Лобзин с. А. Электр машиналар



бет22/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   283

27


дей белсенді жақтарды қамтиды. Ораманың негізгі сұлбасы 1.8, в - суретте көрсетілген, осында ойықтардың санына сәйкес бөліктердің белсенді жақтары белгіленген; «в» әрпі ойықтың үстіңгі қабатына белсенді жағының, ал «н» әрпі төменгі жағының орналасуын көрсе- теді. ЭҚК лездік мәні е генератордың қарастырылып жатқан сәтінде, бір параллельді тармақтың белсенді жақтарында индукцияланған ЭҚК сомасына тең болады:

е = е + е + е + е + е + е = е + е + е + е + е + е.
(1.11)

Зәкірді 60° бұрған сәтте, коллекторлық тілімше 6 жоғарғы по- зицияда орналасады және жоғарғы щеткамен түйіседі, ал коллек- торлық тілімше 3 төменгі орынды алады және төменгі щеткамен түйіседі. Осы сәттегі ораманың негізгі сұлбасы 1.8 в-суретінен тек ойықтар санынан өзгеше болады. Дәл сол теңдеудегі өзгерістерге де қатысты болады (1.11).
Аралық уақытта, атап айтқанда, бастама негізінен зәкірді 30° бұрған кезде жоғарғы щетка 6 және 1 коллекторлық тілімшелерді, ал төменгісі 3 және 4 коллекторлық тілімшелерді қысқа тұйықтайды. Бөліктің белсенді жақтары Р6 ойығында (жоғарғы қабаты) және Р3 ойығында (төменгі қабаты) жататын 6 тілімшеде басталады және 3 тілімшеде аяқталады.
Бөліктің белсенді жақтары Р3 ойығында (жоғарғы қабаты) және Р6 ойығында (төменгі қабаты) жататын 3 тілімшеде басталады және 4 тілімшеде аяқталады. Көрсетілген бөліктер щеткалармен тұйықта- лады. 1.8, а - суретте көрсетілгендей зәкірді көрсеткіш сызықтар бағытына қарай 30° бұрса, Р3 және Р6 ойықтары геометриялық бей- тараптамада орналасады, яғни тураланған ЭҚК нөлге тең (мінсіз жағдайда) болатын полюстердің осіне перпендикуляр жазықтықта орналасады (егер р = 1). Осылайша, қарастырып жатқан сәтте ЭҚК қысқа тұйықталу бөліктерінде тураланбайды және теңдеудегі (1.11) сомалардың әрқайсысы екі қосылғышқа азаяды. Осының салда- рынан генератор қысымында кернеудің лүпілі пайда болады, бірақ әрбір параллель тармақта бөліктер саны көп болған сайын лүпіл аза- яды.
Ораманың параллель тармақтарының саны арта бастағанда, зәкірдің номиналды тогы ұлғаяды, өйткені сыртқы тізбекте ағатын, көп санды тармақтарда зәкірдің тогы машинаның ішіндегі көп ток ағымдарына бөлінеді. (Осы машинаға немесе осы құрылғыға есеп- телген мөлшерлеме номиналды деп аталады.) Қарапайым ілмекті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет