Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет96/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   165
Әдебиетке шолу
Интернеттің пайда болуы көп жайтты, соның ішінде коммуникация 
тәсілдері мен жалпыға ортақ әлемді өзгертті, – дейді Брайан мен Агниезка
(2018). Интернет – екі жүзді қылыш. Оның пайдасын да, зиянын да көруге 
болады. 
Интернет ең жылдам дамып келе жатқан коммуникация құралы 
ретінде халықтың ақпарат алу жолын ғана емес, ойлау тәсілі мен қандай да 
бір мәселеге көзқарасын да өзгертті. COVID-19 пандемиясы басталғанда, 
көп нәрсе кенеттен дерлік «е-жағдайына» айналып шыға келді: е-оқыту, 
е-коммерция, е-кітап, е-қатысу. 
Әлеуметтік және физикалық қашықтықты сақтау талабы әлі де 
маңызды болып, қарым-қатынаста, ақпарат, жұмыс не кеңес іздеуде 
цифрлы платформаға тәуелділік артып, бұған дейінгі әдеттерді ығыстыра 
бастады. 
Университет студенттері мен оқытушылары интернет алдын ала 
жоспарлаған ғылыми мақсаттарға жетудің тиімді құралы екенін байқады. 
Кей адамдар интернетті жаңа және дәстүрлі медиаплатформаның 
екеуіндегі жаңалықты қатар оқып отыруға қолдана бастады. Индустрия 
көшбасшылары интернетті әлеуметтік медиадағы, радиодағы, 
телевидениедегі және газеттегі жаңалықтарды оқумен қатар, бизнесті 
ілгерілетуге көмекші ретінде де қолданды (O’Coссor & Weatherall, 2019). 
Интернет байланысының тарауы мен қолжетімді болуы әлеуметтік 
медиақолданушылар санының артуына түрткі болып, жаңалықты 
жеткізуді жақсарта түсті. Әлеуметтік медиа құралдары кең қолданысқа ие 
болып, жаңалық оқудың өміршең арналарының біріне айналды. Алайда 
әлеуметтік медиа жалған жаңалық таратқысы келген қолданушылардың 
негізгі кеңістігінің біріне айналды (Berghel, 2017). Ойейеми мен оның 
әріптестері зерттеу жұмысында (2014) әлеуметтік медиа қандай да бір 
саланың маманы емес адам үшін жаңсақ мәлімет пен алып-қашпа әңгіме 
тарату арнасына айналуы мүмкін деп жазған. Турманның айтуынша 
(2008), әлеуметтік медиа ғана емес, сонымен қатар жаңалықты шұғыл 
таратып, қолданушылардың назарын аударуға тырысқан онлайн-жаңалық 
қызметі де сенімсіз контент ұсынуы әбден мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет