«Ұлттық gpp (Good Pharmacy Practice) стандарты және оның іс жүзінде қолданылуы» Тиісті дәріханалық практика стандарты (gpp)



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі22,52 Kb.
#127648
1   2   3
Негізгі принциптер мен талаптар
Негізгі принциптер:

  • дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және тиісті сападағы медициналық техниканы босату;

  • дәрілік заттардың қасиеттері мен тиісінше қолданылуына қатысты дұрыс және объективті ақпарат беру;

  • дәрілік заттардың ұтымды мақсатын және оларды дұрыс пайдалануды насихаттау;

  • фармакотерапия мәселелері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерімен (Дәрігерлермен) әріптестік, сенімді қарым-қатынастар;

  • фармацевтикалық қызметтерді дұрыс ұсыну.

Дәріхана тәжірибесінің негізгі талаптары:

  • адам денсаулығын сақтау мақсатында пациентке бағдарлану;

  • дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы ұтымды тағайындауға және тиісінше пайдалануға жәрдемдесу;

  • фармацевтикалық қызметтің әрбір элементін жеке тұлғаға бағдарлау;

  • кәсіби этика мен құпиялылықты сақтау;

  • сапалы фармацевтикалық қызметтер көрсету;

  • фармакология, фармакотерапия және деонтология негіздерін меңгерген білікті персоналдың болуы;

  • сақтауды, есепке алуды және өткізуді қоса алғанда, сапалы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тұтынушыға тиісінше ілгерілеуін қамтамасыз ететін тиісті жабдықтың, үй-жайлардың және басқа да қажетті жағдайлардың болуы;

  • халыққа консультациялық және ақпараттық көмек көрсету және диагностикалық тестілеу жүргізу үшін тиісті үй-жайдың, жабдықтың және арнайы әдебиеттің болуы; фармакотерапияға, денсаулықты нығайтуға, халық ауруларының алдын алуға және фармакологиялық қадағалауға қатысты барлық мәселелерде өзара сенім мен құпиялылықты білдіретін дәріхана мен медициналық ұйымның өзара іс-қимылы;

  • персоналдың білім деңгейін жүйелі түрде арттыру үшін оқыту;

  • тиісті құжаттаманың болуы;

  • уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәріхана ассортиментіндегі және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға жатпайтын тауарларды сатып алу жүйесі бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету, жалған фармацевтикалық өнімді табу және оның таралуын болғызбау.

  • Логерлер, ылғалдылық өлшегіштер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет