарға қазыналық жерлерден үлестік жер 
бөліп беруге рұқсат етілді. Қазақтар жері қазыналық деп есептелді және 1867-68 жылдар реформасына сәйкес 
мемлекеттік меншік болып жарияланған болатын. 1904 жылы қоныс аудару басқармасы құрылып, оған орталық 
Ресейден шаруаларды қоныс аударту ісін қадағалау толығымен жүктелген еді. 
1904 жылы 6 маусымда шыққан енді бір заңда "село тұрғындары мен мещан-егіншілердің өз еркімен қоныс 
аударуы туралы" делінген. Бұл аталған заңдық күші бар құжаттардың барлығы қазақ халқын өз ата-қонысы 
болған туған жерден ығыстырылуға, тұрмыс ауыртпалығын бастан кешуге, мәжбүрлікке душар етті.  
XІX  ғасырдың  соңында  Қазақстанға  орыс  шаруаларымен  қатар  ұйғырлар  мен  дүнгендер  де  қоныс 
аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды. 1881 жылы 12 
ақпанда Қытай мен Ресей арасында "Петербург шартына" қол қойылды. Шарттағы 17 статьяның алғашқылары 
келісімнің мәнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың 3-бабында: "Іле аймағының тұрғындарына Қытай 
қол астындағы мекендерінде қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау ұсынылады"-деп 
қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген мақсаты – 
оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық көтерілісіне қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бұл мәселе 
бойынша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды Шелек және Іле өзенінің аралығында орналастыру 
туралы  шешім  қабылданды.  Ұйғырлар  мен  дүнгендердің  Жетісуға  қоныс  аударуы  1881-1883  жылдар 
аралығында жүзеге асырылып, 1884 жылдың басында 9572 ұйғыр отбасы қоныс аударды, оның 24628 ер адам 
болса, ал 20745 әйелдер болды, барлығы 45373 адам еді. Сонымен қатар, Қазақстанға барлығы 5055 дүнген қоныс 
аударды. 
Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Чарын (қазіргі Ұйғыр ауданы), Малыбай (Шелек 
ауданында),  Қорам  (Шелек  ауданы),  Қарасу  (Еңбекшіқазақ  ауданында),  Кетпен  болыстары  құрылды  (қазіргі 
Жаркент ауданында). Жаңа құрылған болыстың басшысы болып сол бұрынғы Іле аймағында болған басшылар 
сайланды.  
Дүнгендер  мен  ұйғырлар  өздерімен  бірге  Жетісуға  жасанды  жолмен  суландырылатын  егіншіліктің 
әлдеқашан  қалыптасқан  дәстүрлерін  әкелді.  Ұйғырларда  күріш  өсіру  дүнгендердегі  сияқты  негізгі  дақылға 
айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, бақша салумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі). 
Дүнген шаруашылықтарының үштен екісінен астамында бау да болды. 
Сонымен,  қорыта  айтқанда,  орыс  шаруаларын  қазақ  өлкесіне  қоныстандыра  отырып,  қазақ  халқын 
шаруашылыққа жарамды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы әкімшілік жүйесінің жаңа жағдайға 
байланысты одан әрі жетіліп, нығая түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды орыстандыру, 
шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат алғандығын байқаймыз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет