Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру
Машиналар мен олардың құрамдас бөліктерінің күрделі жөндеуге келгенде ластығы әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан жөндеу ны- сандарын тазалау және жуу машинаны бөлшектеу, дефектациялау және детальдарды қалпына келтіру алдындағы міндетті түрде жүргізілуі тиіс операцияларға жатады.
Дөңгелекті трактор базасындағы машиналардың сыртын жууға арналған қондырғы нұсқасы 3.2-суретте келтірілген. Қондырғы екі жуу камерасы мен машиналық бөліктен тұрады. Камералар арасында майлау материалдары мен отынды төгуге және машинаны бөлшектеуге арналған посттар орналастырылған. Базалық трактор және жұмыстық жабдық бетіне жуу сұйығы гидрожетектегі автоматты тербелетін жинағыштан жеткізіледі.
3.1-сурет. Машиналарды жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы
3.2-сурет. ОМ-1 типіндегі дөңгелекті трактор базасындағы көлік техникасын сырттай жууға арналған қондырғы:
1 – бастапқы жағдай; 2 – үлкен камера; 3 – машиналық бөлім; 4 – кіші камера; 5 – тартым құрылғысының жетек станциясы; 6 – тракторды агрегаттарға бөлу посты; 7 – кіші бөлу посты; 8 – жану-майлау материалдарын құйып алу және ішкі бөліктерді булау посты
Қондырғының ауысымдағы өнімділігі – 16 машина, жылдық жос- пар – 1000 машина, габариттік өлшемдері – 6170х3470х3500 мм.
Заманауи машиналар конструкциясының күрделілігі, олардың де- тальдарын дайындауда қолданылатын материалдардың әркелкілігі, жөндеу нысандарында ластанудың әртүрлілігі тазалау операцияларын бірнеше сатыда жүргізуге міндеттейді. Жөндеу кәсіпорындарының көпшілігінде жуу-тазалау жұмыстарын ұйымдастырудың 3.3-суретте келтірілген нұсқасы қолданылады.
Жөндеу-механикалық заводтары посттарының бірқатарында ма- шиналарды жуу конвейерлік желідегі бөлшектеу участоктарымен біріктірілген. Бұл жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға және бөлшектеу участоктарында өндіріс мәдениетін жоғарылатуға септігін тигізеді.
Лабомид-101, Лабомид-102 жуу құралдары машиналарды майлы асфальт-шайырлы кірлерден ағымды тазалауға арналған және маши- наларды агрегаттарға, агрегаттарды детальдарға бөлшектеп жөндеу алдындағы тазалау операцияларында қолданылады. Олар су ерітінділері түрінде пайдаланылады.
Жуу құралдарын қолданудың технологиялық режимдерін детальдардың ластану сипатына, тазалау әдісіне, жуу жабдығының параметрлеріне, жуылатын бұйым материалына және басқа да факторларға байланысты анықтайды. Лабомид-101 және Лабомид- 102 жуу құралдарының ең көп тараған жуу операцияларына арналған технологиялық режимдері 3.1-кестеде келтірілген.
Жөндеуге қабылдау алдында машинаны
Электр жабдықтарының
Машинаны кіші бөлшектеу
Қоректендіру жүйесінің
Картерлерді булау , жуу
Камераны, раманы булау
Машинаны бөлшектеу
Агрегаттарды кіші бөлшектеу
Агрегаттарды жуу
Агрегаттарды бөлшектеу
Детальдарды жалпы жуу
Детальдарды арнайы тазалау
Мойынтректерді жуу
Қалыптастырылған жəне майда детальдарды тазалау
Детальдарды күйіктен тазалау
Детальдарды қайнаудан тазалау
Детальдарды тот басудан жуу
Блоктар мен иінді біліктердегі майлау арналарын тазалау
Детальдарды қалпына келтіру алдында майдан тазалау
Детальдарды жинау алдындағы операция аралық жуу
Детальдарды бояу алдында майдан
3.3-сурет. Жуу-тазалау жұмыстарын ұйымдастыру сұлбасы
3.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |