Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу



бет1/15
Дата07.01.2022
өлшемі72,07 Kb.
#20311
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР



І Кіріспе
Әр ғасырда өмірге келген, атадан балаға мұра болып қалған, ауыздан-ауызға тараған ұлттық мазмұнды есептер – қазақ халқының тыныс-тіршілігін, әл - ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жеткізуін, аңсаған арманын, философиялық күрмеуін, дүниетанымын, халық тәрбиесінің сыр-сипатын бейнелейді. Осылардан да өз үні мен лебі, қыры мен сыры, мазмұны мен көлемі, тілі мен орамы бар. Оларды бүгінгі күннің ой-өрісіне, білім мазмұнына, тәлім тәрбиесіне икемдеп пайдалану – қазіргі күн талаптарының бірі.

Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу керек.

Бізге келіп жеткен салт - дәстүр мен әдет - ғұрыптардың, мәдени мұралардың өзінен қазақ халқының асқан даналығын көруге болады. Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. Сол мол мұраның кей біреулерінде жаратылыстану элементтерінің қолданылуына тоқталып өтейік. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды меңгеру керек. Табиғаттағы кез - келген құбылысты қарастырғанда оны нақты бір бейнеге келтіреді. Нәрсенің табиғи - физикалық кескінін геометриялық денелер арқылы бейнелейді. Қандай нәрсе болса да бұйым немесе құбылыс ғарыштағы алып нысандар, яғни көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер бәрі белгілі бір геометриялық пішінмен сипатталады.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.

Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.

Математикада кездесетін халқымыздың ұлттық салт-дәстүрінің көріністері төмендегіше жіктеледі:

- мақал-мәтелдер;

- жұмбақтар;

- халық есептері;

- санамақтар;

- жаңылтпаштар;

Шаруашылық есебін жүргізу үшін қарапайым есептің білімдер негізін білу қажет екендігі белгілі. Бес саусақтың әр түрлі есептеулерге пайдаланудың бірнеше әдісі бар. Мысалы, әр саусақты бүгіп санау немесе жұмылған саусақтарды жазып санау. Енді бір түрі төрт саусақтағы буындар саны он екі. Сондықтан санаудың бұл түрі қайыру - мүшел есебіне, ай ретінде санауға, бір тәуліктегі сағат санын есептеуге өте ыңғайлы. Әр саусақтағы буын саны үштен, олай болса төрт саусақ жылдың төрт мезгіліне сәйкес келеді.

Сұқ саусақ – наурыз, сәуір, мамыр – көктем

Ортан саусақ – маусым, шілде, тамыз – жаз

Аты жоқ қол – қыркүйек, қазан, қараша – күз

Шынашақ – желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс.

Саусақтардың салыстырмалы заңдылығы жыл мезгіліндегі күннің ұзақтығын көрсетіп тұрады. Наурызда, қыркүйекте күн мен түннің ұзақтығы теңеледі, ендеше сұқ саусақ пен аты жоқ қолдың бірінші буыны маусым айын ең үлкен саусақ ортан қолдың бірінші буыны маусым айын көрсетеді. Бұл күннің мейілінше ұзаратын айы(22 маусым) ал ең қысқа күн (22 желтоқсан) болатын айға шынашақтың бірінші буыны сәйкес келеді. Бала тәрбиесіне ерекше мән берген, арнайы көңіл бөлген қазақ халқы тілі міндетін алғашқы сатыда саусақтар атқарады. Бармақ, сұқ саусақ, ортан қол, аты жоқ қол, шынашақ. Бұларды жаттауға жеңіл, ойға оралымды, көңілге қонымды ойын өлең түрінде пайдаланған.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек, - деп саусақтарды бүксе,

Сен тұр, жылқыңа бар,

Сен тұр, қойыңа бар,

Сен тұр, түйеңе бар,

Сен тұр, сиырыңа бар



Сен қария үйде жат, - деп саусақтарды біртіндеп ретімен жазып санауға үйреткен. Кейде құлыныңа, қозыңа, ботаңа, бұзауыңа бар деп төлдердің атымен де атайды. Мұндағы назар аударатын нәрсе дүниені құраушы негізгі тектер қамтылған, яғни жер, су, от, жел. (Дененің қатты, сұйық, плазма, газ күйі) төрт түлік малдың қасиеттерін сипаттағанда жылқы желден, қой оттан, түйе сордан, сиыр сордан деп айтылуының өзі бірталай нәрсені аңғартады.

«Ата - баба дәстүрі асыл мұра» деп тегін айтылмайды.
Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт - дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау бізге парыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет