2.
Қабылдау саясаты
2.1.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да бакалавриат, интернатура, магистратура,
докторантураның ББ-ларына білім алушыларды қабылдау республикалық бюджет
немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты, білім алушының өз
қаражаты және басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
2.2.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ бакалавриатының ББ-ларына жалпы орта, техникалық,
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар қабылданады.
2.3.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ магистратурасына жоғары білімі бар тұлғалар
қабылданады.
2.4.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ докторантурасына «магистр» дәрежесі және 1 (бір)
жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тұлғалар қабылданады.
2.5.
Бакалавриаттың, интернатураның, магистратураның, докторантураның ББ қабылдау
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша М.
Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне оқуға қабылдау
Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
16
2.6.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да университет өткізетін пәндік олимпиадалардың
жеңімпаздары үшін гранттар және ақылы негізде білім алушылар санатына
жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.
3.
Университеттің академиялық қауымдастығының өзара қарым-қатынас
саясаты
3.1.
Университеттің академиялық қауымдастығына білім алушылар, ПОҚ, университет
әкімшілігі (ректор, проректор, факультет декандары), бөлімшелердің жетекшілері
мен қызметкерлері кіреді.
3.2.
Білім алушыларға студенттер, интерндер, магистранттар, докторанттар, «Foundation»
факультетінің тыңдаушылары жатады.
3.3.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да білім алушылар төмендегідей жіктеледі: білім
алушылар – білім беру бағдарламасын игеру және академиялық дәреже алу үшін
Университетке қабылданған студенттер, интерндер, магистранттар, докторанттар;
алмасу бойынша білім алушы – бір немесе бірнеше семестр бойы Университетте
оқитын (академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім т.б. бағдарламалары бойынша)
серіктес университеттің студенті, интерні, магистранты, докторанты; білім алушы-
тыңдаушы – «Foundation» факультетіне қысқа мерзімді курстарға (9 айға дейін)
қабылданған тыңдаушы.
3.4.
Университет білім алушылары ҚР азаматтары және шетелдік азаматтар болып
бөлінеді. Білім алушылар контингентінде педагогикалық пәндерді игеру үшін
қабылданған алмасу бойынша білім алушылар, білім алушы-тыңдаушылар,
магистрлер есепке алынбайды.
3.5.
Университетте академиялық ортадағы қатынастарды реттейтін келесі құжаттар
қабылданған: Ішкі сапаны қамтамасыз ететін саясат пен стандарттар, Академиялық
адалдық ережелері, М.Қозыбаев атындағы СҚУ Этикалық кодексі.
3.5.1.
Факультет базасында білім беру бағдарламаларының мазмұны мен іске асыру
шарттары, бағалау саясаты және факультеттің басқа да академиялық мәселелері
бойынша шешім қабылдайтын,білім алушыларға білім беру бағдарламалары мен
(немесе) пәндер/модульдердің сапа сәйкестігі, академиялық адалдықты бұзу
фактілері бойынша сауалнама жүргізуді ұйымдастыратын сапаны қамтамасыз ету
жөніндегі Комиссия құрылады. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның
құрамына университеттің оқытушылары, студенттері, магистранттары мен
докторанттары және басқа да академиялық қызметкерлері кіреді. Сапаны
қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысына университеттің әкімшілік-басқару
қызметкерлерінің өкілдері қатысады.
3.6.
Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушысы жеке ерекшеліктері бар ерекше
тұлға ретінде қарастырылады.
3.7.
Университет білім алушыларға сапалы білім алу үшін тең мүмкіндіктер жасайды.
3.8.
Білім алушылар, оқытушылар, университет әкімшілігі, бөлім басшылары мен
қызметкерлерінің қарым-қатынасы келесі қағидаттарға негізделеді: өзара сыйластық;
мәртебесіне қарамастан, адамның құқығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін
құрметтеу; кез келген жағдайда адалдық; сыбайлас жемқорлыққа және басқа да
құқық бұзушылықтарға төзімділік; өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау.
3.9.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушылары, ПОҚ, университет әкімшілігінің
өкілдері, басшылары мен қызметкерлері университет мүдделері мен беделіне нұқсан
келтіретін әрекеттер жасамайды.
17
3.10.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың білім алушысына АҚД-ның Студенттік бөлімінен
студенттік билет, студенттің жеке картасы және оқырман билеті беріледі.
3.11.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушыларына қойылатын міндетті талаптар:
сабаққа қатысу, кәсіптік тәжірибелерге уақытылы қатысу, оқу тапсырмалары мен
жұмыстарының барлық түрлерін академиялық күнтізбе және жеке оқу жоспарына,
магистрант/доктаранттың жеке жұмыс жоспарына, кәсіптік практиканың жоспар-
кестесіне, Университет ректоры бұйрығына, жұмыс оқу бағдарламасына (силлабус)
сәйкес Университет белгілеген мерзімде орындау, қорғау үшін кәсіптік тәжірибе
бойынша есепті, магистрант/доктаранттың жеке жұмыс жоспарының орындалу
бойынша есепті уақытында тапсыру, үлгерімді бақылаудың барлық түрлерінен,
соның ішінде магистрантар мен докторанттарды аттестаттаудан, қорытынды
аттестаттаудан уақытында өту.
3.12.
Білім алушы оқу сабағын босатқан жағдайда сабаққа қатысу журналына «ж»
әрпімен белгі, ал сол күні бақылау жұмыстары жүргізілсе, үлгерім журналына 0 ұпай
қойылады.
3.13.
Сабақтарды, ағымдық, кезеңдік бақылауларды белгілі бір себептермен босатқанын
растайтын құжаттар бар болған жағдайда білім алушыға БОӨЖ-де босатқан
сабақтарын өтеп, ұпай жинауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін білім алушы, оның
заңды өкілі немесе білім алушының туыстары бұл факті туралы факультет
деканының атына өтініш жазып, құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады
(медициналық анықтама, шақыру қағаздары және басқа құжаттар). Сондай-ақ
университетке бірінші күні келгенде білім алушы СТҚКО-ға ұпай жинауға рұқсат
беруге өтініш береді, оған оқу сабақтарын, ағымдық және аралық бақылауды
тапсыру кезеңдерінде сабақта болмауының дәлелді себептері болғандығын
растайтын құжаттарды қоса береді.
3.14.
Факультет деканы бір күннің ішінде білім алушының ұпай санын көтеру туралы
өтініші мен ұсынылған құжаттардың негізінде сабақты босату себебінің дәлелді
екенін растап, құжаттардың түпнұсқалығын анықтайды, Академиялық саясат,
Академиялық адалдық ережелері және басқа да ішкі нормативтік құжаттар негізінде
ұпай санын қарастыруға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.
3.15.
Білім алушы оқу сабақтарын, ағымдық және аралық бақылауды тапсыру кезеңдерін
дәлелді сепептермен босатып, бірақ ол жөнінде факультет деканын уақытында
хабардар етпесе, дәлелді себептердің болғандығын растайтын құжаттарын
уақытында ұсынбаса немесе өтінішін СТҚКО-ға уақытында ұсынбаса, факультет
деканы босатылған оқу сабақтары мен ағымдық және аралық бақылау тапсыру
кезеңдерін дәлелді себептерсіз босату ретінде мойындайды.
3.16.
Білім алушы оқу сабақтарын, ағымдық және аралық бақылауды тапсыру кезеңдерін
дәлелсіз себептермен босатқан жағдайда, академиялық кезеңнің мерзімдерінен тыс
уақытта ұпай санын арттыра алмайды.
3.17.
Білім алушы дәлелді себептермен кәсіптік практика базасына уақытылы бармаған,
аралық аттестаттау кезінде емтиханға, кәсіптік практика бойынша есебін қорғауға
келмеген жағдайда, білім алушының өзі, білім алушының заңды өкілі немесе
туыстары бір тәулік ішінде академиялық мәселелер бойынша проректорға дәлелді
себептерін көрсете отырып, осы факті туралы жазбаша хабарлауға және
университетке бірінші келген күні белгіленген үлгідегі құжаттардың (медициналық
анықтамалар, шақыру қағаздары және басқа да құжаттар) түпнұсқасын ұсынуға
міндетті. Сондай-ақ университетке бірінші келген күні білім алушы СТҚКО-ға
академиялық мәселелер бойынша проректордың атына жазылған практика мерзімін
өзгертуге, аралық аттестаттау мерзімін ұзартуға, есепті қорғау күнін өзгертуге
18
рұқсат беру туралы өтініш беріп, оған кәсіптік практика базасына уақытылы
бармағанын, аралық емтихан кезеңінде емтиханға келмеуін түсіндіретін дәлелді
себептердің болуын растайтын құжаттарды қоса береді.
3.18.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор бір күн мерзімде білім алушының
практика мерзімін өзгертуге, аралық аттестаттау мерзімін ұзартуға, кәсіптік
практика бойынша есепті қорғау күнін өзгертуге рұқсат беру туралы өтінішін және
дәлелді себептердің болуын растайтын ұсынылған құжаттарды қарайды,
құжаттардың түпнұсқалығын анықтайды, Академиялық саясат, Академиялық
адалдық ережелері, басқа да ішкі нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде
академиялық күнтізбеге сәйкес, білім алушының өтінішін қанағаттандыру немесе
қанағаттандырмау туралы шешім қабылдайды.
3.19.
Білім алушы дәлелді себептермен кәсіптік практика базасына уақытылы бармаған,
аралық аттестаттау кезінде емтиханға, кәсіптік практика бойынша есебін қорғауға
келмеген, бірақ ол жөнінде факультет деканын уақытында хабардар етпеген, дәлелді
себептердің болғандығын растайтын құжаттарын уақытында ұсынбаған немесе
өтінішін СТҚКО-ға уақытында ұсынбаған жағдайда, академиялық мәселелер
жөніндегі проректор білім алушының аталған оқу шараларына себепсіз келмегенін
растайды.
3.20.
Білім алушының кәсіптік практикасының мерзімін, кәсіби практика бойынша есепті
қорғау күнін дәлелді себептерсіз, академиялық күнтізбеге сәйкес академиялық кезең
мерзімін ескерместен өзгертуге жол берілмейді.
3.21.
Академиялық күнтізбеге сәйкес академиялық кезең мерзімі ескерілмеген жағдайда
аралық аттестаттау мерзімі дәлелді себептерсіз ұзартылмайды.
3.22.
Қорытынды аттестаттауға келмеген жағдайда білім алушы, білім алушының заңды
өкілі немесе туыстары емтихан немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік
диссертацияны (жобаны) қорғау күнінен кешіктірмей, қорытынды аттестаттау
жөніндегі комиссия төрағасына дәлелді себептерін көрсете отырып, осы факті
туралы жазбаша хабарлауға және университетке келген күні келмеу себептерін
дәлелдейтін белгіленген үлгідегі құжаттардың (медициналық анықтамалар, шақыру
қағаздары және басқа да құжаттар) түпнұсқасын ұсынуға міндетті. Сондай-ақ
университетке келудің бірінші күні білім алушы қорытынды аттестаттау жөніндегі
комиссия төрағасының атына қорытынды аттестаттау мерзімін өзгертуге рұқсат беру
туралы өтініш береді, оған қорытынды аттестаттауға келмеуін түсіндіретін дәлелді
себептердің болуын растайтын құжаттарды қоса береді.
3.23.
Қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы бір күн мерзімде білім алушының
қорытынды аттестаттау мерзімін өзгерту туралы өтінішін және дәлелді себептердің
болуын растайтын ұсынылған құжаттарды қарайды, құжаттардың түпнұсқалығын
анықтайды, Академиялық саясат, Академиялық адалдық ережелері, Академиялық
күнтізбе бойынша қорытынды аттестаттау кезеңіне сәйкес басқа да ішкі
нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде білім алушының өтінішін қанағаттандыру
немесе қанағаттандырмау туралы шешім қабылдайды.
3.24.
Білім алушы қорытынды аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген жағдайда, бірақ ол
жөнінде қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссия төрағасын уақтылы хабардар
етпесе және/немесе дәлелді себептердің болуын растайтын құжаттарды уақтылы
ұсынбаса, өтінішін СТҚКО-ға уақытында ұсынбаса, қорытынды аттестаттау
жөніндегі комиссияның төрағасы қорытынды аттестаттауға дәлелсіз себептермен
келмегенін мойындайды.
19
3.25.
Қорытынды аттестаттау мерзімдерін дәлелді себептерсіз, қорытынды аттестаттау
бойынша комиссия төрағасының келісімінсіз және академиялық күнтізбемен
белгіленген мерзімнен тыс өзгертуге жол берілмейді.
3.26.
Оқу сабақтарын өткізіп алудың, кәсіптік практика базасына уақтылы келмеудің,
аралық аттестаттау кезеңінде емтиханға келмеудің, кәсіптік практика бойынша
есепті қорғаудың дәлелді себептері болып мынадай себептер есептеледі:
науқастануы (өзі немесе кәмелетке толмаған баласының), жақын туыстарының
(әкесі, анасы, әжесі, атасы, туған ағасы немесе әпкесі, баласы, жұбайы немесе
зайыбы) қайтыс болуы, іссапар, өндірістік қажеттілік, төтенше оқиғалардың (апат,
табиғи апат және т.б.) туындауы.
3.27.
Білім алушылардың университеттің қоғамдық өміріне қатысуын факультет деканы
оқу сабақтарында болмау себептерінің, ағымдық және аралық бақылауды тапсыру
кезеңдерінің дәлелді екендігі туралы тиісті өкім шығара отырып, жеке тәртіпте
қарайды.
3.28.
Білім алушы дәлелді себептердің бар екенін куәландыратын жалған құжаттарды,
оның ішінде медициналық анықтамаларды және өзге де құжаттарды ұсынған
жағдайда білім алушыға академиялық адалдық ережелеріне сәйкес, университеттен
шығару сияқты тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады.
3.29.
Басқасы заңнамамен, Университет Жарғысымен, білім беру қызметін көрсету
шартымен, ішкі нормативтік құжаттармен көзделмеген жағдайда, М.Қозыбаев
атындағы СҚУ-дың білім алушыларының барлық санаттары тең құқықтарға,
міндеттемелер мен жауапкершілікке ие.
3.30.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да білім алушыларының құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының заңнамасымен, университет Жарғысымен, білім беру
қызметін көрсету шартымен анықталады және университеттің басқа да ішкі
нормативтік құжаттарынан туындайды.
3.31.
Оқу деңгейлері мен нысандарына қарамастан, университеттің әр білім алушысының:
3.31.1 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес сапалы білім алу;
3.31.2 Негізгі (Minor) және қосымша (Minor) білім беру бағдарламаларын игеру;
3.31.3 Пререквизиттерді есепке ала отырып, жеке оқу жоспарын дербес қалыптастыру;
3.31.4 Білім беру бағдарламаларының академиялық кредиттерін бір және одан да көп
академиялық кезеңдер ішінде ҚР ЖОО-ларында және шетелдік ЖОО-ларда
академиялық және кредиттік ұтқырлық бағдарламалары бойынша ҚР республикалық
бюджет қаражаты, жеке қаражаты немесе университеттің бюджеттен тыс қаражаты
есебінен игеру;
3.31.5 Оқу жылына бекітілген академиялық күнтізбе шеңберінде дәлелді себеп болған
жағдайда сессияны, кәсіби практика, ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есептерді
қорғау мерзімдерін ұзарту;
3.31.6 Қолданыстағы заңнамамен және университеттің ішкі нормативтік құжаттарымен
белгіленген формада университетті басқаруға, соның ішінде университет қызметінің
маңызды мәселелерін талқылауға және шешуге қатысу;
3.31.7 ҚР қолданыстағы заңнамасымен және университеттің академиялық саясатымен
белгіленген тәртіпте оқуға қайта кіру , ауысу, оқудан шығу және академиялық
демалыс алу;
20
3.31.8 Ғылыми-зерттеу
жұмыстарының
барлық
түрлеріне,
конференцияларға,
симпозиумдарға, кеңестерге, конкурстарға, олимпиадаларға қатысу, өз жұмыстарын
жариялау, соның ішінде университет басылымдарына ұсыну;
3.31.9 Студенттік өзін-өзі басқару органдарының, университеттің басқару органдарының,
факультеттердің, академиялық комитеттердің және т. б. мүшесі болу;
3.31.10 Университетте қолданылатын оқыту әдістері, тәсілдері мен технологиялары туралы
өз көзқарастарын еркін білдіру, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар айту,
пәндерді оқыту және ПОҚ оқу жұмысының өзге де түрлеріне баға беру;
3.31.11 Университетте білім беру және тәрбие үдерісімен қарастырылған іс-шараларды
өткізу кезінде спорт, акт залдарын, кітапхананы, (абонементтер мен оқу залдарын),
бассейнді, университеттің оқу, ғылыми және басқа да бөлімшелерінің қызметтерін
тегін пайдалану;
3.31.12 Адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуі, ар-ождан бостандығы, ақпарат алу;
3.31.13 ББ шеңберінде оқу сабақтарына міндетті түрде қатысып және оқу жұмысының өзге
де түрлерін уақтылы орындап, деканмен келісілген жағдайда оқудан бос уақытта кез
келген ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдарда жұмысқа орналасу;
3.31.14 Бос орын болған жағдайда университеттің студенттік жатақханасында тұру;
3.31.15 Оқудағы, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін
көтермелеу және сыйақы алу;
3.31.16 ҚР қолданыстағы заңнамасымен және университеттің ішкі құжаттарымен
қарастырылған басқа да құқықтары бар.
3.32.
Оқу деңгейлері мен нысандарына қарамастан, университеттің әр білім алушысының
төмендегідей міндеттері бар:
3.32.1 Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес,
білім, іскерліктер, практикалық дағдылар мен құзыреттіліктерді толық көлемде
меңгеру;
3.32.2 Міндетті түрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысу, кәсіптік практикадан
өтуге уақытында кірісу, академиялық күнтізбемен, жеке оқу жоспарымен,
магистранттың/докторанттың жеке жұмыс жоспарымен, кәсіптік практика жоспар-
кестесімен, оқу жұмыс бағдарламасымен (силлабуспен) белгіленген мерзімде оқу
тапсырмаларының барлық түрлерін орындау, қорғау үшін кәсіби практика бойынша
есептерді уақытында ұсыну, білім беру бағдарламаларына сәйкес белгіленген
үлгерімді бақылау мен қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерінен өту;
3.32.3 Дәлелді себептермен оқу сабақтарын, ағымдық және аралық бақылауды тапсыру
кезеңдерін босатқан және кәсіби практика базасына, аралық аттестаттау кезеңінде
емтиханға, қорытынды аттестаттауға, кәсіби практика бойынша есепті
қорғауғауақытында келмеген жағдайда осы академиялық саясаттың 3.13, 3.17, 3.22
тармақтарына сәйкес Университетке хабарлау;
3.32.4 Академиялық айырмашылықты Университет ректорының тиісті бұйрығымен
және/немесе білім алушының жеке жоспарында белгіленген мерзімдер мен
шарттарда жою;
3.32.5 Жазғы семестрде немесе келесі академиялық кезеңде ақылы негізде академиялық
айырмашылықты жою;
3.32.6 М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушысының Ар-намыс кодексін, Академиялық
саясатты, Академиялық адалдық ережелерін мүлтіксіз сақтау;
21
3.32.7 Университетке қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде білім туралы
шетелдік
құжат
негізінде
түскен
жағдайда
білім
туралы
құжатты
нострификациялау/тану процедурасынан өту;
3.32.8 Білім алушының Университетке қабылдану кезінде берілген отбасы жағдайы мен
байланыс (тұрғылықты жері, телефон нөмірі, электрондық пошта және т.б.) және
басқа да ақпараттарындағы өзгерістер туралы Университетке уақытында хабарлау;
3.32.9 Өз денсаулығын нығайтуға, рухани жағынан дамуға ұмтылу;
3.32.10 Университеттің заңды мүдделеріне адалдықты сақтау, өз құқықтарын жүзеге асыру
және университетке қатысты міндеттерді адал және ақылға қонымды орындау, оның
мүдделеріне қаржылық зиян келтіретін іс-әрекеттерді, сондай-ақ имиджі мен
іскерлік беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді жасамау;
3.32.11 Университет білім алушыларының ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтау,
Университеттің үздік дәстүрлерін сақтау және дамыту;
3.32.12 Университет Жарғысының, университеттің академиялық саясатының және білім
беру және тәрбие үдерістерін ұйымдастыру бойынша Университеттің басқа да ішкі
нормативтік құжаттарының талаптарын орындау;
3.32.13 Университетпен жасаған білім беру қызметін көрсету туралы шарттың, сондай-ақ
басқа да шарттар мен келісімдердің талаптарын адал орындау;
3.32.14 Білім беру қызметін көрсету туралы шартқа сәйкес оқу құнын уақытында төлеу
(ақылы негізде оқитындар үшін), 3 (үш) күн ішінде факультет деканына төлем
туралы құжаттың көшірмесін ұсыну;
3.32.15 Университет, факультет әкімшілігінің, кафедра меңгерушілерінің өз құзыреті
шегінде шығарған бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқауларын және ұйғарымдарын тиісті
түрде орындау;
3.32.16 Білім беру бағдарламаларының жетекшілері болып табылатын Университет,
факультет әкімшілігінің кафедра стендіне шығаратын хабарландыруларымен және
ақпараттарымен үнемі танысу, күн сайын университеттің ресми интернет-сайтына
кіріп, сайттағы ақпаратпен танысу;
3.32.17 Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарды және Қазақстан
Республикасының жоғары оқу орындарында оқу тәртібі мен ережелерін реттейтін
басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Университеттің Академиялық саясатын
және басқа да ішкі нормативтік құжаттармен танысып, білу;
3.32.18 Педагогикалық қызметкердің, Университеттің басқа да қызметкерлерінің, сондай-ақ
университетте оқитын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, оның
ішінде: аудиторияға оқытушының, университет әкімшілігінің кіруі кезінде тұру; оқу
сабақтарын қалыпты өткізуге кедергі келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу; сөйлеуде
дөрекі, әдепсіз сөздерді пайдалануға жол бермеу; өзін лайықты ұстау, қарым-
қатынас кезінде сыпайы және әдепті болу, жеке басын қорлауға жол бермеу; басқа
тұлғаларға олардың міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамау;
3.32.19 Университеттің ішкі тәртібін, қоғамдық тәртіпті, жалпы қабылданған мінез-құлық
нормаларын сақтау;
3.32.20 Университетте белгіленген кіруге рұқсат беру режимін сақтау, соның ішінде
аумаққа, аудиторияға және университет бөлімшелеріне, басқа адамдарға кіруге
рұқсат беру құқығын беретін өз құжатын бермеу және басқа тұлғаға берілген
құжатты пайдаланбау;
22
3.32.21 Тұрғын үй заңнамасымен, университеттің ішкі нормативтік құжаттарымен және
тұрғын үй-жайды жалдау шартымен белгіленген жатақханада тұру ережелерін
сақтау.
3.32.22 Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария және жеке гигиена
ережелерін сақтау;
3.32.23 Қазақстан
Республикасының заңнамасында әкімшілік немесе қылмыстық
жауаптылық көзделген іс-әрекеттерге, оқу уақытында, сондай-ақ оқудан тыс уақытта
жол бермеу;
3.32.24 Университеттен шығарылған жағдайда, оқудан шығарылған күнге дейін Студенттік
бөлімге студенттік билетті, оқу билетін және университет берген басқа да
құжаттарды тапсыру; университетке қаржылық қарыз болған жағдайда, қарыз
сомасын толық көлемде өтеу; кету парағына қол қою және студенттік бөлімге ұсыну.
3.32.25 Заң актілеріне немесе келісім-шартқа сәйкес Университет жауап беретін
университеттің мүлкіне, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтірген
жағдайда білім алушы толық материалдық жауапты болады және Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте, ерікті түрде
немесе сот шешімі негізінде Университетке келтірілген шығынды өтейді.
3.33.
Залал (зиян) келтірілгеннен кейін, Университет пен білім алушы арасындағы білім
беру қызметтерін көрсету туралы шартты тоқтату білім алушыны Университетке
келтірілген залалды (зиянды) өтеу бойынша материалдық жауапкершіліктен
босатпайды.
3.34.
Білім алушының қолданыстағы заңнама нормаларын, ол жасасқан шарттар мен
келісімдерді және басқа да ішкі нормативтік құжаттарды және университет
әкімшілігінің ұйымдастыру-өкімдік актілерін білмеуі білім алушыны университетке
келтірілген залалды (шығынды) өтеу бойынша жауапкершіліктен және
міндеттемелерден босатпайды.
3.35.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да университет әкімшілігі ЖОО басшылығымен
өтініштерді қарастырудың келесі жүйесі жұмыс істейді: эдвайзер → кафедра
меңгерушісі (ББ жетекшісі болып табылатын) → деканат (декан, декан, бағыт
бойынша декан орынбасары) → бағыт бойынша проректор → бірінші проректор →
ректор.
3.36.
Білім алушылардың дәлелді себептермен сабақты, ағымдық және аралық бақылауды
тапсыру кезеңдерін босатуы туралы факультет деканына, кәсіптік практика базасына,
аралық аттестаттау кезеңінде емтиханға, кәсіптік практика бойынша есепті қорғауға
уақытында келмегендігі туралы академиялық мәселелер жөніндегі проректорға,
қорытынды аттестаттауға келмегендігі туралы қорытынды аттестаттау жөніндегі
комиссия төрағасына хабарлауы білім алушының, оның заңды өкілінің немесе
туысының СТҚКО-ға ұсынылатын жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
3.37.
Білім алушылардың қалған барлық өтініштерін, соның ішінде Университеттің
қызметтері мен мемлекеттік қызметтерін алуға (ауыстыру, қайта қабылдау, оқудан
шығару, академиялық демалыс, транскрипт, анықтама беру, академиялық
айырмашылықты анықтау, дәлелді себептермен жіберілген оқу сабақтары, ағымдық
және аралық бақылауды тапсыру кезеңдері, аралық аттестаттау емтихандарының
нәтижелері апелляциясы және т.б.) білім алушылардың өздері СТҚКО-ға тапсырады.
3.38.
Білім алушы ЖОО көрсететін қызметтерге қанағаттанбаса, ішкі нормативтік құжаттарға
сәйкес Университет әкімшілігіне өтініш немесе шағым беруге құқылы. Білім
алушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау процедурасы келесі тізбек бойынша
жүзеге асырылады: факультет деканы → бағыт бойынша проректор → ректор.
23
3.39.
Білім алушылар ректорға жолдаған шағымдарын барлық оқу корпустарында
орнатылған «Ректордың поштасы» жәшіктері арқылы, қабылдау күндері жеке
жүгіну, ректордың блогына жүгіну арқылы жеткізе алады.
3.40.
Оқу тәртібін, Ішкі тәртіп ережелерін, Академиялық саясатты, Академиялық адалдық
ережелерін, жатақханада тұру ережелерін, М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім
алушысының Ар-намыс кодексін бұзғаны үшін, білім алушыларға келесі тәртіптік
жазалардың бірі қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, айыппұл,
жатақханадан шығару, университеттен шығару.
3.41.
Білім алушылардың шығармашылық белсенділігі мен азаматтық бастамаларын
ынталандыру, оқу және ғылыми, қоғамдық, мәдени-шығармашылық, спорттық қызметтің
тиімділігін арттыру мақсатында М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушыларын
материалдық және материалдық емес көтермелеу жүйесі жұмыс істейді.
3.42.
Университетте білім алушыларды материалдық емес көтермелеудің мынадай түрлері
қолданылады: алғыс жариялау; Құрмет грамотасымен/дипломмен марапаттау;
студентке және/немесе оның ата-аналарына (заңды өкілдеріне) алғыс хат, студент
қызметінің тәжірибесі және нәтижелерімен таныстыру (байқау, олимпиада, семинар,
көрмелерге қатысу, жарияланымдарды басып шығару және т.б.).
3.43.
Университетте білім алушыларды материалдық көтермелеудің мынадай түрлері
қолданылады: оқу ақысын төлеу жеңілдіктері; бағалы сыйлықпен немесе ақшалай
сыйлықпен марапаттау; ректордың грантын, Манаш Қозыбаевтың грантын,
педагогикалық олимпиадаға қатысқаны үшін грант тағайындау, білім алушыны
Бірінші Президент стипендиясына және Тұңғыш Президент қорының стипендиясына
ие болуға ұсыну.
3.44.
Тәртіптік жазасы бар университеттің білім алушылары марапаттауға ұсынылмайды.
3.45.
Университетте белгіленген көтермелеу шараларын қолдану мынадай қағидаттарға
негізделген: барлық білім алушылар үшін көтермелеуді қолдану талаптардың бірлігі
және шарттарының теңдігі; жариялылық; жеке немесе командалық жетістіктері үшін
көтермелеу; қызметтің тиімділігі мен сапасын ынталандыру; моральдық және
материалдық көтермелеу жүйесінің өзара байланысы.
3.46.
Төтенше жағдай режимі және/немесе карантин режимі кезінде
3.12., 3.13., 3.14.,
3.15, 3.16., 3.17., 3.18, 3.22, 3.23, 3.24, 3.26-тармақтардың қолданылуы тоқтатыла
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |