ҚЎлпыбаев с


Қаржылық жоспарлаудың мақсаты



бет48/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Қаржылық жоспарлаудың мақсаты жұмылдырылатын және пайдаланатын қаржылық ресурстардың ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық субьектілері дамуының, жүйелердің үйлесімдігі мен теңгерімділігіне қол жеткізу бллып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржылық саясатпен айқындалады. Бұл:
1) қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін және олардың мөлшерін анықтау;
2) орталықтандырылған және орталықтандырылмаған құрылымдар, ұлттық шаруашылықтың салалары және әкімшілік-аумақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімдерін белгілеу;
3) ресурстарды пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және қажетті резервтер жасау.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Қаржылық жоспарлауды мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылық жүргізудің рыноктық жағдайларында шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкі нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты қаржылық жоспарлау көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Болжам – арнайы ғылыми зерттелім негізінде болашақта қандайда бір жай-күй туралы ықтималдық жорамалдау. Болжау – қандайда бір құбылыс объекті, үдеріс дамуының нақтылы перспективалары туралы болжам әзірлеу. Қаржыларға қатысты болжаудағы құбылыс дамуы – бұл қаржылық қатынастарды мүмкіндігінше жетілдіру, объект – қаржылық ресурстар, үдеріс – ақшалай қаражат қорларының қозғалысы.
Жоспар – іс-әрекеттерді немесе іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мезгілдерін және дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың бірыңғай мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе. Жоспарлау – тегінде жоспарды әзірлеуде, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын үдеріс.
Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық-үйлестіруші рөлді орындайды және қаржылық қызметтің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді.
Қаржылық болжау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржылық саясаттың тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты – болжанған кезеңдегі қаржылық ресурстардың шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржылық саясатты іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
экономикалық үдерістерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық моделдерді жасау;
корреляциялық-регрессиялық талдау;
тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарларын әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қаурыттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қысқарту резервтер есебінен қаржылық ресурстарды көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Сонымен бірге қолда бар материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т.б. ескере отырып ақшаға деген қажеттілікті азайтуың жолдары қарастырылады. Сөйтіп қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің үдерісіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, нақтылы, өлше­нетін, қоғамдық мәнді нәтижелерге қол жеткізуде бюджеттік үдерістің барлық қатысушыларының тұрақты қызығушылығы мен ынталандырмаларын дамыту нәтижеге бағытталған бюджет­тендіру әдісі, яғни мемлекеттік саясаттың басымдықтарын және бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың күтілетін нәтижелерінің қоғамдық мәнділігін есепке ала отырып, мемлекеттің мақсаттары, міндеттері және функциялары бойынша бюджеттік ресурстарды бөлуді қамтамасыз ететін бюджетті жоспарлау, атқару және атқарылуын бақылау әдісі арқылы жүргізіледі. Нәтиже көрсеткіштері – стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік органның қызметін сипаттайтын тура және түпкі нәтижелердің, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері мен тиімділігінің жиынтығы. Нәтижеліктің екі аспекті бөліп көрсетіледі: тура нәтиже – түгелдей мемлекеттік орган қызметіне тәуелді болып келетін оған қарастырылған бюджеттік қаражаттар шегінде мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтердің көлемін сандық сипаттау; түпкі нәтиже – белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің тура нәтижелігіне қол жеткізумен, басқа мемлекеттік органдар қызметімен шарттасылған халықтың өмір тіршілігінің деңгейі мен сапасының, әлеуметтік сфераның, экономиканың қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік басқарудың (сфералардың) басқа салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйдің өзгеруі).
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі, бірлік, үздіксіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет