Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Біз кішкентай кезімізде де өмір туралы түсінікті үлкендерден аламыз



Pdf көрінісі
бет5/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Біз кішкентай кезімізде де өмір туралы түсінікті үлкендерден аламыз 
Егер сізге аса бақытты болмаған, жексұрын немесе өздерін кінәлі сезінген 
адамдармен өмір сүруге тура келген болса, онда сіз қоршаған орта мен өзіңізді 
керісінше қабылдауды үйренгенсіз. «Мен ешқашан ештеңені дұрыс жасамаймын», «Бұл 
менің кінәм», «Егер мен ашулансам, онда менің жаман адам болғаным» - міне, сіздің 
кейбір ойларыңыз. Өмірді түңілулерден тұратын осындай ойлар құрайды.
Біз өскен кезде балалық шақтағы көңіл-күй ортасын жаңғырту бейімділігі 
болады 
Бұл жаман да емес, жақсы да емес, дұрыс та емес, біз тек «үйдегідей» сөзінің 
нені білдіретінін білеміз. Біздер жеке қарым-қатынасымызда әкемізбен немесе 
шешемізбен қалыптасқан қарым-қатынастарды жаңғыртамыз. Сіздің әкеңізді немесе 
шешеңізді дәл еске түсірерліктей нақсүйеріңіз немесе бастығыңыз болғаны туралы 
ойлаңыз. Бізге ата-анамыз қалай қарым-қатынас жасаса, біз өзімізге солай қарым-
қатынас жасаймыз. Бізді ата-анамыз қалай сөгіп, қалай жазаласа, біз өзімізді солай 
сөгіп, солай жазалаймыз. Олардың осындай жағдайда қолданған сөздерін біздер естиміз 
де. Егер бізді сәби кезімізде сүйсе, есейген кезде біз де өзімізді дәл солай сүйеміз.
«Сен ешқашан ештеңені дұрыс жасай алмайсың». «Сен кінәлісің». Сіз өзіңізге 
осылай қаншалықты жиі айтасыз? 
«Сен кереметсің». «Мен сені сүйем». Ал осындай сөздерді сіз өзіңізге 
қаншалықты жиі айтасыз?
Мен бұл үшін ата-анамды сөкпеймін 
Біз бәріміз құрбандықтың құрбандығымыз, және біздің ата-аналарымыз да өздері 
білмеген нәрсеге бізді үйрете алмады. Егер анаңыз өзін қалай жақсы көруді білмесе, 
немесе әкеңіз өзін қалай жақсы көруді білмесе, онда сіз өзіңізді қалай жақсы көру керек 
екенін үйрене алмауыңыз мүмкін нәрсе. Егер ата-анаңызды өте жақсы түсінгіңіз 
келсе, олардың балалық шағы туралы сұраңыз, егер жан-жүйеңізбен беріліп 
тыңдасаңыз, олардың қорқынышы мен өмірге деген қатынасының негізін түсінесіз.
«Сізге қиналу әкелген» адамдардың өздері де қазіргі сіз сияқты қорқынышта болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет