Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Біз ата-ананы өзіміз таңдаймыз дегенге мен сенемін



Pdf көрінісі
бет6/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Біз ата-ананы өзіміз таңдаймыз дегенге мен сенемін 
Осы планетада, осы немесе басқа уақытта, осы немесе басқа жерде қайта туу 
оған керек пе, әрбір адам өзі шеше алады. Өмірден сабақ алу үшін, өз кезегінде 
эволюциялық жолдағы біздің одан әрі рухани дамуымызды қамтамасыз ету үшін біз 
осы жерде тууды жөн көрдік. …Сосын, есейе келе, біз әдетте оларға саусағымызды 
шошайтып: «Сендер кінәлісіңдер» деп қыңқылдаймыз. Шындығында, біз оларды өзіміз 
таңдадық, себебі біздің осы өмірде еңсермек болған тілегімізге олар сай келді.
Біз өз танымымызды балалық шақта қалыптастырамыз, ал сосын өмірде біздің 
танымымызға сай келген жағдайларды туындата отырып қимылдаймыз. Өткен өмір 
жолыңызға бұрылып қараңыз, сонда сіз сол бір ғана жағдайды қайта-қайта туындатып 
отырғаныңызды көресіз. Сіз неге сенсеңіз, соны туындатып отырсыз, өйткені сол 
сеніміңіз сіз сеніп отырған нәрсені бейнелейді, мен бұған сенімдімін. Бұл жағдайда сіз 
бұл проблеманың қатысын, оның мөлшері немесе ондағы қауіпті қанша уақыт 
сезінетініңіз соншалықты маңызды емес.
Күш бастауын әрқашан қазіргі кезден алады 
Осы кезге дейін өміріңізде болған оқиғалардың бәрі де өткен тәжірибелерге 
негізделген сіздің танымдарыңыздан туындаған.



… Ең маңыздысы – қазір сіздің нені ойлап, неге сенуді өзіңіздің таңдауыңыз. 
Бұл ойлар мен сөздердің сіздің болашағыңызды жасайтындығын әрқашан есіңізден 
шығармаңыз. Сіздің күшіңіз – осы қазіргі сәт.
Сіз жұмыс істеуге тиіс жалғыз нәрсе – ол сіздің ойыңыз, ал ойды саналы 
түрде өзгертуге болады 
Сіздің проблемаңыздың сипаты қандай болса да бәрібір, ол – бар болғаны сіздің 
ойыңыздың бейнеленуі. Мысалы, сіз: “Мен жаман адаммын” - деп ойлайсыз. Ой өзінің 
соңынан сіз берілетін сезімді ергізеді. Сізде бұндай ой болмаса сезім болмас еді. Ойды 
саналы түрде өзгерту қиын. Мұңды ойды өзгертсеңіз, мұңды сезім де өзгереді. 
Кертартпа ойды қанша уақыт ойлағаныңыз тіпті де маңызды емес. Күш өткенде емес, 
әрқашан да осы сәтте. Сондықтан да тура қазір азаттыққа шығыңыз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет