Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет93/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   165
Нәтижелер және талқылау
Ай сайынғы көрсеткіштерге жүгінетін болсақ, Қазақстандағы веб-
порталдарда белгісіз жаңа вирустың шыққаны туралы алғашқы хабар 2020 
жылғы 1 қаңтарда жарияланған екен. 2019 жылдың желтоқсан айында 
вирус туралы мәлімет жоқ, ал Қытай Халық Республикасының (ҚХР) 
дереккөздерінде мұндай мәліметтер бар. 2020 жылдың 22 қаңтарына 
дейінгі аралықта ақпарат порталдарында күн сайын жаңа пайда 
болған коронавирус туралы жаңалықтар жарияланып тұрған. Дегенмен 
ақпарат аз еді, күніне бір-екі мақала ғана шығатын, кейде мүлде ештеңе 
жарияланбайтын.
2020 жылғы 23 қаңтардан бастап баспасөзде вирус туралы ақпараттың 
саны күрт өскенін байқаймыз. Бұған дейін тәулігіне осы тақырыптағы 
мақалалардың саны үштен аспайтын, ал бертін келе, тәулігіне отыздан 
көп мақала жарияланатын болды. Пандемия туралы хабар сенсациялық 
сипатқа ие болып, бір аптаға жетер-жетпес уақытта бүкіл Қазақстан 
аумағына таралып үлгерді. Әртүрлі веб-порталдарда жарияланған 
мақалалардың мазмұны бірдей болды: тек кей сөздер, тіркестер 
өзгертілген не қосымша цитаталар жазылған. Осыған байланысты кейбір 
мақалалар біздің зерттеуге енбей қалды. Төмендегі графикте біз тексерген 
он ақпарат порталының бәрінде 2019 жылдың желтоқсан айы мен 2020 
жылғы тамыз аралығында COVID-19 туралы жарық көрген мақалалардың 
саны көрсетілген (қайталанатын мақалалар есепке алынбады).


220
Коронавирус тақырыбына арналған мақалалар санының күрт артуын 
пандемияның жаппай сипат алуымен түсіндіруге болады. Вирус өте 
жылдам тарағандықтан, ақпарат құралдары бұрынғыдан да жиі хабар 
таратуды ұйғарды. Бұл жерде экономиканың «Сұраныс пен ұсыныс заңы» 
қағидасының іске асқанын байқауға болады, сұраныс неғұрлым жоғары 
болса, ұсыныс та соғұрлым көп болады. Вирустан сақтануға асыққан 
жұртқа ақпарат ауадай қажет болды. Бұл жайт журналистердің қапы 
қалғанды қаламайтын мүмкіндігі еді, COVID-19 дискурсына арналған 
мақалалардың көбейіп кеткені де содан.
1-график. Жарияланған мақалалар саны
Коронавирус туралы ең көп мақала шыққан мерзім – 2020 жылдың 
маусым айы – елде сырқаттанғандар ең көп тіркелген кезең. Сондықтан 
да осы проблемаға арналған мақалалар да көп болған. Жарияланған 
мақалаларда науқастардың ауруханаға жатқызылғаны, Қазақстанда 
енгізілген карантин шаралары, респираторлық қорғаныс құралдарының 
жетіспеуі, дәрі-дәрмек, вирусты симптомсыз таратушылар жайы т.б. сөз 
болған.
Графикке қарасақ, веб-платформаларда осы тақырыптағы жаңалықтар 
бұрынғыдан көп жарияланған екінші кезең – 2020 жылдың наурызы. Сол 
кезде жарық көрген мақалаларда Қазақстанның бас санитар дәрігері 
Ж.Бекшиннің елге коронавирус инфекциясының таралатыны туралы 
мәлімдемесі, алғашқы сырқаттанғандар мен вирустан қорғану шаралары 
туралы айтылған. Ақпараттық мақалалардың контексін ескерсек, 
олардың мазмұнынан айрықша бір үрдісті байқауға болады. Мәселен, 
қаңтарда Қытайда белгісіз вирус шыққаны туралы хабар тарады, ақпанда 
вирустың шекара асып, әлемге жайылғаны мәлім болды, наурызда ДДСҰ-
ның коронавирус пандемиясы жөніндегі қаулысы жарияланды, осы 
кезде Қазақстанда алғаш вирус жұқтырғандар тіркелді, сәуір айында 
Қазақстанда бірқатар карантин шаралары енгізілді, мамыр-маусым 
айларында дертке шалдыққандар саны артты, Қазақстан дүниежүзінде 
қайтадан карантин енгізген жалғыз мемлекет болып танылды, шілде-


221
тамыз айларында аурудан жазылып шыққандар, қайтыс болғандар туралы 
статистикалық деректер келтіріліп, күзде эпидемияның екінші толқыны 
болуы мүмкін екені баяндалды.
Ақпараттық мақалаларды мұқият талдаған соң, олардың ішіндегі 
жалған мақалаларды анықтадық. Талданған 4 712 мақаланың үштен 
бір бөлігі (1 844) жалған болып шықты. Дегенмен, өзіміз анықтаған 
критерийлерге сай, жалған мақалалар санатына, ішінара жалған болса 
да, жаңылыс басылған сөздер, емле қателері бар мақалалар да енгізілді. 
Төмендегі графикте жалған ақпараттың тиісті критерийін анықтау жиілігі 
көрсетілген.
2-график. Белгіленген критерийге сай жалған ақпаратты анықтау жиілігі
Зерттеу басында айқындалған критерийлерге сәйкес, ең жиі кездесетіні 
(622 рет) – жалған ақпараттың бірінші түрі: мәтінде кеткен қателер, 
қате басылған сөздер; осы ретте мұндайлар айтарлықтай көп болғанын 
атап өткен жөн. Бұған адам факторы себеп болған көрінеді, өйткені 
ақпараттық порталдардың көбі тәулік бойы жұмыс істейді, тіпті түнде де 
көп мақала жарияланып жатады. Дегенмен жаңалықтарды миллиондаған 
адам оқитынын ескерсек, мұндай ұсақ-түйек нәрселерге де мұқият болған 
абзал.
Екінші графиктен көріп отырғанымыздай, COVID-19 дискурсына 
қатысты ең аз мақала саны (212) ақылға сыймайтын мәлімет санатына 
жатады. Отандық интернет-порталдарда коронавирустан айығуға 
көмектесетін таңғажайып әдіс-амалдар, ем-дом шаралары туралы 
мақалалар да аз болмады, айта кетерлігі, мұндай әдістерді ДДСҰ 
растамаған. Мысалы, сондай мақалалардың бірінде көзге көрінбейтін 
тылсым күштермен байланысқа түсіп, коронавирусты қалай емдеуге 
болатынын сұраған қазақстандық бір әйел туралы айтылады. Әйелдің 
сұрағына әлдебір дауыстар жауап беріп, вирус жұқтырған науқастың 
кеудесіне шикі жұмыртқа мен жыланның уын жағу керек деген екен (www.
nur.kz, 2020; www.ztb.kz, 2020). Иттің етін жеген адам аурудан айығады 
деген қисынсыз ақыл-кеңестер де ұшырасады. Мұндай кеңестерге 
сеніп қалған адам алды-артын аңдамай, зиян шегуі мүмкін. Дегенмен, 
бәлкім, осы сияқты мақалалар адамның қандай да бір әрекет істеуіне 
ықыластандыруды емес, көңілін көтеруді көздеген шығар. Осындай 
күмәнді ақыл-кеңес беретін мақалалар пандемия басталған кезден бері 


222
екі-үш ай ішінде жиі шығып тұратын, уақыт өте келе сирей бастады. 
Көздеген мақсатқа жету үшін дезинформация лезде, яғни сенімді әрі 
растап алуға болатын ақпараттан бұрын таратылып отырды.
Аз кездескен қатенің тағы бір түрі – дереккөздерді дұрыс көрсетпеу 
(213). Жалпы, ақпарат құралдарының редакциялары ресми дереккөздерге 
жиі сілтеме жасайды әрі олардан үзінді келтіргенде, мұқият болуға 
тырысады. Соған қарамастан, қате кеткен кездер болып тұрады; мысалы, 
жарияланған бір мақалада Қытайда тұратын Қазақстан азаматы Қытайдың 
ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметіне сілтеп, вирус 
температураның өзгеруіне сезімтал емес деген. Бұл, біріншіден, ДДСҰ 
қаулысына қайшы, жалған ақпарат; екіншіден, мақалада информатордың 
аты-жөні, оның кім екені, қандай қызмет атқаратыны көрсетілмеген. 
Демек, дереккөз белгісіз. Дереккөзі сенімсіз тағы бір мақаланы атап өтсек, 
онда туристердің сөзінше, Қытайда коронавирус туралы ешкім ештеңе 
айтпайды, бұл елдегі жағдай БАҚ жазып жүргендегіден де қорқынышты 
делінген. Бұл мақалада дереккөздің сенімді екенін растайтын ақпарат та, 
нақты цитаталар да жоқ. Дереккөз айқындалмаған не дұрыс көрсетілмеген 
жағдайлардың көбінде ақпаратты дезинформатор таратады; ол 
өз ойын, көзқарасын, алыпқашпа сөзді «туристердің пікірінше», 
«қазақстандықтардың ойынша» т.б. жалпылама тіркестермен бүркемелеп 
жеткізеді. 
Мақала авторлары вирусологтар, эпидемиологтар мен басқа да 
мамандардың пікіріне сілтеп, дәйексөздер келтірген. Алайда мұндай 
пікірлерді кейін клиникалық зерттеу нәтижелері мен ДДСҰ-ның ресми 
деректері жоққа шығарған. Осы сияқты қайшылықтар мен сәйкес емес 
деректер кездесіп отырды. Себебі мамандар жаңа, аз зерттелген вируспен 
бетпе-бет келді, вирус туралы ақпараттың күн сайын өзгеріп жатқаны да 
рас. Әсіресе Covid-19-бен байланысты конспирологиялық теориялар көп 
болды, бұл да ғалымдардың жаңа вирустан хабары аз болғанынан шығып 
отыр. Төменде жалған ақпарат саналатын осындай қайшы және сәйкес 
емес материалдардан (457) мысалдар келтірілген. 
- 2020 жылғы 6-7 қаңтарда жарияланған мақалада Денсаулық сақтау 
министрлігі вирус тасымалдаушы болуы мүмкін болғандықтан, 
жануарларға жақындамауға кеңес береді (www.nur.kz, 2020a; www.
zakon.kz, 2020), алайда кейін вирустың ауа арқылы, адамнан адамға 
жұғатыны дәлелденді (WHO.int, 2020a).
- 2020 жылғы 11 қаңтарда осыған ұқсас мақала жарық көрді (www.
nur.kz, 2020b; www.tengrinews.kz, 2020; www.inform.kz, 2020). Онда 
вирустың адамнан адамға жұқпайтыны, бәлкім, ет немесе теңіз 
өнімдері арқылы жұғатыны туралы айтылған, ДДСҰ бұл деректі де 
жоққа шығарды (WHO.int, 2020b).
- 2020 жылғы 13 қаңтарда отандық ақпарат порталдарында адам 
коронавирусы +56 температурада он минут ішінде күшін жояды, 
ал +75 температурада жарты сағат ішінде күшін жоғалтады деген 
мәлімет шықты (www.nur.kz, 2020c). Бұл тұжырымды да ДДСҰ 
терістеді. COVID-19 дертіне шалдығу ықтималдығы күннің ыстық не 
суық болуына тәуелді емес. COVID-19-дың климаты ыстық елдерде 
де таралып жатқаны туралы хабар бар (WHO.int, 2020c). 
- 2020 жылдың қаңтар айының аяғына таман коронавирус гриптен 
қауіпті емес, дүрлігудің қажеті жоқ деген сарында бір емес, бірнеше 
рет ақпарат жарияланды. «Коронавирус инфекциясына қарағанда, 


223
гриптен көз жұматындар саны көп, сондықтан дүрбелең салудың 
қажеті жоқ», – деді инфекционист дәрігер Сауле Атығаева (Nur.kz, 
2020d). 2020 жылғы 17 наурызда ДДСҰ бұл пікірдің даулы екенін 
мәлімдеп, гриппен салыстырғанда, коронавирус дертінің ауыр және 
аса ауыр түріне шалдыққан науқастар саны әлдеқайда көп екенін 
алға тартты. COVID-19 себепші болған өлім-жітім гриптен қайтыс 
болғандар санынан көп деуге негіз бар (WHO.int, 2020). 
- Қазақстанда жарияланған мақалаларда ел дәріханаларында 
бетперделер мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екені хабарланды, 
бірақ бұлар шындыққа кереғар мәлімдемелер еді (Nur.kz, 2020e). 
- Сондай-ақ 2020 жылғы 2 сәуірде жарық көрген бір мақалада жедел 
респираторлық-вирустық инфекция (ЖРВЖ), жедел респираторлық 
ауру (ЖРА) немесе басқа тұмау инфекциясының белгілері бар 
қазақстандықтар COVID-19 бар-жоғын ерте анықтап, емделу үшін 
2020 жылдың қаңтарынан бастап ПТР-тестілеуден өте алады деп 
берілді (Nur.kz, 2020f). Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, 
себебі коронавирусты анықтайтын ПТР-тестілері Қазақстанда 
жылдың басында болған жоқ (Zakon.kz, 2020a). 
- 2020 жылғы 1 маусымда қазақстандық ақпарат порталдарының 
бірінде Ресей дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, адамға 
коронавирус жұқтырудың жаңа жолы анықталды деген мақала 
шықты. Онда жан-жақты лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде 
Ухань қаласындағы аң-құс базарларында сатылған жануарлардың 
етінде вирус жоқ екені расталды делінген (Nur.kz, 2020g; Today.
kz, 2020). Бұл жаңалық қаңтар айында жарияланған хабарларға 
қайшы келді, өйткені жыл басында базарда сатылған жануарлардың 
барлығынан дерлік коронавирус табылғаны айтылған (Nur.kz, 2020h; 
24.kz, 2020). 
Айта кетерлігі, ДДСҰ-ның вирус жөнінде жаңа деректер жариялап 
отырғаны арқасында медициналық дискурсқа қатысты мұндай 
қайшылықтар біртіндеп азая бастады. Қытайдың өзі әлемге жалған 
мәлімет таратқан кездер де жоқ емес; мәселен, Британия зерттеушілері 
жүргізген талдау нәтижелері көрсеткендей, коронавирус жұқтырғандар 
саны Қытай тарабы берген мәліметтердегіден әлдеқайда көп болған. 
ДДСҰ-ның Қытайдағы бөлімшесі бұл жайтты кейін мойындады (Nur.kz, 
2020i). 
Жалған ақпаратты анықтаудың бір критерийі – адам өлтіретін вирус, 
өлімге жеткізетін, «соғыс жағдайына тән режим» т.с.с. сөз тіркестері бар 
мақалалардың эмоциялық реңкі (тональдығы) жоғары болатыны; аталған 
сөздерді елдегі веб-порталдардың барлығынан дерлік кездестіруге болады 
(Nur.kz, 2020j; www.nur.kz, 2020k; Nur.kz, 2020l; Tengrinews.kz, 2020a; 24.kz, 
2020a, Zakon.kz, 2020b). 
Эмоциялық реңкіне қарап, жалған мақаланы анықтауға көмектесетін 
тағы бір тәсіл: автордың оқырманды үрейлендіру, жағдайды әдейі 
ушықтырып сипаттау сияқты манипуляция амалдарын қолдануы, әдетте 
мұндай жағдайда өлімге жеткізетін вирус, қытай вирусы, адам өлтіретін 
вирус, беймәлім пневмония, жұмбақ пневмония, Қытайдан шыққан өлім 
тудыратын вирус, «соғыс жағдайына көшірілді», өліктер үйіліп жатыр 
деген сияқты сөз тіркестері жұмсалады. Басқаша айтқанда, авторлар 
оқырманның бойында жағымсыз эмоцияның пайда болуына септігін 
тигізеді. Біздің пайымымызша, жұртты дүрліктіретін осындай мақалалар 


224
адамның түпсанасына әсер етіп, әрекет етуге түрткі болады. Оқырман 
манипуляция нысанына айналады. Қазақстанда жарық көрген ақпараттық 
мақалаларда жиі ұшырасатын «Қытайдан шыққан өлім туғызатын вирус» 
сынды сөз тіркестері ел арасында нәсілшілдік пен ұлтшылдықтың 
белең алуына әкеп соқтыруы әбден ықтимал. Эмоциялық реңкі жоғары 
мақалалар саны – 340, бұларды жалған ақпарат деп тануға болады.
Айтып өткеніміздей, дезинформация мен мисинформацияның 
арасында бірқатар айырмашылық бар, сол себепті біз көрінеу жалған 
ақпарат берген мақалаларды, яғни әдейі осындай мақала үшін жасалған 
фейк жайттарды, жалған мәліметті өзге дереккөздерден алған, яғни 
бұрын жарияланған жалған ақпаратты қолданған мақалалардан бөлек 
қарастырдық. Ол үшін ақпарат алынған дереккөздердің сенімді-
сенімсізін тексердік. Нәтижесінде, жинаған деректерге сенсек, 
Қазақстанның ақпарат порталдарындағы мисинформацияның пайыздық 
үлесі (64%) дезинформациядан айтарлықтай көп. Демек, қазақстандық 
веб-платформалардағы жалған ақпараттың басым бөлігі қасақана 
жарияланбаған, мұндай жалған ақпарат басқа дереккөздерден алынған. 
Біз талдаған мақалалардың, шамамен, 36%-ы дезинформация, яғни 
ондай мақалалардың мазмұнын қазақстандық журналистер әдейі 
солай етіп жазған мүмкін. Себебі ақпарат құралдарының редакциялары 
күніне отызға жуық мақала жариялап отырған, мұның сапаға әсер 
етпей қоймауы мүмкін емес. Дегенмен талданған мақалалардың 
барлығында ішінара жалған ақпарат қана келтірілгенін атап өткен 
жөн. Толығымен дезинформация деуге болатын мақала жоқ. Біраз 
ақпараттың нақтылығы тексерілмеген, мисинформация көп болғаны да 
содан. Жаңалықтар басқа дереккөздерден, әдетте мәліметті тексермей-
ақ жариялай салатын ресейлік дереккөздерден алынатын. Естеріңізде 
болса, Еуропалық Одақ Ресей The Telegraph және Financial Times сынды 
британиялық басылымдарда коронавирус жайында жалған ақпарат 
таратқан деген күдік бар екенін бірнеше рет мәлімдеген (Svoboda.org, 
2020). Сондықтан қазақстандық ақпарат құралдары редакцияларының 
Ресей дереккөздерінде дезинформацияның бар-жоғын мұқият тексергені 
немесе мисинформация құрбаны болмас үшін шетелдік дереккөздерге 
жиі сілтеме жасағаны абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет