ҚЎлпыбаев с


Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны



бет57/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

5.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны
заңнамалы жүзеге асырыудың әдістері


Мемлекеттің қаржылық қызметі оның қаржылық ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылау функциясы болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және орта­лықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктің басқа нысандарының шаруа­шылық жүргізуші субъектілерінің ақшалай қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджеттік ресурстарды, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық қаражаттар­ды жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Осы немесе өзге функциялардың мазмұнына, рөліне және іс-әрекетінің ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару (атқарушы-жарлықшы қызмет) түрінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік биліктің жоғары органы – Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары – депутаттардың жиналысы – мәслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы-жарлықшы қызметті Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті жерлерде – басшылар (әкімдер) және жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға:
мемлекеттің жұмыс істеуінің нақтылы кезеңдеріндегі оның міндеттеріне;
қаржылық құқық субъектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына;
мемлекет кірістерінің көздеріне;
ақшалай қаражаттарды пайдаланудың мақсаттарына;
мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістермен жүргізіледі.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады:
1. Орталықтандырылған мемлекеттік қорларға: мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға, сақтық және несиелік қорларға төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері. Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары (әлеуметтік мақсаттарға, арнаулы және бюджеттен тыс қорларға аударымдар) жатады. Ерікті негіздерде жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекеттік қарыздар, ақшалай-заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар және депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттің ақшалай қаражаттарын бөлген кезде мына әдістерді ажыратады: қаржыландыру – қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және кредиттеу – қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.
3. Қаржылық операциялар кезінде ақшалай қаражаттармен қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшамен есеп айырысу әдістері қолданылады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорындармен, басқа шаруашылық ұйымдарымен және ішінара халықпен қарым-қатынастарында пайдаланылады
Сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекет қызметінің нысандары мен әдістері түрліше болып келеді (20.2 параграфты қараңыз).
Мемлекеттің заңнамалық және заңатқарушылық қызметінің аса маңызды бағыты жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, рыноктық экономиканы құру, инвестициялар тарту үдерісіне кедергі жасайды және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына жағымсыз ықпал етеді.
Жемқорлыққа мыналар көбірек ұшырағыш келеді: мемлекттік сатып алулар; жер учаскелерімен жасалатын операциялар; салық жинау; мемлекттік билік органдарында жауапты орындарға тағайындау; кәсіпкерлік (соның ішінде банктік) қызметті лицензиялау және тіркеу; бағалы қағаздарды орналастыруға және бюджеттік қаражаттармен банктік операциялар жүргізуге руқсаттар беру; кредиттер (соның ішінде мемлекеттік мақсатты кредиттерді де) алу; импортталатын тауарларды кедендік рәсімдеу; экспорттық квоталар алу; бюджеттік қаражаттар есебінен құрылыс пен жөндеу; жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылау; техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, мекемелер мен ұйымдардың санитарлық жай-күйінің ережелерін сақтауды бақылау; мемлекеттік емес жоғары оқу орындарын мемлекеттік тіркеу, аттестаттау және аккредициялау; мемлекеттік және жергілікті органдарда жалақысы жоғары службаға (жұмысқа) немесе едәуір заңды емес табыс алуға мүмкіндік болатын лауазымға қабылдау (кедендік органдар, салық инспекциясының органдары, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ-нің бөлімшесі) және басқалары.
Қазақстанда Жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-қимылдардың жалпыұлттық жоспары, Жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасы қабылданған, олардың мақсаты мемлекттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғамның өмірлік іс-қимылының барлық сферасындағы жемқорлықтың деңгейін төмендету болып табылады.
Қойлған міндетке жету мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:
Жемқорлықпен күрес және оларды ескерту практикасының тиімді түрлерімен айырбас саласында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының механизмін дамыту
мемлекеттік сатып алулардың электрондық нысандарын енгізудің нәтижесінде шешімдер қабылдаудың ашықтығы, бәсекелестігі және объективтілігі қағидаттарының негізінде мемлекеттік сатып алулардың жүйесін реформалау;
салық салу практикасын жетілдіру негізінде «көлеңкелі» экономиканың мөлшерін қысқарту;
ұлттық компанияларда бейіндік емес активтерді жою;
мемлекеттік органдардың бақылау- қадағалау функцияларын қысқарту;
банктік төлем карточкаларын қолдана отырып, тауарлар мен қызметтер үшін электрондық есеп айырысудың жүйесіне көшу нәтижесінде ақшалай қаражаттардың қолма-қол айналысын қысқарту бойынша ұйымдық-әкімшілік іс-шараларын енгізу;
капиталдың заңсыз әкетілімін анықтау және жолын кесу, заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражаттар мен өзге мүлікті жария ету бойынша қабылданатын іс-шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету және басқалары.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:
елде әлеуметтік және саяси тұрақтылықты одан ары нығайту;
мемлекеттік басқару органдарының рұқсат етілген және әкімшілік өкілеттіктерін оңтайландыру;
мемлекеттік билікке азаматтық қоғам сенімінің өсуі;
жемқорлықтан азаматтардың қорғалу деңгейін арттыру;
қоғам мен биліктің, бизнес пен биліктің арасында сұхбатты кеңейту және тереңдету;
жемқорлық фактілері туралы ақпаратқа билік органдары мен лауазымды тұлғалардың міндетті оперативтік сезінімі;
қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты одан ары дамыту және жемқорлыққа қарсы қызметті жандандыру;
көлеңкелі экономика ауқымдарын қысқарту;
жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізуде үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің белсенділігінің өсуі;
экономиканың одан ары өсуі және инвестициялық климатты жақсарту үшін жағдайлар жасау;
жемқорлықпен күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты кңейту;
халықаралық аренада мемлекеттің беделін нығайту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет