ІІІ.Сергіту сәті: ІҮ.Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суретті «тоғыз», «артық», «кем» сөздерінің көмегімен сипаттау. 9-дың көлемінде есептік санау. Сөйлеу мәлениетті дамыту.
2-тапсырма.Есептік санау. Заттардың жиынтықтарын салыстыру.
3-тапсырма. Геометриялық фигураларды анықтау. Бірдей фигуралардан жұптар құру.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү.Рефлексия. 26сабақ.
Тақырыбы: 0 саны мен цифры.
Мақсаты: 0 санымен және цифрымен, сандық қатардағы орнымен танысу; 0 санымен қосқанда және азайтқанда есептеу дағдыларын қалыптастыру;
ден 5-ке дейін сан жазылған текшелер.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. ІІ. Негізгі білімді тиянақтау. Мақсаты: жаңа білімді енгізу қажеттілігін танытатын жағдайды көрсету; -Біз «Санап шық» деп аталатын бой жазу өткіземіз.
Үстеліне 4 ойыншық қойлыған. «Үстелдегі ойыншық нешеу?» бала деген сұрақ қойып, допты балаға лақтырады. Бала жауап беріп, допты қайта лақтырады. Әр жолы бір ойыншықты алып тастап, сұрақты қайталап қояды. Үстелде бір де бір ойыншық қалмай қалғанша осылай жалғасады. Сол кезде тәрбие сабақтың тақырыбын жариялайды.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру. Ойын іс-әрекеті. Тақтадан 0-9 сандары жазылған карточкаларды іледі; балаларды 0 санының сандық қатардағы орнымен және 0 санының жазылуымен таныстырады.
-0 саны бос жиынтықты білдіреді.
Мұнан кейін балалармен бірге барлық цифрларды қайталауға болады. материалды бекіту үшін ойын ойнауды.
1-ші ойын. « Жолбарыстарды үйретуші» Мақсаты: 0-9сандарының тура және кері реттілігі білімдерін бекіту; қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту. Балаларды шақырып, әрқайсысына 0-ден 9-ға дейін сандар жазылған карточкалар үлестіріп береді. Бөлмеге, балалардың санынан 1-еуі кем, 9 орындық қойылады. Карточкасына 0 саны жазылған бала «үйретуші» болады. қалған 9 бала –«жолбарыстар» болады. олар әзірленген орындықтарға еркін түрде орналасып, отырады. «Үйретуші» шеңбер бойымен жүріп, 1-ден 9-ға дейін сандарды тура кер ретпен атайды. Саны аталған жолбарыс орнынан тұрып, «үйретушінің» соңынан жүреді. «Үйретуші» барлық сандар аталған кезде «Назар аударыңдар, аңшылар!» дейді, ал барлық қатысушылар, «үйретушімен» қоса, бос орындықтарға отыруға тырысады. Орын алып үлгермеген бала жолбарыстарды үйретуші болады.