Ұлттық ТӘрбие бас редактор с. Ж. Пірәлиев


ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата31.03.2017
өлшемі3,25 Mb.
#10947
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
Қазақтың мынадай керемет бір сөзі бар: 
«Бір бала бар әкесінен кете туады; бір бала 
бар  ол  әкесіне  жете  туады;  бір  бала  бар, 
ол  әкесінен  өте  туады».  Әр  әке  баласын 
ақылды,  білімді  болып,  өзінен  аса  туса, 
өзінен  бақытты  болса  екен  деп  тілейді, 
армандайды.  Егер  солай  болса,  жалпы 
қазақ  халқы  өсіп,  өркендей  түседі.  Бірақ 
өмірде әр түрлі жағдайлар болады. Барлық 
адамының арманы орындала бермейді. Өмір 
өзгертеді.  Дегенмен  сол  әке  арманының 
орындалуына  тәрбиенің  рөлі  ерекше. 
Сол  тәрбиенің  бастауы  ұлттық  рухтағы 
тәрбиеде екендігі айқын. Ендеше, ұлттық 
тәрбиенің  рөлін  балаға  кішкентайынан 
бойына  құйып  ұғындыра  білу  –  ата-
ананың тікелей борышы. Осы тұрғыда ұл 
мен  қыздың  тәрбиесіне  айрықша  көңіл 
бөлетін  біздің  қазақ  халқының  тәрбиесі 
туралы ой қозғамақпын. 
  Өмірдегі  жұмыр  басты  пенденің  бәрі 
есін  жиып,  азамат  болған  соң,  перзент 
сүюді армандайды. Адам баласының өмірге 
келуі, ат қойылуы – Алланың жазуымен. 
Өмірге келген перзентке ат қоюға барлық 
ұлттар,  әсіресе,  біздің  қазақ  халқы  үлкен 
жауапкершілікпен қараған. Көп ойланған, 
ақылдасқан.  Әр  нәрсеге  ырым  етіп,  жас 
нәрестенің амандығын, саулығын, болашақ 
бақытты  өмірін  армандаған.  Дастархан 
жайып,  мүмкіндіктері  болса,  шілдехана 
тойын  жасап,  ат  қою  жолын  дуалы  ауыз 
қасиетті  кісілерге,  жасы-жолы  үлкен 
қарияларға, сол рудың басшысына берген, 
болмаса,  нәрестенің  өз  атасы,  әкесі  атын 
қойған.  Нәрестенің  екі  құлағына  кезек-
кезек  үш  мәрте  дауыстап  атын  атайды. 
Қазақтар  оны  «Азан  шақырып  қойылған 
ат» дейді.
Перзентке  жақсы  ат  қою  –  нәресте 
алдындағы әкенің бірінші қарызы. Ендігі 
біреуі  –  перзентіңді  ақылды,  мейірімді 
етіп тәрбиелеу. 
Сәби  –  сүйіспеншілік  гүлі,  отбасы 
махаббатының дәруіші, дәнекері. Баласын 
тірі  жанның  бәрі  де  жақсы  көреді,  ал  ба-
ланы  дұрыс  тәрбиелей  білу  –  өмірді  көп 
білуді,  дарындылықты  керек  ететін  ұлы 
іс. 
Жақсы әке болмаса, балаға еш мектеп, 
институт жақсы тәрбие бере алмайды. «Ба-
ланы  ата-ана  тәрбиелей  алмаса,  оған  түн 
мен  күндіздің  өзі  үйретеді»  деген  мәтел 
бар.  Біздер  оны  «көше  тәрбиесі»  дейміз. 
Бала  жастайынан  өзінің  қателігін  білгені 
дұрыс. Оны қайталамауға әдеттендіру ке-
рек. Жастайынан денсаулығын қадағалап, 
қалайда  суға  жүзуге  үйрету  керек.  Сон-
да  ғана  өмір  ағысымен  де,  ағынға  қарсы 
да  жүзіп  үйренетін  болады.  Тән  сым-
батын  сақтау  үшін  төменгі  сынып-
тан  дене  шынықтырумен  айналысуына 
дағдыландыру  қажет.  Атқа  мініп,  үйге, 
өмірге  қажетті  күнделікті  қол  еңбегімен 
айналысу  керек.  Қыз  бала  болса,  тігуді, 
тоқуды үйренгені дұрыс. Мұнан қор бол-
майды,  әйтеуір  бір  керегіне  жарататын 
болады.  Қыз баланың анасынан ешнәрсе 
жасырмай, бір-біріне қатты сеніп, сырлас 
болып сыйласулары қажет. Қыз деген ата-
ананың мұңлығы. Қызға мейірім, шапағат 
жасаған дұрыс. Не нәрсе де алдымен қызға 
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

82
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
берілуі керек. 
Мектеп  жасындағы  бала  туысқандарға 
бауырмал,  отансүйгіш,  көпшіл,  қолы 
ашық,  үлкендерді  сыйлайтын,  кем,  ауру 
адамдарды аяйтын, мейірімді, өтірік айт-
пай,  шыншыл,  көшедегі  жаман  әдеттен 
аулақ болып өсуі қажет. Ол үшін ата-анасы 
кезекпенен мектепке барып, балаларымен, 
ұстаздарымен  кездесіп,  пікірлесіп  тұруы 
өте  ұтымды.  Қызметтен  бос  кезде,  үйге 
қонақ  келген  кезде  ата-анасы  қастарына 
отырғызып,  өзімен  тең  дәрежеде  ұстап, 
ақылдасуы; әр түрлі тақырыптарда пікір та-
ластыруы; есейген сайын көбірек еркіндік 
беріп;  сыртқа  жіберіп,  қара  жұмысқа  са-
лып,  өмірдің  қиындықтарын  көрсете  от-
ырып  үйретуі  керек.  Әкесі  балаға  қатал 
болуы  керек,  жас  кезінде  ұл  бала  әкеден 
қорқуы, есейген шақта сыйлауы қажет, ал 
анасы  болса  соған  ықпал  етіп  отыру  ке-
рек.  Балаға  әкесі  ұрсып  жатса,  анасы  не-
месе  керісінше  анасы  ұрсып  жатса,  әкесі 
баланың  көзінше  ара  түспеуі,  бірін-бірі 
кінәлап, қарсы шықпаулары керек. Дұрыс 
болмаса,  жеке  жерде  айтып,  ескертулері 
керек.  Сонда  ғана  бала  ата-анасының 
сөзін заң көріп, өздерін сыйлайтын бола-
ды. Жалпы әкенің сөзі – заң, тыңдаулы әрі 
орындалуы тиіс. Үйдің иесі де, басшысы да 
әке екенін балалары кішкентайынан біліп, 
түсініп өссе, қатарының алды болады.
Соңғы  кездері  біздің  көп  қазақтар 
шектеулі, 1-2 балаларына барлық ақшалай, 
тұрмыстық мәселені артығымен жасап жа-
тыр.  Жастайынан,  институтты  бітіртпей, 
шет елдерге оқуға жіберіп, ұлттық сезімді, 
қазақи,  мұсылмандық  мейірімділікті, 
әдептілік  пен  бауырмалдықты  азай-
тып  алды.  Оларға  тек  шет  тілдерін  білсе 
болғаны. Мансапқа, байлыққа алып бара-
тын  жолды  олар  шет  елге  барып  оқумен 
байланыстырады.  Олардың  ойынша, 
шет  елде  оқыған  бала  болашақта  үлкен 
бизнесмен,  не  үлкен  бір  бастық  болады, 
жоқ  дегенде  бай  болуға  тиісті.  Ал,  сол 
балалардың көбі өз ана тілін, ділін, дінін 
жете  білмейді,  тіпті  кейбіреулері  мүлде 
мақұрым.  Олар  мейірімсіз  есейіп,  ата-
ананың  қадірін  кетіреді.  Туған  жері  мен 
елін  жат  көреді.  Содан  барып  көбі  теріс 
жолға  түседі.  Отансүйгіштік  қасиет  от-
басынан  басталады.  Балаға  жастайы-
нан  ата-тегін,  қазақтың  тарихы  (Саналы 
азамат  болу  үшін,  қандай  қызмет  істесе 
де,  тарихты  жақсы  білу  қажет.  Тарихты 
ақыл-ойы артта қалған адам ғана сүймеуі, 
тарихын  менсінбеуі  мүмкін.  Тарихсыз 
болашақ  жоқ)  мен  жақсы  әдет-ғұрпын, 
салт-дәстүрін үйретіп отыру керек. Сонда 
ғана, олардан жақсы азамат, жақсы келін, 
ұрпағы жарасқан жақсы ата-ана шығады. 
Бала тәрбиесі – ең маңызды іс. Осы бала 
тәрбиесінде халық арасында қалыптасқан 
тағы да бір жақсы  дәстүр бар. Ол – өкіл 
әке,  өкіл  шеше  сайлау  дәстүрі.  Өкіл  әке, 
өкіл  шеше  сайлау  –  қазақтың  өте  жақсы 
дәстүрлерінің бірі. Ағайынды, екі отбасын 
жақындастыра  түседі,  баланы,  жас  отба-
сын тәрбиелеуге үлкен ықпалын тигізеді. 
Бауырмал, көпшіл болуына, үлкеннің ал-
дында  жауапкершілікке,  ұлттық  дәстүр-
салтымызды қадірлеуге, бірлік-ынтымаққа 
тәрбиелейді. Қазіргі күні, бұл дәстүр кей 
жерлерде  сақталған  болса,  кей  жерлерде 
сәл өзгеріске түскен. Соның бір дәлелі, бұл 
күндері кейбір облыс, аудандарда екі жас 
үйленген кезде өкіл әке, өкіл шеше сайлау 
дәстүрі қалыптасқан.
Сол  сияқты  ауылда  босанған  әйелдің 
баласының  кіндігін  ауылдастары,  абы-
сындары  кеседі.  Оларды  баланың  кіндік 
шешесі  деп  атайды.  Қазір  қаладағы  пер-
зентханаларда  ананың  кіндігін  кескен 
–  кезекші  акушерка,  мейірбике  көбінде 
белгісіз, танымайтын жан. Сондықтан да, 
өздерінің  жүректеріне  жақын,  тәрбиелі, 
өнегелі  отбасы  иелерін  кіндік  әке,  кіндік 
шеше  етіп  сайлау  дәстүрі  қалыптасты. 
Ал  осы  кіндік  әке,  кіндік  шеше,  өкіл  әке 
мен  өкіл  шешелер  аттарына  лайық  еңбек 

83
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
сіңіріп, бауырлық байланысты нығайтып, 
ыстық  ықылас,  адал  пейілдерімен 
сүйсіндіре білулері керек.
Қазақтың ғасырдан келе жатқан жақсы 
әдет-ғұрыптары,  салт-дәстүрлері  көп. 
Соңғы  кезде  жағымсыз,  мәдениетсіз 
дәстүрсымақтар пайда бола бастады.
Солардың  бірі  –  жас  келін  келіп,  бе-
ташар  салты  өтіп  жатқан  сәтте  келіннің 
сәлеміне  ақша  салу.  Бірінші  рет 
табалдырықты  аттап  аруақтарға,  ата-
анаға  тағзым  жасағанға  неге  асабаның 
ұйғаруымен ақша төленуі қажет? Ол басқа 
ұлттардың салты. Ақша үшін отау құрып 
жатқан жастардың қатарларына, өздерінен 
кішілерге де сәлем жасатады. Ол ұят нәрсе. 
Жас  келін  сол  келген  әулетінің  бұрын 
қайтыс  болған  ата-апаларына,  жігіттің 
әке-шешесіне,  сол  әулеттің  жасы  үлкен 
барлық  ата-апаларының  атын  атамай-ақ 
және  жиналған  көпшілікке  сәлем  жасаса 
жеткілікті.
Асаба  жаттап  алған  ұзақ  өлеңі  емес, 
сол  жанұяға  байланысты  дәмді,  әдемі 
сөздерімен  жас  келінге  3-5  сәлем  жасат-
са,  сәнді,  сапалы,  әрі  ұтымды  болар  еді. 
Сондықтан біздер ата-бабамыздан қалған 
салт-дәстүрімізді,  әдет-ғұрыптарымызды 
орынды  пайдаланып,  кейінгі  жастарға 
үйретуіміз қажет. 
Бабалардың  сөзі  бар:  «Жаман  бала 
төрдегі  басыңды  есікке  апарады,  жақсы 
бала  есіктегі  (төмендегі)  басыңды  төрге 
сүйрейді».  Сондықтан  ұлды  ақылды, 
білімді жақсы маман етіп, келешекте үлкен 
қоғамдық деңгейде дайындау ата-ананың 
тәрбиесінің  арқасында  қол  жеткізетін 
жетістік. Осының ішінде қызын адал жар, 
мейірімді  ана,  ақылды  келін  етіп  дайын-
дау  анаға  артылған  міндет.  Бала  әкеге 
қарап өседі, қыз шешеге қарап бой түзейді.  
Қартайғандағы  өмірдің  жақсы-жаман  бо-
луы бала өсіру мен тәрбиелеуде екендігін 
естен шығармауымыз қажет ағайын! 
Резюме
В данной статье автор раскрывает суть национального воспитания, делится своими мыслями и 
предлагает пути реализации данного направления.
Summary 
In given article the author opens an essence of national education, shares the thoughts and offers ways 
of realisation of the given direction.
А.Т.Миразова –
Қазақстанның Еңбек Ері,
Ы.Алтынсарин атындағы 
№159 жан-жақты профильді гимназияның директоры,
Алматы қ.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ОРТА МЕКТЕП ЖЕТКІНШЕКТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ 
КЕЛБЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Қазақ  мектептерінің  өзінің  қазіргі 
жағдайында  жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие 
берудегі басты рөлін ешкім  жоққа шығара ал-
майды. Отбасынан бастау алатын тәрбиенің 
шын мәніндегі негізі мектепте түзіледі. Бұған 
себеп, тәрбие – қоғамдық-әлеуметтік, тарихи-
этнографиялық,  табиғаттық-географиялық 
факторлардың  кешенді  әсерінің  жемісі. 

84
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Осынау  факторлардың  жағдайы,  күш-
қуаты,  тарихи  өсу,  өзгеру,  жойылу-пайда 
болу,  жаңғарту-жаңарту  т.б.  құбылыстарға 
ұшырап  отыратыны  –  тәрбиеге  де  ықпал 
етеді. Тәрбиенің жемістілігі осы факторлар-
ды өзара үйлестіре қолдануды мұқият еске-
руде жатыр. Сондықтан да ұлттық тәрбиенің 
орта  мектеп  жеткіншектерінің  ұлттық 
келбетін  қалыптастырудағы  рөлін  ашып 
көрсету  үшін  оны  түзуші  факторлардың 
мектеп  жағдайындағы  қолданысы  туралы 
айту керек болады.
 
Бұл жерде ғылымда және өмірде ба-
рынша  айқындалған  «тәрбие»,  «ұлттық 
тәрбие»,  «ұлттық  келбет»  ұғымдарының 
анықтамасын  беріп  жатудың  қажеті  аз. 
Дей  тұрғанмен  де  бүгінгі  өмір  сүріп 
отырған  қоғамның  барлық  белгілерін  бой-
ына  сіңірмейінше  ұлттық  келбет  толымды 
бола  алмайтынын,  бірыңғай  этнологиялық 
мазмұннан  ұлттық  келбет  құру  қазіргі 
заманға  лайық  тұлға  қалыптастыру 
мақсатына сай келмейтінін естен шығармау 
керек.
 
Осы  тұрғыдан  келгенде,  бүгінгі 
мектепте  ұлттық  келбетті  қалыптастыруға 
бағытталған  ұлттық  тәрбиені  оқушыларды 
қазіргі  Қазақстанның  қол  жеткізген  та-
быстарымен,  бүкіладамзаттық  өркениет 
кеңістігімен  біртұтас  үйлесімде  табысты-
ру  үрдісінсіз  елестету  мүмкін  емес  дейміз. 
Ұлт болып қалу үшін өзіндік этнологиялық 
мазмұн толымдығы сапасындағы халықтың 
қазіргі  әлемдік  өркениетті  меңгеруі 
міндетті. Ұлттық тәрбиенің құрылымы осы. 
Демек,  ұлттық  тәрбие  мен  этнологиялық 
тәрбие  бір-біріне  балама  емес,  этнология-
ны  ұлттық  тәрбиені  құрайтын  көздердің 
бірі  деп  ұғамыз.  Мұнда  екі  мәселе  туын-
дайды:  бірінші  –  қазіргі  өркениет  және 
адамзат тарихының әлеуметтік тәжірибесін 
меңгерту  арқылы  ұлттық  тәрбиені  жүзеге 
асыру;  екінші  –  этнологиялық  мазмұнды 
оқушы  бойына  сіңіру,  яғни  оқушы  бойын-
да  ұлттық  негіздерді  қалыптастыру.  Алай-
да,  бұл  екеуі  екі  бөлек  емес,  бір-бірімен 
кіріктіріле жүргізіледі. 
 
Сонымен,  біз  қазақстандық  ұлттық 
тәрбиеге 
тәуелсіз 
мемлекеттігімізді 
сақтау  мен  нығайту  мүддесі  тұрғысынан 
қарағанымыз 
жөн 
деп 
ойлаймын. 
Мектептерімізде  оны  жүзеге  асырудың 
негізгі тетігі – жеткіншектерге ұсынылатын 
білім мазмұнына этнологиялық сипат дары-
ту.  Ғасырлар  бойында  адамзат  жинақтаған 
бай тәжірибеден, қазіргі өркениеттік дамудан 
сұрыпталып түзілген білім мазмұны ұлттық 
құндылықтармен,  ізгілікті  адамгершілік 
қасиеттермен,  олардың  адам  өмірі  үшін 
маңызы  мен  мәнділігімен  қанықтырылған 
түрде  ұсынылғанда,  біз  ұлттық  тәрбиеге, 
сол  арқылы  ұлттық  келбетті  тұлға 
қалыптастыруға  қол  жеткізетін  боламыз. 
Бұл  –  қазіргі  бүкіл  әлемдік  білім  беру 
кеңістігіндегі  ең  бір  жетекші  парадигма. 
Бұл  –  Қазақстанда  білім  беру  ісін  дамыту 
стратегиясының негізгі көздеген мақсаты. 
 
Осы  тұрғыдан  келгенде,  ұлттық 
тәрбие беру дегенде Елбасымыз Нұрсұлтан 
Әбішұлының:  «Қазақстан  –  біздің  Отаны-
мыз,  бұл  ұғымға  өте  көп  нәрсе  кіреді  де-
ген  қарапайым  ойды  қоғамымызда,  жас 
ұрпақ  санасында  қалыптастыруымыз  ке-
рек»,  –  деген  сөзінің  бағдарламалық  мәні 
бар.  Бұл  сөздердің  педагогикалық  жүгіне 
келер  болсақ,  ол  болашақ  Қазақстан  аза-
маттарын қазақстандық патриотизм рухын-
да  тәрбиелеу    міндеті  –  ұлттық  тәрбиенің 
бағдаршамы  екенін  көрсетеді.  Өз  елінің, 
ұлтының өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрін,  мәдениетін,  бүгінгі  жасампаз 
ұмтылыстарын, ертеңгі жарқын мұраттарын 
білу,  меңгеру  және  құрметтеу  осынау 
отансүйгіштіктің  құрамына кірмек.
 
Сондықтан  да  біз  өз  педагогикалық 
тәжірибемізде  ұлттық  тәрбиені  кешенді 
түрде  жүзеге  асыру  бағытын  ұстанамыз. 
Бүгінгі  мектептің  бір  ғана  этнопедагоги-
ка  аясында  оқшауланып  қалуы  оның  жан-
жақты  толыққанды  дамуын  қамтамасыз 
ете  алмайды  деп  білеміз.  Міне,  осы  орай-
дан да өз мақсатымызда осы парадигмалық 
бағдарымыздың  іс  жүзінде  орындалу 
деңгейлерін көрсеткіміз келеді. Біздің ойы-
мызша,  үш  деңгейде  жүзеге  асуы  тиіс, 
олар:  ұйымдастырушылық  және  ғылыми-

85
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
әдістемелік  деңгей,  мектеп  деңгейі  және 
тұлға деңгейі.
 
Ұйымдастырушылық және ғылыми-
әдістемелік  деңгейде  ұлттық  тәрбиені 
білім  мазмұны  арқылы  жүзеге  асыру 
мақсатында  жүргізілетін  түрлі  әкімшілік-
ұйымдастырушылық  ісі  мен  ғылыми-
әдістемелік  өнімдер  дайындалып  (білім 
беру  тұжырымдамалары,  білім  стандарт-
тары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-
әдістемелік  кешендер,  электрондық  оқу 
құралдары  т.б.)  мектепке  ұсынылады.  Бұл 
істе Білім министрлігінің тиісті жүйесінде, 
Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ  білім 
академиясымен 
және 
Республикалық 
оқулық  орталығымен  бірлестікте  өзге  де 
шығармашыл мектеп ұжымдары сияқты Ал-
маты қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы 
№159  гимназия  мұғалімдері  ат  салысып, 
барлық  100-ге    жуық  педагогтарымыздың 
ішінде  46  мұғалімнің  оқу  бағдарламалары, 
оқулықтары,  оқу-әдістемелік  құралдары, 
дидактикалық  көрнекі  және  тарататын  ма-
териалдары, электрондық оқу құралдар т.б. 
жарық көреді. Ұлттық тәрбие беру мәселесі 
бұл  ғылыми-әдістемелік  құралдардың 
арқауы болып табылады.
 
Екінші  кезеңде,  мектептік  кезеңде 
сол  ғылыми-әдістемелік  оқу-тәрбиелік 
құралдарды  ұсынылған  білім  –  тәрбие 
мазмұнын жүзеге асыру жүргізіледі. Оны са-
палы орындау мұғалімдердің жаңашылдық-
шығармашылдық  деңгейіне  байланысты. 
Бұл  орайдағы  табыстарымыздың  ахуа-
лын  гимназиямыздағы  ұстаздарымыздың 
жаңашылдық-шығармашылдық  бейнесінің 
төмендегідей  көрсеткіштері  біраз  аңғартса 
керек:  барлық  педагог  мамандардың 
ішінде: жоғарғы дәрежедегі жоғарғы санат-
ты  мұғалімдер  –  50,  жоғарғы  дәрежедегі 
бірінші  санатты  мұғалімдер  –  16,  жоғары 
дәрежедегі екінші санатты мұғалімдер – 11, 
Қазақстанның Еңбек Ері – 1, ҚР Білім беру 
ісінің  құрметті  қызметкері  –8,  ҚР  Білім 
беру  ісінің  үздігі  –  26,  Қазақстанға  Еңбек 
сіңірген қайраткер – 2, әдіскер мұғалім – 2, 
аға  мұғалім  –  2,  Ы.Алтынсарин  медалінің 
иегері – 7, «Жыл мұғалімі» Республикалық 
және қалалық байқауларының жеңімпаздары 
– 
5, 
халықаралық, 
республикалық 
педагогикалық 
конференциялардың 
жүлдегерлері  –  7,  республика  көлемінде 
іс-тәжірибесі 
таратылған 
мұғалімдер 
–  43,  ҚР  Білім  Министрлігі  Грамотасы-
мен  марапатталғандар  –  25  мұғалім  т.б.с.с 
ұстаздарымыз  белгіленіп  ұсынылған  білім 
мазмұны  мен  тәрбие  бағдарламалары 
негізінде  ұлттық  тәрбиені  осы  заманғы 
сипатта 
шығармашылықпен 
және 
жаңашылдықпен  жүзеге  асыруда  деген 
тұжырым  жасауға  негіз  бола  алады.  Бұл 
орайда, атқарылған оқу-тәрбие жұмысының 
мазмұнын  келтіріп  жатуға  мақаланың 
журналдық көлемі көтермеді. 
 
Тек, 
мұнда 
ескерте 
кететін 
негізгі  мәселе  білім  мазмұны  мен 
тәрбие 
бағдарламаларындағы 
ұлттық 
этнологиялық ақауды сабақта және сабақтан 
тыс  жұмыстар  арқылы  жүзеге  асыру  –  әр 
ұстаз  үшін  міндетті  іс.  Оқушының  адам-
зат  тарихында  жинақталған  әлуметтік 
тәжірибе  мен  қазіргі  заманғы  өркениеттік 
даму  жетістіктерін  ұлттық-этнологиялық 
көзбен, ұлттық-этнологиялық ниетпен және 
ұлттық-этнологиялық  мазмұнмен  адам 
өмірі үшін мәнділігі тұрғысынан қабылдауы 
қамтамасыз етіледі. 
 
Мектебімізде  әрбір  пән,  әрбір 
сабақ  жалпы  сапалы  білім  беру  үшін  ғана 
оқытылмайды, сонымен бірге әрбір баланың 
ішкі әлеміне ұлттық дән егіп, әрбір баланың 
өзін ұлттың өкілімін деп сезініп, ол дәннің, 
сол  сезімнің  азаматтыққа,  адамзаттық  
санаға ұласуын қамтамасыз етуді де мақсат 
етіп  оқытылады.  Оның  барлығының 
жиындық  негізі  –  адамгершілікке  баулу. 
Бұл істі сабақтан тыс жұмыстарда кеңейту, 
бекіту,  тұрақтандыру  көзделеді.  Сөйтіп, 
ұлы  Абайдың  «алдымен  адамды  сүй» 
дегеніндей, ұлттық тәрбиені жүзеге асыруда 
адамгершілік,  өзгені  құрметтеу,  төзімділік 
идеялары өзекті арқау болып табылады.
 
Үшінші деңгейде, оқушы деңгейінде, 
оқушы  тұлғасының  ұлттық  рефлекциясы 
басымдыққа  ие  болуы    көзделеді.  Мұнда 
оқушының ұлттық санасының қалыптасуы 

86
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ата-ананың,  қоршаған  социумның  және 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ортақ 
мақсаттағы бірлестіктегі оң ықпалы арқылы 
ғана жемісті болатыны ескеріледі.
 
Міне, тап осы бағытта шешімін таба 
алмай  жатқан  түйіткілдер  көп.  Сондықтан 
екі ғана мәселеге назар аударғым келеді.
 
Бірінші – адамның өзін-өзі тәрбиелеу 
мәдениетінің  балаларда  да,  оған  деген 
көзқарас  ата-аналарда  да,  жұртшылықта 
да  ойланатын  кездері  бар.  Ұрпақ  тәрбиесі 
мәселесінде  біз  әлі  сол  масылшылдық 
сана  құрсауынан  босана  алғанымыз  жоқ. 
Жұртшылық тарапынан бала тәрбиесі үшін 
барлық жауапкершілік әлі де мектепке, яғни 
мемлекетке  аударылып  отыр.  Әрине,  мек-
теп  өз  міндетін  мемлекеттік  нормаларға 
сай орындайды және орындай береді. Бірақ, 
мәселе  әрбір  ата-ананың  өз  баласының 
тәрбиесі  үшін  өзі  ғана  жауапты  екенін 
ұғынулары  болмай  келеді.  Өз  тамағын, 
өз  киімін  өзі  табуы  керек  сияқты  өз  бала-
сын  оқытуды  да,  тәрбиелеуді  де  өзі  атқару 
керектігін  ата-аналар  қауымы  жеткілікті 
мойындамай  отыр.  Мойындаса  да,  соны 
орындау мәдениеті барлығында бірдей емес 
деп  ойлаймын.  Ал  бұның  шешімі  біреу 
ғана – әрбір отбасында бала сәби шағынан 
бастап  өзін-өзі  меңгеруге  тәрбие  алу  ке-
рек.  Яғни,  баланы  ешқандай  сыртқы  теріс 
ықпалға  берілмеуге  үйрету  керек,  ал  оған 
өзін-өзі  тәрбиелеуге  дағдыландырғанда 
ғана  қол  жету  мүмкін.  Балаға  үнемі  «Өзің 
қалай  ойлайсың?»,  «Бұның  ақыры  не  бо-
лады?»,  «Осы  сен  үшін  керек  пе?»  деген 
сияқты  әрбір  істің,  әрекеттің  баланың  өзі 
үшін мәнін түсіндіріп, көзін жеткізіп отыра-
тын сұрақтарға жауап бергізіп отыру керек. 
Бұлай  деу  себебім,  оларды  бір  ғана  мек-
тепте  ескерту  жеткіліксіз,  үйде,  қоғамдық 
орындарда  бала  осындай  проблемаларды 
өзі  шешетіндей  жағдайға  келтірілуі  керек. 
Мектептерде оқушыны өзін-өзі тәрбиелеуге 
үйрету  жұмысы  жүреді.  Бірақ,  бір  мектеп 
күші жеткіліксіз.
 
Демек, 
мұндай 
мәдениетті 
қалыптастыру үшін отанымыздың әрбір ере-
сек азаматы осылай өзін-өзі тәрбиелеуі керек, 
әрбір баланы осыған үйретуі тиіс. Сонда ғана 
бала жат қылықтарға, тәртіп бұзушылыққа 
бой  алдырмайтын  болады.  Түптеп  кел-
генде,  бұның  өзі  –  ұлттық  тәрбие.  Қазақ 
табиғатында  отбасы  балалардың  алдында 
өзінің  барлық  адамгершілік  қасиеттерін, 
үлгісін көрсете білген. «Ұлдың ұяты – әкеде, 
қыздың ұяты – шешеде» деп санаған. Отба-
сы заңын бұлжытпай орындаған. Ата-ана ба-
лаларын өз беттерінше «ар», «ұят», «намыс» 
қасиеттерін  сақтауға,  қорғауға,  дамытуға 
үйреткен.  Бұл  заңды  жастар  ешкімнің 
күштеуінсіз-ақ меңгеріп, өздерін-өздері рет-
теп, түзеп орындай алған. Қазақ халқының 
ұлттық  асыл  мінездерінің  сақталып,  біздің 
күнге жетуінің басты себебі – осы өз бетінше 
өзін-өзі  тәрбиелеу  әдісінің  дұрыстығында 
болса керек. Кемеңгер Төле би айтқан екен: 
«Атадан ұл туса – игі, ата жолын қуса – игі. 
Өзіңе келер ұятын, өзі біліп тұрса – игі», – 
деп.  Мұнда  «ұл»  ұғымы  нағыз  адам  деген 
мағынада айтылған. Халық ұғымында ең игі, 
ең қасиетті іс деп осы атаның ақ жолына, ізгі 
дәстүріне адал, сол жолды ұғып жалғайтын 
ұрпақ  екені  айтылған.  Ондай  ұрпақ  өзіне 
келер ұятын өзі біліп, жаман істерден өзін-
өзі  сақтайтын  болады.  Біз  халқымыздың 
осынау  ұрпақ  тәрбиесіндегі  ізгі  дәстүрін 
жаңғыртып,  заман  талабына  сай  бағыттап 
қолдану жолдарын ойластыруымыз керек. 
 
Екінші  мәселе  –  жастарды    қазіргі 
болып  жатқан  медиазорлықтан  қорғау 
мәселесі де ұлттық тәрбие ісіндегі аса зәру 
әңгіменің бірі. Жастар санасын теледидар т.б. 
бұқаралық ақпарат құралдары теріс қылыққа 
жетелейтін  хабарлармен  улап  отырғаны 
бәрімізге  аян.  Бұдан  қалай  қорғану  керек? 
Бәлкім,  порнография,  эротика,  жауыздық 
коррупция,  нашақорлық,  ішімділік  сияқты 
теріс идеяларды насихаттайтын өнімдердің 
эфирге, газет журналға шығарылуына батыл 
тосқауыл  заң  жүзінде  арнайы  жасалуы  ке-
рек те шығар. Солай болған күнде де бұдан 
шығудың да жолы біреу ғана. Ол – бала бой-
ында  ондайлардан  жиренетін  асыл  ұлттық 
талғам қалыптастыру. Яғни, адамның өзін-
өзі тәрбиелеуі. 
 
Отбасында,  мектепте,  қоғамдық 

87
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ұйымдарда, 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарында  өзін-өзі  меңгеру  мәдениеті 
өзара  бірлікте,  ынтымақтастықта  насихат-
талуы  тиіс.  Жастар  өзін-өзі  ұстауға,  өзін-
өзі  бақылауға,  өзін-өзі  түзеуге,  өзін-өзі 
жақсылыққа  бағыттауға  үйренгенде  ғана 
біз  қылмыс  атаулыдан  азат  ел  боламыз. 
Яғни,  бір  сөзбен  айтқанда,  қоғамымызға, 
ұлтымызға  жат  әрекеттердің  бастау  көзі 
осы  масылшылдық  психологиясының  зар-
дабы деп білеміз. «Әрбір қазақстандықты өз 
мемлекеті  қамқорлықсыз  қалдырмайды,  ал 
әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ 
тағдыры  үшін,  сондай-ақ  өз  тағдыры  үшін 
жауапты» деген түсінік жас ұрпақ санасын-
да берік орнығуы шарт. 
 
Сонымен  қорыта  айтқанда,  консти-
туциямызда  айтылғандай,  әркім  өз  әрекеті 
үшін  тек  өзі  ғана  жауап  беру  құқы  мен 
міндетін тәрбие саласында да жүзеге асатын 
болса, онда біз бүгінгі дамуымызға кедергі 
келтіріп  отырған  коррупция,  нашақорлық, 
тәртіп бұзушылық т.б теріс құбылыстардан 
арылуға жетер едік. Міне, сонда ғана адам 
сүйетін,  ұлтын  сүйетін  тұлға  дайындауға 
қол  жеткіземіз.  Бұның  бәрі  түптеп  кел-
генде,  отансүйгіштік  биігінде  тоғысып, 
ұлттық  тәрбие  арқылы  жеткіншектердің 
ұлттық  келбетін  мектеп  қабырғасында 
қалыптастыруға қол жеткізер еді. Еліміздің 
Президенті  Н.Ә.Назарбаев:  «Қазақстанның 
отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің 
мектепке  дейінгі  жүйесінен  жоғары  оқу 
орындарына  дейінгі  орталықтарда,  барлық 
ұйымдарда  көкейкесті  болып  табылады», 
–  деген  сөзі  ұлттық  тәрбие  мәселесінде  де 
мәнді  екенін  есте  ұстаймыз.  «Адамға  ең 
бірінші  білім  емес,  тәрбие  берілуі  керек, 
тәрбиесіз  берілген  білім  –  адамзаттың  қас 
жауы, келешекте оның барлық өміріне апат 
әкеледі» деген болатын әл-Фараби бабамыз. 
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы тәрбиелі 
болып өсуіне тәрбие жұмысының азаматтық 
патриоттық,  саяси  еңбек,  денсаулық, 
адамгершілік,  эстетикалық,  экологиялық, 
құқықтық,  жанұялық  тәрбиелерінің  рөлі 
арқылы  іске  асырылуымен  нәтижелі 
болмақ. Сөйтіп, бұларды ұлттық тәрбиенің 
құраушылары  деп  танып,  оларды  кешенді 
түрде жүзеге асыру – үлкен міндет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет