Ұлы дала ұбт білім беру орталығының Биология пәнінің мұғалімі: Абылқасымова Зере Биология пәнінен Қоректену бөлімі



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата09.11.2022
өлшемі1,13 Mb.
#48903
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
негізгі ұлпасы: мезофиллді құрайды 
43. Бағаналы паренхима: жоғары қабаты, жасушалары бір біріне тығыз жанасқан. 
44. Жасушалары: созылыңқы, цилиндр пішінді, жіңішке бөлігімен жарыққа бұрылған. 
45. Кеуекті паренхима: ішкі қабаты, тікелей күн сәулесі түспейтін жапырақтың төменгі 
жағында орналасқан 
46. Жасушалары: дөңгелек, кеуек (бос) орналасқан. 
47. Жапырақтың төменгі жағындағы маңызды құрылым: лептесік (устьица) 
48. Лептесіктің қызметі: ішке фотосинтез үшін қажет көмірқышқыл газы мен тыныс алуға 
керек оттек түседі. Сыртқа су буланады, оттек шығарылады 
49. Жанаспалы н/е лептесік жасушалар: құрлықта өсетін өсімдіктердің жапырақтарының 
астыңғы қабықшасында орналасқан түссіз жасушалар 
50. Лептесік жасушалары түзеді: лептесік саңылауын 
51. Лептесік саңылауы арқылы жүзеге асады: транспирация 
52. Транспирация: газ алмасу ж/е жапырақтардың суды буландыруы 
53. Суда өсетін өсімдіктерде лептесік: жапырақтың үстіңгі қабықшасында 
54. Құрлықта өсетін өсімдіктерде лептесік: жапырақтың астыңғы қабықшасында 
55. Транспирация жүруінің себебі: Тамыр сіңіретін су жапырақ жасушаларының тіршілігіне 
ж/е фотосинтез үшін қажет; Су буланған кезде өсімдік температурасын төмендетеді де, 
жазда ағзаның қызып кетуінен сақтайды; Су буланған кезде тамырдан жапыраққа 
тартылады да, онымен бірге барлық тірі жасушаларға қажет еріген заттар да өсімдікке 
таралады 
56. Жапырақтың негізгі ұлпасында болады: жүйкелер 
57. Жүйкелер: өткізгіш шоқтан тұрады, себебі ксилема мен флоэмадан түзілген 
58. Флоэма: сүзгілі түтікшелері арқылы жапырақтағы қант ерітінділерін өсімдіктің барлық 
мүшелеріне жеткізеді 
59. Флоэманың сүзгілі түтікшелері: өте ұзын тірі жасушалар 
60. Ксилема: өсімдіктің тамыры арқылы су мен минералды заттарды сіңіріп, өсімдіктің барлық 
мүшелеріне жеткізеді 
61. Өткізгіш шоқтар қызметі: өткізу, тірек 
62. Жапырақ: өсімдіктің фотосинтез процесі жүретін мүшесі 
63. Фотосинтез процесін алғаш зерттеген ғалым: К.А.Тимирязев 
64. Фотосинтезге қажет жағдайлар: су, көмірқышқыл газы, хлорофилл, жарық 
65. Фотосинтез: күн сәулесінің қатысында су, бейорганикалық заттар мен көмірқышқыл 
газынан органикалық заттардың түзілу процесі 
66. Фотосинтез нәтижесінде түзілетін алғашқы көмірсу: глюкоза, одан кейін күрделі қант 
пен крахмал 
67. Өсімдіктерге заттардың тасымалдануы байланысты: өткізгіш ұлпаға 
68. Фотосинтез: жарық энергиясын нәруыздар, майлар, көмірсулар энергиясына айналдыру 
69. Жапырақ: ауа арқылы қоректенудің басты мүшесі 
70. Жер бетіндегі барлық организмдер: автотрофтылар, гетеротрофтылар. 
71. Автотровты организмдер: күн жарығы энергиясын пайдаланып, бейорганикалық 
қосылыстардан органикалық қосылыстар түзіп қоректенеді. Барлық жасыл өсімдіктер мен 
көк – жасыл балдыр жатады. 
72. Органикалық затты синтездеуге пайдаланатын энергиясының түріне қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет