Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата06.01.2022
өлшемі1,07 Mb.
#15121
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әдеби орта және Абай



 

28 


 

Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015 

 

               ISSN 2410-2725 

УДК 821.512.122 

Әдеби орта және Абай 

Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы 

филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  С.  Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан 

мемлекеттік  университетінің  стратегиялық  даму  және  ғылыми  жұмыс  жөніндегі  проректоры.  070004 

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55. E-mail: 1_prorector@vkgu.kz 



 

Түйін.  Мақалада  қазіргі  абайтанудағы  кемшін  зерттелінген  мәселе  Абайдың  әдеби  ортасы  мен 

ақынның әдеби мектебінің қалыптасуы жайлы жан жақты сөз болады. Сондай-ақ «Абай мектебі» 

деген  ұғымға  теориялық  анықтама  беріліп,  Абайдың  ақын  шәкірттерінің  көркемдік  бағыттағы 

ізденістеріне баса назар аударылады.  



Түйін сөздер: абайтану; ақындық мектеп; әдеби орта; дәстүр; шығармашылық бастаулар; халық 

ауыз әдебиеті; шығыс әдебиеті; батыс әдебиеті.  

 

М.  Әуезовтің:  «Тегінде,  Абай  шығармаларының  барлық  қор  нәрі  үлкен  үш 



арнадан  құралады.  Бұның  біріншісі,  ең  молы  –  қазақтың  халық  әдебиетінің 

мұра-тумалары,  екіншісі  –  шығыс  әдебиетінен  келген  және  ең  аз  сезілетін 

белгілер. Үшіншісі – Абайды мәдениетті, үлкен аңғарлы зор ақын етіп көрсететін 

батыс  әдебиетінің  үлгі-өрнектері»  (Әuezov  1967),  -  деген  құнды  пікірді  бүгінгі 

абайтанушылар  темірқазық  етіп  келе  жатқаны  анық.  Алайда  осы  пікірдің 

астарында ғұлама жазушының айта алмай ішке бүккен сыры уақыт өткен сайын 

аршыла  түскендей.  Шығыс  әдебиетінің  Абайға  әсерін  толық  күйде  көрсету 

кеңестік  кезеңде  мүмкін  болмағаны  белгілі.  Әйтпесе,  бүгінгі  абайтану  ғылымы 

орыс  пен  батыстың  Абайға  тигізген  ықпалынан  шығыстан  келген  қайнардың 

данышпан ақынға әсері аз болмағандығын дәлелдеді, сол қайнарды әлі де үңги 

түсу керек. Өйткені, Абай және шығыс тақырыбы тәуелсіздіктің арқасында енді 

қарқын алып, зерттелу аясы кеңіп келеді десек қателеспейміз. Ал, қазақтың төл 

әдебиетінің әсерін Әуезов «ең молы» деп тектен-тек нығыздап айтпаса керек-ті. 

Тағы  да  сол  социалистік  танымның  құрсауынан  шыға  алмаған  зерттеуші  дәл 

осы  туған  әдебиетіміздің  Абайға  әсерін  жеріне  жеткізе  алмай  кетті.  Әуезовтен 

кейін  де  осы  бір  қазақтың  төл  әдебиетінің  Абайға  әсері  деген  мәселе,  одан 

туындайтын  ақынды  қалыптастырған  әдеби  орта  (литературные  окружение 

поэта)  тақырыбы  орыстарда,  басқа  еуропа  елдерінде  де  баса  ден  қойылатын 

бұл  мәселенің  Абайды  айналсоқтап,  тиіп-қашып  қарастырылып  келе 

жатқандығы шындық. 

Соның  салдарынан,  кезінде  Абайға,  оның  ақын  болып  қалыптасуына  әсер 

еткен  үлкенді-кішілі  әдебиет  өкілдерінің  Абаймен  байланысы,  дәл  осы  Абайға 

қатысы  туралы  деректер,  естеліктер  жылдан-жылға  жұпыны  тартып,  сұйылуға 

айналуда.  Дәл  осы  тақырып  турасында  қырқыншы-елуінші  жылдарда  Әуезов 

ғылыми  айналымға  енгізген  бірді-екілі  деректерді  талғажау  етіп  келгенімізді 

жасырғаннан ұтарымыз шамалы.  

Тақырыптың  зерттелмей  келуіне  себеп  көп.  Абайдың  әдеби  ортасы,  яғни 

оның  алдындағы,  тұсындағы ақындар,  билер  мен  шешендер  кеңестік  заманда 

«ескіліктің 

қалдықтары» 

есебінде 

болғандықтан, 

Абайды 

олармен 


жақындастырудан еш пайда болмады. Сол себепті ақынның:  

Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау, 

Сөзінің бірі құрау, бірі жамау, – немесе, 

Ескі бише отырман бос мақалдан, 

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Аbai Қunanbaev 1977, b. 94), -  

деген  сөздерін  желеу  етіп,  Абайды  өзіне  дейінгі  төл  әдебиетіне  қарсы  қойып, 

алшақтатып,  тіпті  қызды-қыздымен  «таптық  тұрғыдағы  кедейшіл    Абай»  жасап 

алдық.  Оның  бәрі  кешегімен  кетті.  Алайда,  осы  Абайдың  өзіне  дейінгі  ақын-

жырауларға, замандас сөз зергерлеріне деген таным-таразысын әлгі айтылған 



 

29 


 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет