Лматы технологи


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



бет20/60
Дата10.04.2023
өлшемі305,47 Kb.
#81155
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:

  1. Замедлина Е.А. Организационная культура: учебное пособие – М.: РИОР, 2012-128 с.

  2. Колесников А. В., Корпоративная культура современных организаций. Курс лекций.- М: Альфа-Пресс. 2013 г.- 138 с.

  3. Лапина Т.А. Корпоративная культура: учебно-методическое пособие – Омск, 2012 г.-140 с.

  4. Джампеисова К.К.Индустрия развлечений.-Алматы:Экономика, 2013 -309 с

  5. Корпоративное управление: учебное пособие /под ред. Шихвердиева А.П. Издательство Академии Государственной службы и управ- А.Э., 2013 г.-213 с.



13 дәріс. Қарым-қатынастардың жіктелуі
Мақсаты: Қарым-қатынастардың жіктелуі туралы білім беру
Кілттік сөздер:мәдениет, өркениет, менеджмент, корпоратив, кадр, мотивация, корпоративтік мәдениет
Негізгі сұрақтар
1. Қарым-қатынас түсінігі
2. Қарым-қатынастың стилдері
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынас адамзат қатынасының күрделі түрі. А.Б.Добрович пікірінше, қарым-қатынас бірліктегі қызметті реттейді, сананың алғашқы қалыптасуының және дамуының құралы болып табылады. Ол жеке тұлғаның ойы мен іс-әрекетін анықтайды деген.
Кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай байланыс емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдар бір-бірін қабылдайды, ақпарат алмасады. Сондықтан қарым-қатынас процесінде үш түрлі өзара байланыс анықталды:
- перцептивті (қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау),
- интерактивті (әңгімелесунінің өзара әсерлесуін реттеу),
- коммуникативті (ақпарат алмасу).
Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады:
- вербалды,
- вербалды емес.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Психология және педагогика ғылымындағы зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, қарым-қатынастың төмендегі бірнеше стилдерін атап өтуге болады:
- авторитарлық стиль;
- өктемдік стиль;
- демократиялық стиль;
- дистанциялық стиль;
- немқұрайлық стиль;
- ойнақы-қалжыңға негізделген стиль;
- аралас стиль.
Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.
Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:
- жеке тұлғаны дамыту;
- қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компонентілігін, білімін көтеру;
- қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;
- өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;
- өзін-өзі және басқаларды толық тану;
жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету
Қарым-қатынас қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қолданудың мақсаты мына міндеттерді шешеді:
- тиімді қарым-қатынасқа машықтау (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);
- эмпатиялық дамыту;
- сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;
- тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;
- айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту;
- тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;

Бақылау сұрақтары:


1. Қарым-қатынас түсінігі?
2. Қарым-қатынастың стилдері?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет