Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты


Оқи алуларына сәйкес топтарға бөлу критерийлері



бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі82 Kb.
#13940
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Оқи алуларына сәйкес топтарға бөлу критерийлері:

1-топ. Нашар оқитын балалар. Олар баяу әрекет етеді, сыныпқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді сыныптастарынан қалып қояды. Бұл оқушылар үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс.

2-топ. Бұл топтың оқушыларына материалды естеріне сақтау үшін көп рет қайталау қажет. Сырттай олардың психологиялық ерекшеліктері асықпайтындығынан, жоғары эмоционалдығынан,зейінінің төмендегінен және жинақы еместігінен байқалады.Олар үшін жинақтауға берілген тапсырмалар қиын. Бұл оқушыларға берілген жұмыс алгоритмін қолданған пайдалы. Теорияны жақсы игере отырып, олар практикада қате жіберуі мүмкін.Мұндай оқушыларға әр –әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар ұсыну маңызды.

3-топ. Бұл топқа қозуы мен тоқтауының тепе -тең үрдісі бар оқушылар кіреді. Олардың тұрақты зейіні бар, жинақтау үрдісін жақсы игерген, үлкен сөздік қоры бар.

Сараланған тапсырмалар -бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сараланған тапсырмалар тақтада, кәртішкеде, слайдтарда, таблицаларда жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі міндетті тапсырмалар, дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс қолдануға ықпал етеді; олардың көлемі шектелген болуы керек және әр оқушының шамасы келетін тапсырмалар болуы тиіс.

Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі қажет.

Оқу материалын қорытындылап, бір жүйеге келтіру іскерлігін қалыптастыру үшін күрделілігі әр алуан кестелер мен сызбалар түріндегі тапсырмалар беріледі.Мысалы, математикалық ұғымды әр түрлі деңгейде оқытудың «Туынды» тақырыбы бойынша үлгерімі төмен оқушыларға дайын кестені толтыруды, орташаларға кестені құруды,ал үлгерімі жақсыларға кестені құрып толтыруды тапсыруға болады.

Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданудамын. Білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп, өз жұмысымда әр түрлі бақылау формаларын: тесттер, сұхбат, диференциалдық тапсырмаларды орындатамын. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетіне баулиды.Оқушылармен жұмысты оқу тәрбие процесіне қойылған жаңа талаптарға сай құрайды. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін және қабылдауларын ескере отырып сабақты құрастырудамын. Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізуде әр түрлі әдістерді қолдануға болады . Деңгейлік дифференциацияны қолдану жағымды нәтиже береді. Бақылау жұмысын өткізуде түрлі формаларды қолдануға болады.

Әрбір оқушының оқып үйрену мүмкіншіліктерін анықтау негізінде олардың жеке бас ерекшеліктерін терең білу , сонымен қатар оны іс-тәжірибеде ескеру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет