Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015


Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата06.01.2022
өлшемі1,07 Mb.
#15121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015 

 

               ISSN 2410-2725 

қолаң  бірі  қалмауы  керек)  одан  барып  ақындық  ортасы  (мұнда  тек  Абайдың 

заманында байланыста болған ақындар мен өзі тәрбиелеген шәкірт ақындар ғана 

емес,  Абай  алыстан  білген,  өнегелі  сөзіне  сүйсінген  ақындар  да  қамтылуы  тиіс) 

сияқты салалардан тұратынын ескерсек, бұл тақырыптың жеріне жете зерттелуі – 

абайтану ғылымын тағы бір белеске көтерері анық.   

Ақындық  орта  деп  сол  ақынның  шығармашылық  жолында  оның 

қалыптасып, нағыз сөз майталманына айналып шыңдалуына тікелей әсер еткен 

өнерлі адамдар тобын, әдеби ортаны айтамыз. Абайдың әдеби ортасы – ақын 

өмір сүрген уақытта ақынға өз әсерін тигізген, үлгі көрсеткен аға буын ақындар, 

би-шешендер,  әнші-күйші өнерлі  адамдар  және  сол  Абайдан  үлгі  алған  ішінде 

ақыны бар, әншісі мен күйшісі бар өнерлі жастар.  

Кейінгі  өкілден  Абайдың  ақындық  айналасын  құрап,  олардың  бірсыпырасы 

ақын шәкірттері қатарына кіреді. Әуезовтің де Абай айналасын, ақындық ортасын 

ақынның өзі алған нәрі және өзгеге берген нәрі деп екі салаға жіктейді десек, осы 

екі саланың өзі тығыз бірлікте, байланыста.  

Абай өзіне дейінгіден алып, кейінгіге берді десек, Абай тек дәстүрді жалғаушы, 

ұлттық әдебиетті тасымалдаушы дәрежесінде ғана қалып қояды. Ал, Абай - одан 

жоғары  тұрған  күрделі  тұлға.  Қазақтың  төл  әдебиетін  классикалық  дәрежеге 

көтеруші ғана емес, кейінгі әдеби буынға үлгі ұсынушы, өнер таратушы бола білді. 

Ақындық  өнер  -  күрделі  ұғым.  Абай  алдыңғысынан  тек  алып  қана  қойған  жоқ, 

соның  маржанын  ғана  екшеп, арзанын  сынға  ала  шыңдалды,  өсті.  Сол  толысқан 

шағында  өзінен  кейінгі  жастарды  нағыз  ақындық  өнерге  баулыды.  Бұл  арада  да 

Абай тек өнер үйретуші ғана емес, сол үлгілі шәкірттердің кей өнеріне тәнті болды. 

Жақсы сөзіне сүйсініп, таңдана, қызықтай қарап бойына сіңірді, басқаға үлгі ретінде 

көрсете  білді.  Міне,  кемелденген  кемеңгер  ақынның  әдеби  айналасы  осылайша 

қанаттанып, жетіліп үлкен бір «әдебиеттің Меккесіне» айналды. Абай екі қоғамды 

жалғастырып  жатқан  тарихи  тұлға  деп  қарасақ,  соның  ішінде  әсіресе  өзінің 

алдындағы  әдебиет  пен  өзінен  кейінгі  әдебиеттің  дәнекері,  «Сөз  түзелді, 

тыңдаушы сен де түзел» деп кейінгі сөз иесіне ғана емес, бүкіл ұлтқа жаңа меже 

көрсеткен ұлы тұлға деп тануымыз да содан. Өзінен кейінгі есті буынның жиынтық 

бейнесі деп таныған сүйікті ұлы Әбішті жоқтауындағы «Жаңа жылдың басшысы  – 

ол, мен ескінің арты едім», – деген тұспалы да осы бір аралық міндетті, ескі мен 

жаңаны жалғастырған адами, рухани қылкөпірлік болмысын аңғартқандай. 

Ал,  Абайдың  ақындық  ортасы  дегенде,  Абайдың  өзі  нәр  алған  ақындар 

орны  айрықша.  Жастайынан  өлеңдерін  жаттаған  Бұхар  жырау,  Шортанбайлар 

легі,  аса  ірі  ақын  деп  ерекше  бағалаған  Марабай  жырларындағы  «Қобыланды 

батыр», «Ер Тарғын» дастандарына қанып өссе, өзі жүзбе-жүз кездескен Дулат, 

Сабырбай,  Жанақ,  Шөже,  Балта,  Байкөкше,  Қуандық  қыз,  Бодау  жырау, 

Мұрынбай  жырау,  Біржан  сал  сынды  өлең  өркештілерінің  қай-қайсысынан  да 

Абайдың  ақындық  өнерінің  қалыптасу  жолын  бөліп  қарауға  болмайды.  Осы 

орайда ғалым С. Қирабаевтың пікіріне құлақ тосайық: «Абайдың ақындық жолы, 

ортасы күрделі  болғаны белгілі, оның  ақындылығы  да  сол ортада, өз дәуірінің 

шындығына  орай  қалыптасты.  Сондықтан  ақынның  өзі  туып  өскен  ортаның 

әдебиеттік  үлгілерінен,  қазақтың  шешендік  өнерінен  (атақты  би  болғанын  еске 

алыңыз!),  аты  белгілі  (өзі  атайтын  Бұқар,  Дулат,  Шортанбай)  ақындар 

өнегесінен  тыс  тууы  мүмкін  емес.  Қайта  Абай  осылардың  бәрін  жақсы  білді, 

жанына азық етті. Ұлттық рухани байлығын бойына сіңіре отырып, кейін шығыс, 

батыс  үлгілерін  еркін  меңгеру  арқылы  бүкіл  халықтық,  жалпы  адамзаттық  ой-

пікір  деңгейіне  көтерілді.  Халықтық  әдебиет  сарындарын  үлкен  европалық 

үлгідегі  ақындық  жинақтаушылыққа  (обобщение)  ұластырды.  Мұның  өзі  қазақ 

әдебиетінің  Абай  арқылы  адамзат  мәдениетінің  көркемдік  биігіне  шығуын 

дәлелдейді»  (Kirabaev  1994,  b.  14).  ХХ  ғасырдың  тоқсаныншы  жылдары 

айтылған осы бір пікірді індете зерттеп, Абайдың ақындық ортасы, сол ортаның 




 

31 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет