Көлік техникасын техникалық күту мен жөндеу жұмыстарының негізгі нормативтік-техникалық құжаттары
Нормативтік-техникалық пайдалану және жөндеу құжаттарына: дайындау зауытының жұмыс сызбалары, жеткізуге қажетті техникалық жағдайлар, ТМД аумағында автомобиль және темір жолдарды техникалық пайдалану Ережелері, жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жұмыстары бойынша нұсқаулар мен ережелер, Мемлекеттік стандарттар, салалық стандарттар, белгіленген тәртіпте бекітілген та- сымалдау мен сақтау нұсқаулары жатады.
Көлік техникасының әрбір сериясы үшін жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жұмыстары бойынша негізгі нормативтік-техникалық құжаттарға пайдалану бойынша нұсқаулар, техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулар, күнделікті жөндеу жұмыстары бойынша ере- желер, күрделі жөндеу жұмыстарының ережелері, негізгі жинамалы бірліктерін жөндеу бойынша технологиялық нұсқаулар жатады.
Тежеуіш жабдықтары, жылдамдық өлшеуіштері, дөңгелектер жұптары, радиоаппаратуралар, автоматты сигнал беру мен автотоқтау, өрт сөндіретін жабдықтар сияқты соққылы-тіркемелі құрылғылардың пайдалану, техникалық қызмет көрсету және құрал-жабдықтардың жөндеу жұмыстарының жалпы уақыты көлік және коммуникация- лар Министрлігі бекіткен жеке нұсқауларды басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
193
13–8708
Пайдалану жөніндегі нұсқауларда нысанның жұмысқа дайындық ережесі мен тәртібі, оны пайдалану ережесі, (пайдалану, тасымалдау, сақтау мен техникалық қызмет көрсету), қызмет етуші қызметкерлер үшін қауіпсіздік шаралары, ақауларды жою амалдары мен табу әдістері қарастырылады.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқауларда нысанның техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың көлемі, осы жұмыстардың мерзімі мен жүргізу тәртібі беріледі, пайдалануда жеке жинамалы бірліктер мен бөлшектердің параметрлері беріледі.
Жөндеу жөніндегі жұмыс ережелері жоспарлау мен ұйымдастырудың жалпы мәселелері, жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жұмыстарының әр түрлі кезеңінде орындалатын жұмыстардың көлемі, жіберілетін және шектік мөлшерлер, жиналмалы бірліктер мен бөлшектердің ақаулық белгілері, сонымен бірге жылжымалы құрамның сынау режимдері мен тәртібі белгіленеді.
Жеке жиналмалы бірліктердің жөндеу жұмыстары бойынша технологиялық нұсқауларда нысанды бөлшектеу, тазалау, жағдайды бақылау, бұзылған бөлшектерді қалпына келтірудің технологиялық үдерістері, жинау талаптары, жөндеу нысанын сынау мен реттеу тәртібі бекітіледі.
Технологиялық нұсқаулар жөндеу жұмыстарының Ережесімен талданады. Бұдан басқа әрбір көлік техникасында түгел және негізгі жинамалы бірліктерге (дизель, тарту генераторы, тартым электр қозғалтқыштары, арбалар және т.б.) нысанның жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің барлық мәліметтері, сонымен бірге негізгі бөлшектердің тозу шамасы мен сипаттамасы енгізілетін техникалық төлқұжат толтырылады. Әрбір көлік техникасына техникалық қызмет көрсетуде жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары кезінде орындалатын барлық жұмыстар белгіленетін жөндеу кітабы арналады.
Достарыңызбен бөлісу: |