2-ші ойын. «Математикалық текшелер» Мақсаты: 9-дың көлемінде 0 санымен өосқанда және азайтқанда есептеу дағдаларын қалыптастыру. Қабырғаларына сандар жазылған 2 текшені лақтырады. Егер әртүрлі сандар түссе, онда олар қосылады, егер бірдей сандар түссе-олардың айырмаларын табады. Дұрыс жауап берегн бала ойынды жалғастырады.
ІҮ.Дәптермен жұмыс. «Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
1-тапсырма. Заттарды есептік санау.
- Құндыздар не істеп жатыр? Олардың қайсысы үлкен? Кішісі ше?
2-тапсырма.Реттілік суреттерді сипаттау. Сөйлеу мәдениетін дамыту.
3-тапсырма. Сандарды салыстыру.
Ү.Рефлексия.
27-28 сабақ.
Тақырыбы: 10 саны.
Мақсаты: 10 санымен танысу; 10-ның көлемінде есептік және реттік санау дағдыларын дамыту.
Көрнекіліктер: доп, 0-10 сандары бар карточкалар, т.б.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау. Мақсаты: 0-ден 9-ға дейін сандарды реттілігі білімін қайталау; жаңа білімді (10 саны) енгізу қажеттілігін танытатын жағдайды көрсету;
-Біз «Қатесіз сана!» деп аталатын бой жазу өткіземіз.
Балалар шеңбер құрып тұрады. балалардың сандарды тура реттілікпен айтуын сұрап, 0 саны атайды және допты лақтырады. Допты ұстап алған бала келесі санды (1 саны ) атайды және допты басқа балаға лақтырады. Есеп 10-ға жеткенде сабақтың тақырыбын жариялайды. Сандық қатарды ұғып алу үшін ойын бірнеше рет жәе тез екпінмен (сандардың тура және кері реттілігімен ) жалғасады.
ІІІ. Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті. Тақтаға 0-10 сандары бар карточкаларды іледі; 10 санының қалай шығатынын және 10 санының 10 бірліктен тұратынын түсіндіреді.
10 санының алдыңғы сандардан қандай айырмашылықтары бар? Деген тақырыпта пікірталас өткізуге болады.
1-ші ойын. «Тізбек»
Мақсаты: 10-ның көлеміндегі сандар білімін бекіту. Есте сақтауды және зейінде дамыту.
Ойында 10-ның көлеміндегі кез келген бір санды атайды. Оның жанында отырған қатысушы аталған екісанды қайталайды және өзінің санын атайды. Барлық қатысушылар осылайша тізбек бойынша ойнап, олардың біреуі сандардың реттілігн ұмытып қалғанша жалғасады, ол кезде ойын басынан қайта бастайды. Әрбір дұрыс жауап үшін фишка береді. Фишкасы барлығынан көп ойыншы жеңеді.
2-ші ойын. «Көршілер»
Мақсаты: 10-ның көлемінде реттік санау дағдыларын дамыту; 10-ның көлеміндегі сандар реттіліг білімін бекіту. балаларға 0-ден 10-ға дейін сандар жазылған карточкалар үлестірріп береді. Балалар сандардың реттілігі бойынша бір қатарға тұрып, нөлінші, бірінші, екінші, т.с.с. деп санап шығуға тиіс. Сосын 0-10ға дейін сандарды атайды. Өз карточкасындағы сан аталған санның көршісі болып шыққан балалар қолдарын көтереді.