Лматы технологи



бет17/60
Дата10.04.2023
өлшемі305,47 Kb.
#81155
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
Бақылау сұрақтары:

  1. Этика түрлері?

  2. Вербалдық емес және арнайы емес араласу түрі?

  3. Іскерлік қатынас этикасы?



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
1.Замедлина Е.А. Организационная культура: учебное пособие – М.: РИОР, 2012-128 с.
2. Колесников А. В., Корпоративная культура современных организаций. Курс лекций.- М: Альфа-Пресс. 2013 г.- 138 с.

  1. Лапина Т.А. Корпоративная культура: учебно-методическое пособие – Омск, 2012 г.-140 с.

  2. Джампеисова К.К.Индустрия развлечений.-Алматы:Экономика, 2013 -309 с

  3. Корпоративное управление: учебное пособие /под ред. Шихвердиева А.П. Издательство Академии Государственной службы и управ- А.Э., 2013 г.-213 с.



Қосымша әдебиеттер:



  1. Макеев В.А., Корпоративная культура как фактор эффективной деятельности организации Издательство: Либроком 2012 г. -231 с.

  2. Мясоедов С. П., И. В. Колесникова, Л. Г. Борисова Российская деловая культура. Воздействие на модель управления. – Дело: АНХ ,2012 г.- 140 с.

  3. Персикова Т. Н., Корпоративная культура. – М.: Логос, 2013 г.-180 с.

  4. Пивоваров С.Э., Максимцев И.А. Сравнительный __менеджмент.- СПб.:Питер, 2014 г.- 124 с.

  5. Романович, Жорж Александрович. Сервисная деятельность.-М.: Дашков и К,2012 г. -266 с. 

10 дәріс. Мейрамхана және мейманхана кешеніндегі еңбек ұжымының моралды-психологиялық климаты
Мақсаты: Мейрамхана және мейманхана кешеніндегі еңбек ұжымының моралды-психологиялық климаты туралы білім беру
Кілттік сөздер:мәдениет, өркениет, менеджмент, корпоратив, кадр, мотивация, корпоративтік мәдениет
Негізгі сұрақтар
1. моралды-психологиялық климаты
2.МжҚ моралды-психологиялық климаты

  1. Корпоративтік шаралар дегеніміз компанияның қызметкерлері белсенді қатысатын алдын ала жоспарланған шаралар. Бұл ұйымның мәдениетінің бір бөлігі. Корпоративтік шаралардың мақсаты:

  2. Іскерлік (ұжым жиналысы, кездесулер, митингтер)

  3. Танымал (қайырымлыдық қорлары және жарнама акциясы)

  4. Дамытушы (тренингтер, семинарлар, конференциялар)

  5. Командақұрушы (курсы, туристік жорықтар)

  6. Спорттық шаралар (жарыстар, турнирлер)

  7. Көңіл-көтеретін (мейрамдар мен кештер, ұтыс ойындары, концерттер,и табиғатқа шығу, клубтар)

  8. Салтанатты (мерейтойлар, марапаттау)

Корпораративтік мәдениетті қалыптастыру үшін ұсыныстар:
Мейрамхана және мейманхана кешеніндегі еңбек ұжымының моралды-психологиялық климаты. Мейрамхана және мейманхана кешеніндегі еңбек ұжымы дегеніміз жұмыс істейтін қызметкерлер тобы, олардың басты мақсаты қонақтарды (туристерді) мәдениетті түрде қарсы алу, күтіп алу және табыс табу болып табылады. Мейрамхана және мейманхана кешеніндегі еңбек ұжымы үшін идеялық, әлеуметтік-психологиялық ортақ қарым-қатынас пен демократизм болу керек. Кез келген еңбек ұжымы секілді мейрамхана және мейманхана кешеніндегі еңбек ұжымы да екі структурадан тұрады:

  1. Формалды

  2. Формалды емес

Формалды структура мейрамхана және мейманхана кешеніндегі қызметкерлердің ресми міндеттерінен, қызметтік нұсқаулық, бұйрықтан құралады. Формалды құрылымда мейрамхана және мейманхана кешеніндегі әрбір қызметкердің өз міндеттері, атқаратын қызметері болады.
Формалды емес структурада басты лидер болып табылады. Ол ұйымдастырушы колективтегі формалды емес лидерге ұжымды ісі мен сөзімен тыңдата білетін адамдар жатады.
Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климат. Әлеуметтік-псикологиялық климат (ӘПК) адамдардың бір-бірін қабылдау, біріне-бірі сезінетін сезімдер, бірін-бірі бағалау мен бір-бірі туралы ойлар мен айтылған сөздерге деген реакциялардан құралатын спецификалық құбылыс. Ол ұжым мүшелерінің жағдайларына әсер етпей қоймайды. Әсіресе:
- ортақ шешімдерді жасау, қабылдауға
- ортақ қызметтегі өнімділікке жетуге өз әсерін тигізеді. Осылайша ӘПК дегеніміз – дара құндылықтар мен бағсар негізінде қалыптасатын және адамдардың бір-біріне, еңбек пен ұйымға деген қатынасынан көрінетін, топта басымдылықта болатын, тұрақты психологиялық күй.
ӘПК жағымды және жағымсыз бола алады. Жағымды ӘПК белгілері:
- сенімділік пен бір-біріне деген талаптылық;
- ақ ниетті іскерлік сын;
- ұжым мүшелерінің оның мәселелері мен оларды шешудегі жалпы жағдайды түсінуге керекті ақпараттардың болуы.
- бүкіл ұжымдық мәселелерді шешуде адамның өз пікірін білдіру бостандығы;
- фирма адамы болғанына қанағаттанушылық;
- өзге адам пікіріне сабырлы болу;
- өзара көмек пен эмоционалды белсенділіктің жоғары дәрежесі;
- әр қызметшінің топ жұмысы жағдайына жауапкершілік білдіруі.
ӘПК-тың белгілі түрінің қалыптасуына келесі факторлар әсер етеді:
1. Топтық жұмыстың өнімділігі мен әр қызметкерлердің жеке қанағаттануын қамтамасыз ететін жұмыскерлердің қасиеттерінің ең жағымды үйлесімі ретінде танылатын ұжым мүшелерінің сәйкестігі. Бұл сәйкестік адамдар арасындағы түсіністікте көрініс табады. Сәйкестіктің екі түрі белгілі: психофизикалық жәпе психологиялық.
Психофизикалық сәйкестік еңбеккерлердің жеке психикалық жұмыс істеу қабілеттігі синхрондылығымен байланысты болады. Мысалы: табандылық, ойлау жылдамдығы, қабылдау ерекшеліктері, зейін. Бұны дене еңбегін білгенде және жеке тапсырыстарды таратқанда еске алу керек.
Психологиялықсәйкестік жеке адамдардың психикалық қасиеттерінің ең оптималды құрылымы мінез, темперамент, қабілеттіліктермен сипатталады да өзара түсіністіктің кепілі болып саналады.
2.Сәйкессіздік ұжым мүшелерінің бір-бірінен қашқақтауға, немесе конфликттік жағдайға түсуге ұмтылысымен сипатталады.
1. Менеджер, басшы қожайынның стилі.
2. Өндірістік процестің сәтті немесе сәтсіз жағдайы.
2. Мейрамхана және мей мейманхана кешеніндегі психологиялық климат ұжымдағы адамдардың эмоционалды қарым-қатынасына әсер ететін жүйе. Ұжымдағы психологиялық бағдар болып табылады. Ұжымдағы қызметкерлердің көтеріңкі көңіл-күйілері еңбектің 10-15 пайызын көтереді, нашар болса 5-60 пайыз жұмыс сапасы төмендейді. Еңбектің 20 пайызының төмендеуі ұйымдағы моралды-психологиялық факторларға байланысты. Мейрамхана және мейманхана кешеніндегі қызметкерлерлдің көңіл-күйлері маңызды өндірістік фактор болып табылады. Әлеуметтанушылардың зерттеулері бойынша ұжымдағы жақсы моралды-психологиялық климат болса тәртіп бұзушылық 14 есе азаяды. Мейрамхана және мейманханадағы моралды-психологиялық климат екіге бөлінеді:

  1. Қолайлы

  2. Қолайсыз

Қолайлы моралдық-психологиялық климатта мейрамхана және мейманхана кешеніндегі қызметкерлер арасында бірін-бірі силаушылық қарым-қатынас болады. Мұндай ұжымда көңілсіз, қабағын қатаң адамдарды байқамаймыз. Керісінше адамдардың көңіл күйлері үнемі көтеріңкі және қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге ұмытылады. Көптеген қонақ үйлерде идеялы жағдай жоқ. Мейрамхана және мейманханадағы моралды-психологиялық климат аса қажет, себебі қонақтарға жоғары мәдениетті түрде қызмет көрсету керек. Мейрамхана және мейманхана кешенінде әлеуметтік жауапкершілік аса қажет.
Мейрамхана және мейманхана кешеніндегі қызметкерлердің қарым-қатынасы қонақтармен өз ойларын жеткізе білу, тқтынушыларды тыңдай білуден басталады. Егер қызметкерден адалдық, тәртіптілік, сыпайлылық байқалмаса ол клиенттермен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасай алмайды. Мейрамхана және мейманхана қызметкерлерін мәдениетті қарым-қатынасқа тәрбиелеу гумандылықтан басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет