Лобзин с. А. Электр машиналар



бет14/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   283

16


күші электр магниттік қуатына айналатынын көрсетеді.
Тұрақты ток генераторының үлгісі. Ендеше, 1.2, а - суретте көр- сетілген, қарапайым үлгі мысалында тұрақты ток генераторында сипат- талған үдерістер қалай қолданылатынын қарастырайық. Тұрақты магнит өрісінде, алғашқы қозғалтқыштың көмегімен цилиндрлік өзек пен оған орнатылған өткізгіш айналымнан тұратын зәкір айналады. Полюстер бойымен орналасқан ораманың белсенді бұрыштарында индукцияның ЭҚК енгізіледі. 1.2 – суретте көрсетілген ЭҚК бағыты әрбір белсенді жағынан магниттік өрістердің бағытын ескере отырып, оң жақ ереже- сімен (көрсеткіштері бар штрих сызықтармен белгіленген) және белсенді жағының қозғалыс бағытымен (ЭҚК, сондай-ақ ток, айнымалы көлем мәндері қалыптасқандай кіші әріппен белгіленеді) анықталады. Белсен- ді жағы магниттің N солтүстік полюстің аймағынан S оңтүстік полюстің аймағына ауысқан кезде, сол кезде ЭҚК бағыты қарсы бағытқа өзгереді (солтүстік полюстің ЭҚК бізге қарай бағытталған, ал оңтүстік полюс ай- мағында бізден кері бағытталған).
Орамның белсенді бір жағының ЭҚК лездік мән уақытынан тәуелді кестесі 1.2 б-суретте (жоғарыда) көрсетілген. Магниттің полюс ұштықта- рының дұрыс пішінінде бұл тәуелділік синусоидалды болады:

e=Emsinωt=Emsin2πft
(1.6)

мұндағы Em ЭҚК амплитудасы; ɷ — ЭҚК бұрыштық жиілігі, рад/с;
f — ЭҚК жиілігі, Гц.
ЭҚК лездік мәні полюс ортасының белсенді орама жағымен өту кезін- де амплитуда мәніне тең болады (осы сәті 1.2, а - суретте көрсетілген). Дәл айтқанда, өткізгіш жоғарғы (немесе төменгі) нүктеден өткен кезде, магнит өрісінің жолақтарын ең үлкен жиілікпен кесіп өтеді. Жиектеме көлденең болған сәтте (қарастырылып жатқан конфигурацияда), ЭҚК нөлдік мәндерін, өріс жолақтар бойымен белсенді жағы қозғалыста болған жағдайда қабылдайды.
ЭҚК толық өзгерістерінің кезеңі зәкірдің бір айналымында орын алады, сондықтан ЭҚК жиілігі, егер айналу жиілігін секундтар айналы- мымен, ал ЭҚК жиілігін герцтармен, яғни секундына тербелістер саны өлшенсе, зәкірдің айналу жылдамдығына тең болады. Бірақ, айналдыру жылдамдығын минутына айналыммен өлшеу қажет және n әрпімен бел- гіленеді. Мұндағы

тең болады.


n [айналым/мин] = 60f[Гц].
(1.7)

ЭҚК (T, c) өзгеру кезеңі ЭҚК кері жиілігінің көлемі болады: T=1/f. Өр- нек (1.7) тек электр машинасында екі полюс болған жағдайда орынды болатының айта кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет