Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу


Математикалық жұмбақтар тақырыпқа байланысты



бет12/15
Дата07.01.2022
өлшемі72,07 Kb.
#20311
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР

Математикалық жұмбақтар тақырыпқа байланысты

1. Дұрыс алты жақ,

Атын ойлап тап. (куб)

2. Әкем жәшік құрады

Үш өлшемнен тұрады (параллелепипед)

3. Табандары – көпбұрыш

Жақтары төрт бұрыш (призма)

4. Басқа кисем бөрік

Сәнді сұлу көрік (конус)

5. Египеттен қаланған

Пифагордан нәр алған (пирамида)

6. Пентагон сияқты түрі

Дұрыс көпжақтың бірі (додекаэдр)

7. Ұн елесең – елек

Су тасысаң – шелек (цилиндр)

8. Үрлейтін затпен аттас

Атын ешкім таппас (шар)

9. Түріктерге бас киім

Өзгелерге бас бұйым (қиық конус)

10. Шарымыздың бөлігі

Фигуралар серігі (сегмент, сектор)

11. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі,

Дәл жауапты қостадым.

(Шеңбер)

12. Бүтін сан, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында

(Рационал сандар)

13. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай.

(Натурал сан)

14. Оң сандарға қол шатырдай,

Қалпақ болған беделі.

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтпассың сен оны.

(Квадрат түбір)

15. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(Сызғыш)

16. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.

(Түзу)

17. Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді,

Бірін-бірі көрмейді.

Дамылсыз қанша шапсада,

Бір мәреге келмейді.



(Паралель түзулер)

18. Бірдей санда бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады.

(дәреже)

19. Біз санбыз...

Сызықпыз бөлінген

Математиканы ұқпас адамға.

Құбжық болып көрінген,

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық болып бөлінген.

(бөлшек сан)

20. Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашарсың.

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ де қашасың.

(Квадрат теңдеу)

21. Нүктеден 2 сәуледен құралған

Айтшы бұл не екенін?

(Бұрыш)

22. 2 бұрыш ежелден

Көрші болған ең тату

Бірін-бірі толықтырған

Жазыңқыға бар жақын

(Сыбайлас бұрыш)

23. 2 түзу қатар жүріп

3-іншісін қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды.

(айқыш, тұтас, сәйкес)

24. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік.



(Конус)

25. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап.



(х)

Халық жаңылтпаштары тақырыпқа өте бай және мазмұн жағынан әр алуан болып келеді. Қазақ арасында есеп сипатында тұжырымдалатын жаңылтпаштар да көптеп кездеседі.



Мәселен, Немесе

Сырық - қырық Үш кіші ішік піштім,

Құрық -қырық Бес кіші ішік піштім,

Қанша болды, Неше кіші ішік піштім?

Құрық, сырық?



деген сияқты жаңылтпаштар, бір жағынан балаға сандардың аталуын дұрыс айта білу мақсатымен берілсе, екінші жағынан, есеп шартындағы байланысты аңғара отырып, соның негізінде сәйкес арифметикалық амалды дұрыс таңдап ала алуды талап етеді.

Жеті бірдей өренбіз,

Жеті шумақ өлеңбіз,

Жеті түрлі бояумыз,

Жеті түрлі әуенбіз.

Мейлі, бізді мақтама,

Бірақ бекер даттама.
Ісшіл іссізбен келіспейді, Ізге түсті Ізмұрат,

Істі іссізден тез істейді. Ізмұратты біз бірак

Іске іске, Іздеп - іздеп таппадық,

Істі іске істер. Ізім - қайғы, қызық - ақ.

Ықылас пен Жасыбай

Ыдыстарын тасымай,

Ырыскүлден үлгі алмй,

Ынтасыз жүріп тілді алмай.

Арқада алты арқар бар,

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқар да қарт арқар

бар.
Ұшып кетті үш құс, Қырық құрықтық,

Ұшып келді ұшқыш. Сырық, кұрық.

Жоғалды бес шыбын, Сегіз семіз серке,

Жоқ әлі еш сыбыс. Семіз сегіз ерке.

Жоқ әлі еш сыбыс, Сегізі де егіз,

Семізі де егіз.



Үш кісі ішік піштік, Қырық қызыл қүйрық,

Бес кісі ішік піштік. Қырық қыл қүйрық.

Неше кісі ішік піштік? Қырық қыл қүйрық ішінде

Ылғи қызыл қыл күйрық.


1. Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш

Тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш

Тұтас бұрыш, тұтас бұрыш

Сәйкес бұрыш құрған бұрыш

Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.

2. Бес түп алма, «бестік» алғандікі

Төрт түп алма «төрттік» алғандікі

«Төрттік» алған бес түп алма алмайды,

«Бестік» алған төрт түп алма алмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет