ҚЎлпыбаев с



бет165/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Бюджетті түзету деп кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың қаулылары және өзге нормативтік-құқықтық актілер негізінде түсімдердің және төлемдер бойынша, қаржыландырудық жиынтық жоспарна, міндеттемелр бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынпа өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетің көрсеткіштерін өзгертуді айтады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді түзету орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныштағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функция­лары өзгертілген жағдайларда, бюджетте бюджеттік бағдарламалардың белгілі бір әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама қаражаты бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында бөлінген жағдайларда, Ұлттық қордан кепілденілген трансферттің аударылған сомасын ағымдағы қаржы жылында дамудың бюджеттік бағдарламаларын үшін пайдаланған, алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсету және өтеу, секвестер жүргізу туралы Үкімет қаулысы жағдайларында жүзеге асырылады. Бұл ретте түзету аталған жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен және мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде біріктіруді, бөлуді, қысқартуды (ұлғайтуды), беруді білдіреді.
Міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджеттік түсімдер мен шығыстардың атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау мақсаттарында бюджеттік мониторинг жүргізіледі.Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Бюджеттік мониторинг бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік есептемесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептер береді.
Нәтижелерді бағалау немесе өңірдің экономикасының экономиканың жеке алынған саласының (сферасының), қоғамның дамуынан мемлекеттік орган қызметтінің әсерін кешенді және объективті бағалау мемлекет орган қызметінің нәтижелер көрсеткіштерінің жетістіктерін талдау, соның ішінде жоспарлауды және стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламаларды бағалау болып табылады.
Нәтижелерді бағалау өзіне:

  1. Нәтижелердің көрсеткіштердің таңдаудың дурыстығын, оларды баяндаудың айқындығы мен анықтығын, бюджеттік бағдарламалар іске асыруға қажетті ресурстарды жоспарлаудың дұрыстығын талдауды;

  2. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларында анықтығын нәтижелер көрсеткіштерінің дәрежесін талдауды;

  3. Алынған нәтижелердің стратегиялық бағыттарға, стратегиялық жоспарда айқындалған мемлекеттік органдардың мақсаттарымен міндеттеріне сәйкестігін бағалауды;

  4. Қол жеткен нәтижелердің мемлекеттік қызметтерді алушылардың мүдделерімен қажеттіліктерінің сәйкестігін бағалауды;

  5. Стратегиялық мақсаттермен нәтижелердің көрсеткіштеріне жетпеудің себептерін талдауды;

  6. Мемлекеттік орган қызметін жақсарту, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың көлемдерін көбейту, қысқарту немесе оларды бюджеттен шығарып тастау бойынша усыныстарды кіріктіруі тиіс.

Нәтижелерді бағалауды жүргізген кезде мемлекеттік қызметтерді берудің сапасы туралы, үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктер), оларды алушылардың пікір термінінің негіздемесінде алынған ақпарат пайдалынады
Қаржи министірлігі ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнінің жай-күйі бойынша мемлекеттік, шоғырланған, республикалық бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді Үкіметке, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және бюджеттік жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органдарға,тоқсан сайын ҚР Президенттің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі комитетіне усынады.
Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті жыл сайын ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мезгілде:
ҚР президентке тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдарға – ҚР Президентінің әкімшіліне, ҚР Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарға-ҚР Үкіметіне,мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және ҚР Президентінің уәкілетті органдарына нәтижелерді бағалауды жүргізугеұсынылады.
Өткен қаржы жылындағы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қаржи министірлігі есепті айдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Үкіметке, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджетті, қабылданған міндеттемелерді, өзге нормативтік-құқықтың актілер негізінде түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына төленбеген міндеттемелерді және республикалық бюджеттің бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша төленген міндеттемелерін көрсетеді.
Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады.
Парламент республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің жылдық есебін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюд­жеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін өз кезегімен, қарау арқылы алдымен – Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылайды. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептер Парламенттің Мәжілісі мен Сенатында талқылағаннан кейін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептеме жүргізуге, олардың атқарылуын бақылауға республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді, ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қаржылық бақылаудың стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына, республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына, бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімердің орындалуына бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет