8
алшақтап, жеккөрініш, бұрмаланған дерек пен өз пікірін тықпалау
ортасына айналды.
Бүкіл әлемдегі реттеуші мекемелер ақпарат арқылы алдап-арбау,
сайлаушыларға ықпал ету сияқты түнек экономиканың «қара жүрегіне»
үңілуді енді бастаған еді, пандемия кезінде оның бәрі ушығып кетті.
Боттар армиясы, ұтымды стратегиялар мен қаржыландырылған контент,
жалған дерек (жаңылдыру мақсатында әдейі тарататын ақпарат) желдей
гулеп, тарап жатыр.
Қолданушылар жайлы ауқымды мәлімет жинауға мүмкіндік беретін
технологиялар жарнама берушілердің қажет нысанды дәл табуына
көмектеседі, сөйтіп, оларға рас-өтірігі аралас ақпарат таратады.
Адамдардың, жалпы қоғамның мінез-құлқын анықтай алу қабілеті АҚШ-
та 2016 жылғы президент сайлауы кезінде қатты көрінді; отандық және
шетелдік насихатшылар әлеуметтік медианы жалған дерек қолдануға
пайдаланып, өзіне өзін қарсы қойды.
Қазіргі пандемия кезінде жалған ақпарат, фейк жаңалықтар мен
астыртын теориялар өмірдің барлық аспектісіне елеулі ықпал етеді,
әсіресе психикалық тұрғыда зор ықпал етіп жыыатыр. Бұл жағынан
алғанда ұзақ мерзімді салдары қандай болары әлі белгісіз.
COVID-19 пандемиясы кезіндегі жалған дерекке «Қытай вирусы»
туралы хикая мен сырқатты «емдеу» үшін ағартқыш құралдар қолдану
сияқты оқиғаларды жатқызуға болады. Жалған хикаяның бәрі ойдан
шығарылған, оны таратушылар сапасына да, ойлап тапқан адамның жеке
басына да мән бермейді. Негізгі пікірталасқа жалған ақпарат элементтері
жиі араласып кетеді, сондықтан дискурсқа бөліну күшейе түседі.
SARS-CoV-19 барлық аспектісі қате немесе жалған ақпаратқа толы:
өлген адамдар саны, вирустың таралуы, инфекцияның алдын алу
немесе оны емдеу жолы мен шығу тегі т.б. Кейде мұндай жалған ақпарат
адамдардың мінез-құлқын, көзқарасы мен қарым-қатынасын өзгертеді,
түбінде оның салдары ауыр болмақ. Жалған ақпараттың «мәңгілік
қозғалысы» мен пандемияның өршуі көп адамға зиян келтіреді, жаһандық
денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен ауқымына қатер төндіреді.
Бұл пандемия эпидемиологиялық тұрғыда ғана емес, жалған ақпарат
ауқымы мен оның саясаткерлерге, үкіметтер мен адамдарға әсері
жағынан да бірегей жағдай болды. Сондықтан бұрынғыдан бетер жік-
жікке бөлінген әлемде барлық (әлеуметтік) медиа құралдары COVID-19
пандемиясына қатысты деректі таратуда фактіге сүйенетін, адамдардың
мүддесіне бағытталған, қоғамдық жауапкершілігі бар дерекке жүгінуі
қажетін баса айту керек.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасына да қатысты.
Мекемелерге сенім азайған елде COVID-19 туралы қауесеттер еркін
тарайды. Қазақстандағы Фридрих Эберт қоры (Friedrich-Ebert-Foundation
Kazakhstan) (
Достарыңызбен бөлісу: