М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Редукторлардың негізгі техникалық сипаттамалары



бет66/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Редукторлардың негізгі техникалық сипаттамалары







Сипаттама- лар

редуктор типі

Цилиндр- лік горизон- талды

Цилиндр- лі верти- калды



Бұрам- дықты

Плане- тарлы





Конус- тық

Арнайы тісті



Жай жүрісті сатының осьаралық қашықтығы, мм

100...600

100...250

-

-

-

100...700

Шығыс біліктегі айналу моменті, Н*м

315...56000

250...4000

90...2000

5000

160...720

100...8000

Беріліс саны

2...200

10...100

8...20

26...52

1...63

1...1000

Осьаралық қашықтық, мм

-

-

63...160

-

-

-

Осьтердің орналасу радиусы, мм

-

-

-

89

-

-

Беріліс бұрышы, ...0

-

-

-

-

90

-

БАқылАу СҰРАқТАРы



  1. Білік типтес детальдарды өңдеу кезіндегі негізгі операцияларға сипаттама беріңіз.

  2. Шкивтер мен дискілердің үйкеліс беттеріне қандай технологиялық талаптар қойылады?

  3. Көлік техникасы барабандары конструкциясы бойынша қалай жіктеледі?

  4. Крандардың жүріс дөңгелектерін жасауда қолданылатын сорби- тизация әдісін түсіндіріңіз.

  5. Құйылған және қалыпталған ілгіштерді жасау кезінде олардың беттеріне қандай талаптар қойылады?

  6. Білік-тістегерішті өңдеудің технологиялық маршрутын жасаңыз.

  7. Пластмассадан жасалған детальдарды дайындау әдістерін түсіндіріп беріңіз.

  8. Редукторлардың негізгі техникалық сипаттамаларын атап көрсетіңіз.

  9. Редуктор корпусын өңдеудің технологиялық сұлбасын түсіндіріп беріңіз.

  10. Тісті дөңгелектерді механикалық және термиялық өңдеу жайлы айтыңыз.

  11. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу қалай жүргізіледі?

  12. Білік және ось типтес детальдарды қалай дайындайды?




8–8708


113

5-тарау. ЖинАу ПРОЦЕСТЕРІнІҢ ТЕхнОлОГияСы




    1. Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау




негізгі түсініктер. Жинақ – машина өндірісінің соңғы саты- сы. Машинаның сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі едәуір дәрежеде жинау сапасына байланысты болады. Жинау жұмыстарының еңбек сыйымдылығы машина жасаудың жалпы еңбек сыйымдылығының 20...50%-ын құрайды.
Дайын машинаның сапасы көбінесе жинау технологиясына байла- нысты болады. Жинау процестеріне жобалаудағы бастапқы мағлұматтар ретінде: конструкция құрылымының сызбасы; бұйымды қабылдаудың техникалық шарттары; бұйымды жасаудың көлемі; бұйымды шығаруға жобалаған уақыт мерзімі кіреді.
Жинау технологиясы жобалауының түптілігі оның шығару көлеміне байланысты. Бұйым көп мөлшерде шығарылса, онда жобалауды егжей-тегжейлі дифференциалдау принциптерін қолданып даярлауға болады, ал шығару мөлшері өте аз болса, онда қысқаша жобалаумен қанағаттанады.
Жобалау үшін мәліметтер және нормативті материалдар қажет: бұйым конструкциясының технологиялылығын жақсартатын шаралар тізімі, жинастыру құрал-саймандарының каталогтары мен паспортта- ры, жинастыру қондырғылары мен аспаптарының альбомдары, жи- настыру жұмыстарын мөлшерлеуге қажет нормативтер. Егер ұқсас бұйымдардардың типті технологиялары болса, онда жобалау жұмысы жеңілдейді.
Жинау процестерін жобалау алдында бұйымның конструкциясы- мен танысу, жинау сызбаларына технологиялық бақылау жасау және қабылдаудағы техникалық шарттарды әзірлеу жұмыстарын мұқият салалаған жөн.
Жинау сызбасында барлық керекті қимылдар мен кесінділердің, проекциялардың кескіндері болуы керек: өнім элементтерінің сипаттізімі, құрастыру өлшемдері, қиюластырудағы саңылаулар мен тартылмалар, өнімнің массасы туралы мәлімет.
Техникалық шарттар кейде технологиялық нұсқауларда көрсетілуі мүмкін, мысалы, қосылыстарды жүргізу тәсілдері, жинаудың үйлесімді бірізділіктері, бұйымдарды аралық немесе біржолата бақылау тәсілдері және т.б. Жинау сызбасындағы және техникалық шарттардағы байқал- ған кемістіктер, қателіктер және күмәндіктер конструкторлар бюро- сында түзетілуі тиіс. Бұйымның конструкциясын талдай отырып, оны
жетілдіру шараларын да қарастыра береді. Әрине, мұндай шаралардың бұйымның атқаратын қызметіне теріс әсер етпеуі мүмкіндігі болуы керек. Типтік қиылысуларға бұрандалық бірігулер, цилиндрлік және конустық тісті бірігулер, кілтектік және оймакілтектіктік бірігулер,
шайқалу мойынтіректі тораптар мен белдікті берілістер жатады.
Бірігулердің келесі түрлері болады:

    • жылжымайтын ажыратылатын;

    • жылжымайтын ажыратылмайтын;

    • жылжитын ажыратылатын;

    • жылжитын ажыратылмайтын

Жылжымайтын ажыратылатындарға біріктіретін және бекітетін де- тальдарды зақымдамай бөліп алуға болатын бірігулер жатады. Бұлар

  • бұрандалық, кілтектік, кейбір оймакілтектік, конустық және ауысты- рылып отырғызылатын бірігулер.

Жылжымайтын ажыратылмайтындарға бірігуге кіретін детальдар- ды зақымдап немесе толығымен бұзып алатын бірігулер жатады. Мұндай бірігулерді кепілдік қынақпен отырғызу, пісіру, дәнекерлеу, желімдеу, айналмасоғу арқылы алады.
Жылжитын ажыратылатындарға жылжымалы отырғызылуы бар бірігулер жатады.
Жылжитын ажырамайтындарға шайқалу мойынтіректері, втулка- лық-аунақшалы шынжырлар, бекіту крандары және т.б. жатады.
Жинақты тораптық және жалпы деп екіге бөледі. Тораптық жинақтың нысаны ретінде машинаның жинау элементтері алынса, ал жалпы жинау нысанына машинаның өзі алынады. Жинау процесі негізгі екі бөліктен тұрады: детальдарды жинауға дайындаудан және жинау операцияларының өзінен.
Дайындау жұмыстарына жататындар:

    • қажетті жағдайда орындалатын әртүрлі ұсталық-келтіру жұмыстары (аралап кесу, қыру және т.б.);

    • жеке детальдарды бояу, мысалы, редуктор корпусын;

    • детальдарды тазалау және жуу;

    • техникалық шарттар бойынша қажетті жағдайда біріккен деталь- дарды майлау.

Жалпы жинау жұмыстарына жанасатын детальдар мен тораптардың белгіленген отырғызу бойынша өзара орналасу жағдайларын дұрыс қамтамасыз ету арқылы біріктіру процестері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет