ҚЎлпыбаев с



бет21/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Қаржы және сақтандырудың өзара байланысы мен өзара іс- әрекеті де өте шектеулі; бұл мәселелер 18 және 19 тарауларда егжей-тегжейлі қаралған.
Қаржы есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп- қисаптар экономикалық категориялар емес, олар – аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс қаражаты және төлем қаражаты ретіндегі функциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақтылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржылық ресурстардың қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына байланысты болып келеді.
Материалдық өндіріс сфераларының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірілген өнім, тауарлар және қызметтер үшін есеп айырылысулары қаржы іс-әрекетінің алдында болады және қаржылық қатынастарды кейінгі жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Материалдық өндіріс сферасындағы есеп айырысуларды сипаттайтын айрықшалықты көрсеткіштер дебиторлық және кредиторлық берешектер болып табылады. Бұл берешектердің деңгейі шаруашылық органдардың қаржылық жай-күйіне әсер етеді және келісімшарттық тәртіптің, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің жай-күйіне байланысты болады. Қазіргі уақытта ұлттық шаруашылықтағы есеп айырысулардың жай-күйі қанағаттанарлықсыз: шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша төленбеген төлемдердің сомасы және банктердің несиелері бойынша, жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көбейіп отыр. Келісімшарттық міндеттемелерді орындамау қаржы тұрақсыздығының факторы болып табылады және айыппұлдар түріндегі өнімсіз шығындар мен қаржылық қаражаттардың ысырабына соқтырады. Бұл табыстан және ақыр аяғында еңбекке ақы төлеу қорынан шегерілетін тікелей шегерім.
Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың – бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-әрекетінің өте қажетті шарты болып табылады.
Экономикалық категориялардың өзара байланысы мен өзара іс-әрекетінің баяндалған ерек­шеліктері басқа ақшалай операцияларға қарағанда қаржылық операциялардың аз «еркіндік дәрежесі» болады деп қорытынды шығаруға болады: қаржының бұл қасиеті оның «императивтігін» сипаттайды. Мысалы, шаруашылық жүргізуші субъектінің салық төлеу кезінде таңдауы жоқ – оның қызметінің табысына немесе табыс алмауына қарамастан ол оны төлеуге міндетті: ол тіпті бір салықты басқасымен ауыстыра алмайды. Өндірістік-шаруашылық қызметпен қосақталатын басқа қаржылық үдерістермен болатын ұқсас жағдаят – қаржылық ресурстар мен капиталды: жарғы, қорлану, тұтыну, резервтік, валюталық және басқаларын қалыптастырмайынша кәсіпорын жұмыс істей алмайды. Сөйтіп, егер салықты төлеу кезінде қаржының мұндай белгісі міндеттілік ретінде болса, шаруашылық қызметте ол қажеттік болып табылады. Басқа ақшалай қатынастарда операцияларды таңдау еркіндігі болады, мысалы, кредиттік операциялар кезінде кредиттік мекеменің кредит түрін (қысқа, орта, ұзақ мерзімді), кредиттің шартын таңдауға мүмкіндік болуы мүмкін; бағалық қатынастарда әріптесті, рынок конъюнктурасы анықтайтын түрлі жағдаяттарда бағаның өзгеру мүмкіндіктерін таңдау; осындай ұқсас жағдай еңбекке ақы төлеуде (төлеудің нысандарын, мөлшерлемелердің мөлшерін таңдау және т.б.), сақтандыруда (түрлері, нысандары) болуы мүмкін.
Экономикалық категорияның таралу шекараларын теориялық көре білу шаруашылық және әлеуметтік үдерістерге оның механизмі ықпалының мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды. Бұл белгілі бір категорияның қасиеттерін пайдалануға бағдарланған басқаруды ұйымдастырудың шынайы тетіктерімен практиканы құралдандырады. Категориялар механизмінің элементтерін – нысандарын, әдістерін, тәсілдерін саралау экономиканың ұйымдық-құқықтық құрылымына икемділік пен пәрменділік береді және сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық жүйенің зор тиімділігіне жәрдемдесетін болады.
Экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті туралы қаралған негізгі қағидалар оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет