Қазақстан Республикасы Жоғары Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
Дата15.12.2023
өлшемі140,96 Kb.
#138424
Байланысты:
Daniyar.docx



Қазақстан Республикасы Жоғары Білім және ғылым министрлігі 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 
Техникалық факультет 
“Мұнай газ ісі” кафедрасы 
“Мұнай-газ кәсіпшілігі геологиясы” пәнінен 
№4 ОСӨЖ 
Тақырыбы: “Тау жыныстарының жасы және оларды анықтау әдістері. ” 
Мамандығы: НГДК-102 
Орындаған: Кошербай Данияр 
Тексерген: Султанова Динара 
Ақтөбе 2023 


Мазмұны: 
1.
Кіріспе 
2.
Тау жынысының жасын және оның геологиялық даму тарихы 
3.
Ең алғашқы тіршілік бастамасы 
4.
Әдістермен жасын анықтау 
5.
Әдебиеттер 


Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін
салыстырмалы 
және 
абсолюттік 
есептеу 
(геохронология) 
әдістерін 
пайдаланады.Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау 
жыныстарын кұрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл 
заңдылық, бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы 
төменгісімен салыстырғанда жасырак болады. Бұл заңдылык дәлелдеуді қажет 
етпейді, егер астыңғы қабат болмаса, онда оны жауып жатқан үстіңгі қабат та 
түзіле алмайтыны түсінікті.Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау 
үшін ежелгі геологиялық дәуірлерде тіршілік еткен жәндіктер мен 
өсімдіктердүниесінің таска айналған калдықтарын зерттеудің маңызы зор. 
Тіршілік дүниесі жердің даму тарихында ең карапайым түрлерден басталып, ең 
күрделі түрлерге дейін дамып жетілген. Сөйтіп, ғалымдар Жер бетінде өмір 
сүрген тіршілік дүниесінің казба қалдықтарын және жер қыртысын құрайтын тау 
жыныстарының құрамы мен құрылысын зерттеу негізінде Жердің даму тарихын 
бір жүйеге келтірді. Соның нәтижесінде геохронологиялық кесте жасалды. Ол 
1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілді. Бұл кесте ғылымның 
дамуымен ұдайы жетілдіріліп отырылады.Жер қыртысының даму тарихындағы 
эралар үзақ кезеңдерге топтастырылған. Жер тарихы бес эраға бөлінеді. Ең 
алғашқы тіршілік бастамасы - Жердің көне тарихына байланысты. Бұл уақыт 
архей (гр.ἀρχαῖος «археос» - көне тіршілік деген мағынада) деп аталады. 
Жер қыртысындағы әртүрлігеологиялық өзгерістерді, олардың жүру 
ұзақтығы мен ерекшеліктерін түсіну үшін тау жыныстарыныңгеологиялық 
жасын білудің маңызы зор. Тау жыныстарының абсолюттікжәне салыстырмалы 
жасы ажыратылады. Шөгінді тау жыныстарының орналасу ретіне, олардағы 
өсімдіктер менжануарлардың тасқа айналған таңбаларын зерттеу арқылы 
олардың жасын білуге болады. Яғни тау жыныстарының қайсысы бұрын, 
қайсысы 
кейін 
түзілгенін 
ажыратып, 
езара 
салыстыру 
арқылы 
олардыңсалыстырмалы жасы анықталады.Кез келген тау жынысының пайда 
болған кезінен бергі геологиялық уақыт оның абсолюттік жасы деп есептеледі. 
Жер қойнауында кейбір радиоактивті элементтердің ыдырау жылдамдығы 
сыртқы өсерге тәуелсіз болғандықтан, тау жыныстарының дәл жасын анықтауға 
мүмкіндік береді. Бұл мақсатта, әдетте, уранныңыдырауына қатысты деректер 
пайдаланылады. Уранның гелий менқорғасынға ыдырауы 4,51109 жылға 
созылады; меншікті салмағы жеңіл гелий бөлініп шығып, ал қорғасын жер 
қойнауында жинақталады. Уранның ыдырау жылдамдығы мен бөлінетін 
қорғасын мөлшері белгілі болғандықтан, жер қойнауында жинақталған 
қорғасынның мөлшеріне қарап, оның қашаннан бастап түзілгенін нақты 
анықтауға болады. 


Жер шарының әртүрлі бөліктеріндегі құрамында уран мен қорғасын бар тау 
жыныстарынхимиялық зерттеу арқылы олардың абсолюттік (радиометриялық) 
жасын анықтайды. Бұл әдісті ғылымға XX ғасырдың басында француз физигіП. 
Кюри мен ағылшын физигі Э. Резерфорд енгізген. 
Геологиялық уақыт аралығында жер қыртысы жиі өзгерістерге ұшырап, 
ұдайы дамып отырады. Оған, ең алдымен, Жердің ішкі энергиясы мен қысым 
әсерінен жүретін түрліше козғалыстар әсер етеді. Жер қыртысындағы 
құрылымдарды қалыптастыратын бұл ішкі күштерді тектоникалық қозғалыстар 
деп те атайды. Тектоника — жер қыртысының дамуын және оның ішкі күштер 
мен әртүрлі дәрежедегі иіліп-майысулар өсерінен өзгеруін зерттейтін 
геологияның бір саласы. 
Тектоникалық қозғалыстардың ең маңыздыларының бірі — материктердегі 
тау құрылу процестері. Олар қарқынды жанартау атқылаулары, күшті 
жерсілкінулері, тау жыныстарының құрамы мен құрылымының күрделі 
езгерістерімен қатар жүреді. Жер қыртысының геологиялық даму тарихында 
бірнеше рет күшті тау құрылу кезеңдері болған, оларды тау қатпарлықтары деп 
те атайды. 
Жер қыртысының архей мен протерозой эраларында қалыптасқан неғұрлым 
тұрақты құрылымдарын платформа деп атайды. 
Тектоникалық деректер бойынша, жер қыртысы дамуындағы ең ежелгі тау 
қатпарлығы ретінде байкал қатпарлыгын атайды. Бұл қатпарлық протерозойда 
басталып, палеозойдың басында аяқталды. 
Байкал қатпарлығының құрылымдары мен олардың ерекшеліктері алғаш рет 
Байкал көлінің маңындағы тауларда анықталған, қатпарлық аты осымен 
байланысты қойылған. Сонымен қатар байкал қатпарлығының іздерін Шығыс 
Саян, Таймыр, Корея және Арабия түбектерінен кездестіруге болады. Бұл 
кұрылымдар кейінгі тау жасалу қозғалыстары әсерінен өзгерістерге ұшыраған. 
Палеозойдың силур, девон дәуірлерінде каледон қатпарлығы жүрді. Бұл 
таулар кейінгі герцин қатпарлығында көтерілген таулармен жымдасып, біртұтас 
тау жүйелерін түзді. Палеозойлық құрылымдардың басым көпшілігі кейінгі 
тектоникалық қозғалыстар әсерінен майысуларға ұшырап, ұзақ уақыт теңіз 
табанына айналды. 


 Теңіздік шөгінділерің қарқынды жиналуы жүрген бұл құрылымдар қазіргі кезде 
мұнай мен газға бай аудандар қатарына жатады. Палеозойлық іргетас мезозой 
және кайнозой жыныстарымен жабылған, салыстырмалы түрде тұрақты, жер 
бедері тегіс, жазық болып келетін мұндай құрылымдар жас платформалар немесе 
эпигерциндік (герциннен кейінгі) плиталар деп аталады. Олардың ең ірілеріне: 
Еуразияда Батыс Сібір, Тұран, Батыс Еуропа; Солтүстік Америкада Мексика 
шығанағы жағалауы жатады. Палеозойлық құрылымдар құрлықтың оқшау 
жатқан ежелгі бөліктерін біріктірген. Олар қазіргі материктердің негізін құрайды. 
Құрлыктың континенттік шөгінділер қалың жиналған бөліктерінде қазіргі ірі 
көмір алаптары қалыптаса бастады. Бұл күштер неотектоникалық қозғалыстар 
деп аталады, себебі бұл қозғалыстар әсерінен терең тектоникалық жарықтар 
пайда болып, салыстырмалы түрде ежелгі құрылымдар қозғалмалы 
(сейсмикалық) аудандарға айналды.
Неотектоникалық қозғалыстар Тянь-Шань, Алтай, Саян, Байкал тау жүйелерін 
қамтыды, олардың әсерінен бұл аймақтарда тауаралық ірі қазаншұңқырлар 
қалыптасты. 
Кейбір аудандарда терең жарьщтар жердің терең кыртысы аркылы мантияға 
дейін жетіп ,рифтілер қалыптасты. Мүндай рифтілер катарына Байкал көлі мен 
Өлі теңіз табанындағы жөне Шығыс Африкадағы Үлы жарьщтар жатады. Терең 
тектоникалық жарьщтар бойында көл казаншүңкырлары орналасады. 
Дүниежүзілік мұхит табанында рифтілердің ең ірі жүйесі таралған, олар суасты 
орта жоталарына сәйкес келеді. 
Материктердің Тынық мұхитпен жалғас бөліктері қазіргі кездегі тау жасалудың 
ең қарқынды жүріп жатқан аудандары болып табылады, бұл аймақ Тынық 
мұхиттық жанартаулық белдеу деп аталады. Бұл белдеуде қарқынды жанартау 
атқылаулары, күшті жерсілкінулер тоқтаусыз жүріп жатыр. Жанартаулық белдеу 
бойымен материктік литосфералық тақталардың аумағы біртіндеп ұлғаюда. 
Қазіргі кезде құрлық пен мұхит табандарында 800-ден астам сөнбеген жанартау 
орналасқан. Олардан жылына 6 млрд тоннадан астам эффузивті жыныстар лава 
түрінде жайылып, жер қыртысын қалындатады. 


Әдебиеттер тізімі: 
1.
https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D0%BE%D0%BB%D0
%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B6%
D1%8B%D0%BB_%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%83_%D0%
B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D0%B3%D0%B5%D0%BE%D1%85%D
1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8
%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%BA%D0%B5%D1%81%D1%
82%D0%B5 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет