Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Қазақстандықтардың пандемия кезіндегі әлеуметтік көңіл-



Pdf көрінісі
бет8/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   165
Қазақстандықтардың пандемия кезіндегі әлеуметтік көңіл-
күйі: қоғамның коммуникацияға деген сұранысын талдау
Қазақстандықтар соңғы бір жылда ауыр жағдайды бастан өткерді. 
COVID-19 медиа мен қатардағы азаматтардың басты тақырыбына 
айналды. Биылғы жылдың наурыз айында енгізіліп, 60 күнге жалғасқан 
төтенше жағдай дертке тежеу салды, алайда шілде айында жағдай өршіп, 
инфекцияның таралуын толық бақылауда ұстау мүмкін болмай қалды. 
Билік локдаун жариялады. Жаз кезінде шенеуніктер екіұдай жағдайға тап 
болды: бір жағынан, кедейлік пен рецессияны еңсеру; екінші жағынан, 
вирусқа төтеп беріп, адам өміріне араша түсу қажет болды.
Вирус жұқтырғандар саны күрт артқан шақта медицина 
қызметкерлерінің өтініші бойынша қоғамдық пікірді білу үшін арнайы 
зерттеу жүргізілген еді. Медицина қызметкерлері коронавирустың 
жаңа толқынына дайын болу үшін қоғамдағы ахуал туралы барынша 
орнықты пікірді білу маңызды болды. Қоғамның көңіл-күйін зерттеумен 
айналысатын сарапшылар болса, дәл сол уақытта әлеуметтік-саяси 
жағдайдың өзгеруін бақылап, тиісті мемлекеттік органдар мен 
құрылымдарға ұсыныс жасауды көздеген.
Әдістеме жөнінде: «жентек қар тәсілін» негізге ала отырып, қоғамдық 
пікірді білу мақсатында сауалнама таратылған, оған кәмелетке толған 
9 227 адам жауап берді (72% әйел, 28% ер адам). Басым бөлігі – қала 
тұрғындары. 
Медицина мамандары COVID-19 дертінің ауыр түріне шалдығуына 
адамның өмір салты мен зиян әдетке салынуы негіз болатынын анықтаған. 
Осындай жағымсыз факторлардың ішінде қазақстандықтар арасында 
алкоголь ішу (22,9%), шылым шегу (15,4%), сондай-ақ артық салмақ (17,4%) 
және қан қысымының жоғары болуы (9,1%) сияқты түрлері жиі кездеседі. 
Сауалнамаға қатысқан кезде коронавирус инфекциясын жұқтырғаны 
расталған респонденттердің көпшілігінің артық салмақтан зардап 
шегетіні (44,3%) және қан қысымының жоғары екені (84,7%) анықталған. 
Барлығының дем алуы ауыр болатыны (100%) және холестерин деңгейі 
жоғары (94,7%) екені белгілі болды.
Бұған қоса, зерттеу барысында шетелдік ғалымдардың «қаны екінші 
топқа жататын адамдар өзгелерге қарағанда вирусты тез жұқтырады» 
деген тұжырымы расталды. COVID-19 дертіне шалдыққан және өз қан 
тобын білетін респонденттердің бәрінің қаны екінші топқа жататын 
болып шықты.
Ауру өршіген шақта сауалнамаға жауап бергендердің 18,2%-ы өзін 
саумын деп санаған, созылмалы аурумен ауыратынын респонденттердің 
11,4%-ы, ал респираторлық ауру белгілері бар екенін 7,8%-ы ескерткен, 
респонденттердің дәл осындай саны сырқаттанғанын (айтқандарына 
қарағанда, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын) айтқан, 8,9%-
ы COVID-19 жұқтырғаны расталғанын атап өткен. Көпшілігі (46,0%) 
коронавирус инфекциясын жұқтырып алдым ба деп күдіктенетінін 
білдірген.
Медиада пандемияға қарсы тұрудың жалғыз жолы ретінде топтық 
иммунитет қалыптастыру мәселесі жиі көтерілетін. Бұл ақпараттық 
трендтен Қазақстан да тыс қалмады. Вирус жұқтырғандар саны бойынша 
солтүстік және оңтүстік астаналар топ бастап тұр; coronavirus2020.
kz (www.coronavirus2020.kz, 2020) сайтының мәліметінше, биылғы 


17
жылдың 16 қазанындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 14 
274 коронавирус дерегі тіркелген, Алматы қаласында – 14 495. Нақтылай 
түссек, бұл – пандемия басталғалы бері науқастанғандардың жалпы 
саны, вирустан айыққандар саны, сәйкесінше, 13 672 және 14 141 адам. 
Мемлекеттік бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің сөзінше, Алматы 
қаласында топтық иммунитетті зерттеп көруге әрекет жасалған. БАҚ-та 
жарияланған мәліметке сенсек, қала зертханаларының бірінде жүргізілген 
сынақ нәтижесі көрсеткендей, шілде айының үшінші онкүндігінің басына 
таман, соңғы үш апта ішінде халықтың топтық иммунитеті 14%-дан 23%-
ға дейін өскен (tengrinews.kz, 2020). 
Осы бір алдын ала деректі Ж.Бекшин мәлімдеме жасаған уақытпен 
тұспа-тұс келген социологиялық талдау нәтижелерімен салыстырсақ, 
респонденттердің 16,7%-ы коронавируспен ауырып жүр немесе өздерінде 
коронавирус анықталған. Демек, 100 қазақстандықтың 16-сында 
иммунитет бар. Бұл сандық көрсеткіш жеткіліксіз, өйткені британдық 
мамандардың пікірінше, топтық иммунитеттің шекті көрсеткіші 60–70% 
болуы керек (bbc.com, 2020).
Осы ретте медициналық компаниялардың бірінің бас директоры 
Фуат Дивеевтің сөзі назар аударарлық. Айтуынша, оның мамандары G 
класындағы иммуноглобулинге күніне 300 зерттеу жүргізеді, солардың 
60%-ы оң нәтиже береді екен. Яғни адамдардың 60%-ы белгілі дәрежеде 
ковид жұқтырған (pavlodarnews.kz, 2020). Жүргізілген социологиялық 
зерттеуге қатысқандардың 46%-ы, яғни әрбір екінші адам коронавирус 
инфекциясына шалдыққан.
Бұл деректер халықаралық сарапшылар келтірген мәліметтерге сәйкес 
келеді. Осы орайда айта кетер жайт, зерттеуде медицина мамандары 
болжамдарын социологиялық әдіс-тәсілдер көмегімен растауға не 
терістеуге әрекет жасалған.
Сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші адам өзінің коронавирусты 
қайдан жұқтырғанын нақты айта алмаған. Әрбір бесінші респондент 
әріптестері, достары, отбасы мүшелерімен және туысқандарымен 
сөйлескеннен кейін инфекцияны қалай жұқтыруым мүмкін деген 
сұраққа жауап бере алған. Социологиялық әдістерді қолданғанның өзінде 
байқалғандай, COVID-19-дың әлеуметтік қарым-қатынастар арқылы 
таралатыны расталды, сондықтан вирус жұқтырғандар санын азайтудың 
бірден-бір жолы – әлеуметтік арақашықтық сақтау шаралары.
Медиа кеңістігінде елдегі вирус жұқтыру динамикасына әсер ететін 
жайттар туралы қарама-қарсы пікірлер жетіп артылады. Атап айтсақ, 
Қазақстанның «Информбюро», Tengrinews, «365.kz» және т.б. негізгі 
ақпарат ресурстарындағы жаңалықтарға жасалған жалпы шолудан 
байқағанымыздай, көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шараларға тыйым 
салынғанына қарамастан, қазақстандықтардың той тойлап жүргені 
туралы мәлімет көп. Тіпті мемлекет басшысының өзі қазір «той тойға 
ұлассын» деген мәтелді желеу етіп, ұлан асыр той жасайтын уақыт емес 
деген. Қ.К. Тоқаев технологиялар дәуірінде бос әңгіме мен өзін-өзі 
мадақтауды доғару керегін атап өткен. ҚР Президентінің ойынша, адам 
аман қалудың қамын ойлайтын заманда еңбек етуге талаптануға тиіс 
(informburo.kz, 2020). Осы орайда сауалнамаға қатысқан 20 адамның біреуі 
ғана өзінің сырқаттанғанын отбасылық жиын-тойға, мерекелік шараға 
қатысқанымен байланыстырған. Бұл сауалнама биыл сырқаттанғандар 


18
саны күрт артқан кезеңде берілген болатын, қоғам жаңа дәуір қағидаларын 
сонда ғана аңғара бастаған еді.
Мемлекеттің спорт залдарының жұмысына неге соншалық қатаң 
шектеу қойғаны түсініксіз. Респонденттердің 1,2%-ы ғана спортпен 
шұғылданған соң сырқаттанғанын айтқан. Фитнес-индустрия 
операторлары қауымдастығының басшысы Татьяна Салатинаның 
айтуынша, осындай жағдайда қатаң, кейде тым қатаң шектеудің 
енгізілуіне фитнес орталықтары мен клубтардың үштен бір бөлігі 
төтеп бере алмаған, тағы 20%-ы қатаң шектеу шаралары болмаған 
күннің өзінде жабылуға жақын. Бүгінде батыс аймақтарында, мысалы, 
Атырауда және Ақтауда, санитарлық режимді бұзу статистикасына сай, 
аталған нысандардың санитарлық ережелер мен нормаларды сақтауда 
айтарлықтай жауапкершілік танытқанына қарамастан, спортзалдардың 
жұмысына қайта тыйым салынды (lsm.kz, 2020).
Вирус жұқтыруға себеп болған жайттар қатарында сауда орталықта-
рына (4,4%), кафеге немесе мейрамханаға (2,2%) бару, қоғамдық көлікпен 
жүру (9,1%) де бар. Ауруға шалдыққанын әлеуметтік белсенділіктің аталған 
түрлерімен байланыстырған азаматтар көп емес, өйткені сауалнама 
оқшаулау шаралары күшейтілген, тұрғындардың сауда орталықтарына, 
кафелер мен мейрамханаларға барып келуге, қоғамдық көлікте жүруге 
шектеу қойылған кезде берілген болатын.
Әйелдердің әлеуметтік рөлі ерекше екені де байқалады: пайызға 
шаққанда, әйелдердің көбі вирусты қарым-қатынаста, ал ерлер қоғамдық 
көлікте немесе отбасылық жиынға, асқа барғанда жұқтырғанын айтқан.
Сауалнамаға қатысқандардан вирусты кімнен жұқтырғаны сұралған. 
Әрине, бұл деректер толық сенімді емес, себебі оларды растайтын 
зертханалық диагностика жасалмаған. Төрт адамның біреуі вирусты 
туған-туысқандарымнан жұқтырдым, әрбір бесінші респондент ауруды 
әріптесімнен жұқтырдым деген. 10 адамның біреуі вирусты ата-анасынан 
жұқтырдым деген. Вирусты балаларынан жұқтырдым деп сенетіндер 
саны – 4,9%.
Аурудың таралуына қарсы тұру үшін жеке қорғаныс құралдарын 
пайдалану мәселесі де өзекті. Бір қызығы, сауалнамаға жауап бергендердің 
жарты пайызы ғана жеке қорғаныс құралдарын пайдаланудан бас 
тартқанын айтқан. Бұл жайт та медиа кеңістігіндегі жағдайға сай емес, 
өйткені әрбір БАҚ вирустың тез таралуына сақтық шараларын қолданбай 
жүрген азаматтардың өзі кінәлі екеніне баса назар аударған.
Жауап берушілердің үштен бірі антисептик қолданып жүргенін 
айтты. Әрбір төртінші респондент көпреттік бетперде, ал әрбір бесінші 
респондент респиратор тағады екен. Шамамен, 10%-ы ұдайы медицина 
маскасын тағады. Зерттеушілер сауалына жауап бергендердің 13,2%-ы 
медицина қолғабын киіп жүретінін мәлімдеді. Жеке қорғаныс құралдарын 
қолданбайтындардың көбі – ерлер (8,5%), 0,1%-ы – әйелдер. Ер адамдардың 
72,3%-ы жеке сақтық құралы ретінде медицина бетпердесін тағады, ал 
әйелдердің көбі (83,9%) көпреттік маска таққанды жөн санайды.
Социологиялық сауалнама нәтижелерінен белгілі болғандай, медицина 
саласы дертке қарсы ойдағыдай күресіп жатыр деген мәлімдемелерге 
қарамастан, ауырғандар саны күрт өсіп, жүйеге салмақ артқан кезде 
қызметін біз ойлағандай атқара алмады. Сауалнамаға жауап берушілердің 
54,6%-ы дәрігерге бармағанын айтты, 40,7%-ы медициналық көмекке 


19
жүгінгенін мәлімдеді. Адамдардың 4,7%-ы инфекциямен күресудің 
балама амалын таптық деді.
Дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің арасында мемлекеттік 
емханаларға барғандар үш есе көп. Әрбір бесінші респондентке (22,2%) 
тиісті емді жалпы практика дәрігері жазып берген, стационарлар 
мен жекеменшік медицина орталықтарына қарағанда, мемлекеттік 
емханалар қызметіне жүгінгендер саны үш есе көп болған. Емханаларға 
жәрдем сұрап ағылғандар да, дәрігерге бармай, өз бетімен емделгендер 
де көп еді. Дәрігердің қабылдауында бола алмағандар саны медициналық 
мекеменің түріне байланысты 2,9–8,2% аралығында ауытқып отырды. 
Респонденттердің сөзінше, әсіресе учаскелік дәрігердің қабылдауына 
жазылу қиын болған. Жедел жәрдем шақырмағандар (51,5%) мен 
ауруханаға бармағандардың (49,9%) көп болғаны – ковид ауруы, көп 
жағдайда, жеңіл және орташа ауыр түрде өтеді, яғни қарқынды терапия 
қолдану қажет емес деген тұжырымды растап тұр. Сауалнамаға жауап 
берген әрбір бесінші азамат коронавирусты емдеуге шамамен 40–50 мың 
теңге жұмсағанын айтты. Осы ретте емге кеткен шығынды мемлекет, 
жұмыс беруші немесе сақтандыру компаниясы өтеді дегендердің саны 
100 респонденттің біреуінен де аз. Байқағанымыздай, күтпеген жағдайда 
емделуші өз қамын өзі ойлауға мәжбүр болды.
Жалпы, қалада тұратын қатардағы қазақстандық пандемия қаупін 
аңғарып, жауапкершілік танытты, қорғаныс құралдары мен антисептик 
қолданады, бетперде тағады деп қорытынды жасауға болады. Осылай 
бола тұра, сақтандыру жарнасын үзбей төлеп тұратын дәл осы азамат 
тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханадағы дәрігердің көмегіне 
жүгіне алмады. Шілде айында, вирус өршіген шақта іс жүзінде ақысыз 
медициналық жәрдем ала алмай қалды, ал БАҚ-та жиі сөз болған 
жәрдемақыны дәрі-дәрмекке жұмсауға тура келді. Неге осылай болды 
деген сұраққа әлі де нақты жауап жоқ. Ал медиа кеңістікте жаңсақ 
пікір қалыптастыратын қарама-қарсы бейнероликтер мен адамды 
үрейлендіретін жарияланымдар өріп жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет