Үлгілік оқу бағдарламаcы



бет9/11
Дата18.10.2023
өлшемі54,06 Kb.
#118944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
14

Координация және реттелу

Жүйке жасушаларының құрылысы. Мембраналық потенциал. Әрекет потенциалы. Әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясы. Нейронның аксон бойымен қозудың берілуі. Рефрактерлық кезең мен оның маңызы. Миелинденген нейрондардың артықшылығы. Миелинденген және миелинденбеген нейрондарды салыстыру. Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен Механорецепторлардың түрлері. Пачини денешігі мысалында рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы. Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс. Холинергиялық синапстың мысалында синапстық берілудің механизмі.
Биологиядағы басқару жүйесі. "Басқару жүйесі" ұғымы. Басқару жүйесінің негізгі компоненттері. Температураның/көмірқышқыл газының/оттегі газының деңгейлерінің реттелуі мысақлында кері байланыс принципі.

1)Координация және реттеу механизмін білу.

        1. Миеленденген нейрон аксонында әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссиясын сипаттайды және түсіндіреді;

2) Рефрактерлық кезең мен миелин қабығының маңызын түсіндіреді;
3) Жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін түсіндіреді.

2)Биологиядағы басқару жүйелерін түсіндіру

1)Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты орнатады;

        1. Механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беруін (Пачини денешігі) , биологиядағы басқару жүйесін сипаттайды.

15

Қозғалыс

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин)
Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі. Бұлшықет талшығының Т-жүйесі. Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысы. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының түрлері.

1)Көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын микросуреттерде түсіндіру.

2) Жылжымалы жіптер теориясын қолдана отырып, бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру.





1) Көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттейді;
2) Жылжымалы жіптер теориясын қолдана отырып бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіреді;
3) Жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет