М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан


  Дуальді оқыту элементтерін іске асыру саясаты



Pdf көрінісі
бет27/56
Дата02.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#71073
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
Байланысты:
16177884819340ae5b

12. 
Дуальді оқыту элементтерін іске асыру саясаты 
12.1. 
Экономика салаларының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, білікті кадрларды 
даярлау моделін жетілдіру және практикалық-бағдарланған оқытуды жүзеге асыру 
мақсатында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да дуальді оқыту элементтері (ДОЭ) жүзеге 
асырылады. 
12.2. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да ДОЭ жүзеге асыру Университетпен қатар 
Кәсіпорында өндіріс-практиктерді тарта отырып оқу процесіне және оқу сабақтарын 
және оқу жұмысының өзге де түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
12.3. 
ДОЭ жүзеге асыру бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске 
асыру процесіне Кәсіпорындардың тікелей қатысуын болжайды. 
12.4. 
ДОЭ жүйесінің элементтерін іске асыру қатысушылары М. Қозыбаев атындағы СҚУ, 
Кәсіпорын және студенттер болып табылады. 
12.5. 
Университетте ДОЭ енгізудің негізгі мақсаты ЖОО-да және кәсіпорында қатарлас 
оқытуды іске асыру жолымен білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру 
болып табылады. 
12.6. 
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да ДОЭ жүзеге асыру міндеттері: жұмыс берушілердің 
талаптарына барынша сәйкес келетін мамандарды даярлау; білім алушыларды 
мамандық бойынша сапалы кәсіби даярлықпен қамтамасыз ету және олардың 
өндіріс жағдайларына барынша бейімделуіне жәрдемдесу; өндірістің технологиялық 
сұраныстарына 
барынша 
жақындатылған 
практикалық-бағытталған 
оқыту; 
университеттің жұмыс берушілер тұлғасындағы әлеуметтік серіктестермен өзара 
байланысын қамтамасыз ету; білім беру бағдарламасын жүзеге асыру сатыларында 
университеттің кәсіпорындармен өзара іс-қимылын кеңейту; университет 
түлектерінің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру; түлектердің 
жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету. 
12.7. 
ДОЭ негізгі компонеттері болып табылады: жұмыс берушілердің қатысуымен 
әзірленген ББ, кафедра бөлімшесін ұйымдастыру туралы шарт, Кәсіпорынмен 
келісілген тәжірибе графигі, оқу процесіне тартылған өндірісшілер-практиктер. 
12.8. 
ДОЭ аясында оқу процесін ұйымдастыру жұмыс берушілердің қатысуымен
Академиялық комитеттердің Кәсіби Стандарттар мен салалық біліктілік шеңбері 
негізінде әзірлеген ББ сәйкес академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады. 
12.9. 
ББ қалыптастырудың негізгі принципі қазіргі еңбек нарығының және экономиканың 
нақты секторларының қажеттіліктерін барынша ықтимал есепке алу болып табылады. 


62
12.10. Оқ оқу сабақтары барысында нақты практикалық жағдайлар талқыланады және 
кәсіпорындарда пайда болатын өндірістік міндеттер шешіледі у процесі 
университетте және кафедра бөлімінің базасында теориялық және практикалық 
сабақтарды қамтиды. 
12.11. Оқу сабақтары барысында нақты практикалық жағдайлар талқыланады және 
кәсіпорындарда пайда болатын өндірістік міндеттер шешіледі. 
12.12. Оқытудың дуальді жүйесінің элементтерін іске асыруды көздейтін ББ бойынша оқу 
процесін жоспарлау және ұйымдастыру теориялық оқытуды өндірісте практикалық 
дайындықпен ұштастыру негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте пәннің оқу 
материалының 40% тікелей өндірісте, соның ішінде кафедра бөлімшелері базасында 
практик мамандарды немесе М. Қозыбаев атындағы СҚУ базасында практик 
мамандарды тарта отырып игерілуі тиіс. 
12.13. М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да ДОЭ жүзеге асыру аясында тікелей нақты өндіріс 
жағдайында студенттерге сабақ өткізуге мүмкіндік беретін кафедра бөлімшелері 
кызмет етеді.
12.14. ДОЭ іске асыруды қарастыратын ББ бойынша кафедра бөлімшелерінің болуы 
міндетті болып табылады. 
12.15. Кафедра бөлімшелері ІНҚ СҚУ 72 М. Қозыбаев атындағы СҚУ кафедра бөлімшелері 
туралы типтік ережеге сәйкес құрылады және жұмыс істейді. 
12.16. Дуальді оқыту элементтерін іске асыруды қарастыратын ББ бойынша 6В062 
Телекоммуникациялар, 6В071 Инженерия және инженерлік іс, 6В072 Өндірістік 
және өңдеу салалары, 6В073 Сәулет және құрылыс, 
6В081 Агрономия,
6В082 Мал 
шаруашылығы ББ-ның білім алушыларының ЖОО бюджеттен тыс қаражаты 
есебінен ББ бейініне сәйкес жұмыс біліктілігін алуға мүмкіндіктері бар. 
12.17. М. Қозыбаев атындағы СҚУ өндірісшілер-практиктерді қоса атқару бойынша еңбек 
шарты жағдайында, сондай-ақ сағат бойынша ақы төлеу негізінде білім беру 
қызметтерін көрсету шарттары жағдайында қабылдау мүмкін.
12.18. ДОЭ жүзеге асыруда студенттердің кәсіптік тәжірибесінің алатын орны маңызды. 
12.19. ДОЭ жүзеге асыратын ББ бойынша кәсіптік тәжірибені жоспарлау және 
ұйымдастыру осы Академиялық саясаттың, кәсіби практиканы ұйымдастыру және 
өткізу және практика базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) анықтау саясаты 
негізінде жүзеге асырылады. 
12.20. Төтенше жағдай режимі және/немесе карантин режимі кезінде университетте 
дуальды оқыту элементтерін іске асыру тоқтатылады. 


63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет