Үлгілік оқу бағдарламаcы


Заттардың тасымалдануы



бет5/11
Дата18.10.2023
өлшемі54,06 Kb.
#118944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4

Заттардың тасымалдануы

Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі. Адам гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығы. Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы.
Зертханалық жұмыс "Жасушаның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау"
Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия. Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі. Заттар тасымалдануының симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдары және олардың маңызы. Жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалдануының типтері.

1) Заттардың тасмалдануының әртүрлі түрін жүйелеу.
2)Әртүрлі заттардың тасымалдау түрлерінің механизмін түсіндіру.



1)Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептейді;
2) Пассивті тасымалдау механизмін салыстырады;
3) Эмбрион мен ересек ағзаның гемоглобині мен миоглобині үшін оттектің диссоциациялануының қисық сызығын; пассивті тасымалдау механизмін; өсімдіктердегі заттар транслокациясы механизмін; заттар тасымалданудың симпласттық, апопласттық, вакуолярлық жолдарының мәнін; жасуша мембранасы арқылы заттар тасымалының әр түрлі типтерінің механизмдерін түсіндіреді;
4) Мембраналық потенциалды сақтаудағы активті тасымалдың ролін анықтайды.

5

Тынысалу

Аденозинүшфосфаттың (АТФ)құрылысы мен қызметі. Аденозинүшфосфаттың синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері Метаболизм түрлері. Энергетикалық алмасу кезеңдері
Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы. Кребс циклі. Циклдің негізгі және аралық қосылыстары мен реакцияның соңғы өнімдері. Электрондық тасымалдау тізбегі. Биологиялық жүйелер үшін маңызы.

1)Аденозинүшфосфаттың (АҮФ) мәнін түсіндіру.

2)Жасушалық тынысалудың механизмін түсіндіру.



1)Аденозинүшфосфаттың құрылысы мен қызметтерін; метаболизм түрлерін; энергетикалық алмасу кезеңдерін; Кребс циклін сипаттайды;
2) Анаэробты және аэробты тыныс алу барысындағы (АҮФ) синтезін салыстырады;
3) Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет