М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар



бет74/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар


Жинақ бірліктері мен механизмдерді жинауға техникалық базалау бөлімінің (ТББ) қабылдауынан өтіп, оған сәйкес белгі қойылған деталь- дар келіп түсуі тиіс.


Жинақ бірліктерін жинау дайындаушы кәсіпорында бекітілген технологиялық құжаттамаға сәйкестендіріліп жүргізіледі. Детальдар- дағы барлық сүйір бұрыштар жинау алдында жойылуы тиіс. Оймакілтекті бірігудегі детальдарды келтіруге рұқсат етілмейді. Айналатын жинақ бірліктері мен детальдар өз тіректерінде еркін айналуы қажет. Жылдам айналатын детальдар мен жинақ бірліктерінде айналу массасының теңсіз- дігі арқасында шектен тыс діріл болмауы тиіс. Теңдестіру технологиялық процестер бойынша стандартқа сай орындалуы керек.
Шығырды жинау кезінде редукторларды, тежегіш қозғалтқыштары мен басқа да жинақ бірліктерін қондыру «Жүк көтеру жабдықтары. Жалпы техникалық талаптар» ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс. Жиналған шығырдағы параметрлер мен размерлер сақталып, сызбада көрсетілген техникалық талаптар орындалуы қажет.
Ілмек ілмесін жинауда оның маңдайшаға берік бекітілуін қадағалау қажет, шар тірегінде ілмектің еркін айналуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Жинау кезінде майлау арналары таза болуы және конструкторлық құжаттамада көрсетілген майлаудың кестелері мен сұлбаларына сәйкес майлау материалдарымен толтырылуы тиіс.
Гидрожетек, гидрожүйені жинау да стандарт талаптарына сәйкес орындалуы қажет. Ал қауіпсіздік аспаптарын жинау механизмдегі барлық буындардың еркін де оңай қозғалуын талап етеді.
Бұрандалық қосылыстардың өздігінен айналып кетуіне кедергі болу үшін жинау процесі барысында 5.6-суретте көрсетілген әдістерді қолдану қажет [9].


5.6-сурет. Бұрандалы қосылыстарды өздігінен бұралып кетуден сақтау тәсілдері:
а кідіртпе гайкамен тоқтату; ә, б сіргенің көмегімен; в болттарды сыммен байлау; г серіппелі немесе құлыпты шайбаны қою арқылы;
ғ жеңіл болаттан жасалған детальдарды бұрамалар арқылы тоқтату; д тұйық тесіктегі бұрамаларды серіппе көмегімен тоқтату
Электр жабдықтары электр сұлбаларға электрқондырғылары құрылысының ережелеріне сәйкес дәлдікпен орнықтырылуы тиіс.
Барлық бұрандалық қосылыстар дайын күйінде механикалық неме- се слесарлық бөлікпен техникалық талаптарға қанағаттанарлықтай етіп келуі тиіс.
Болттарды, бұрамаларды және т.б. тарту кезінде бекіту детальда- рының барлығын бірқалыпты күшпен тарту қажет. Бақылау сұққыш- тары деталь бетінен оның диаметрінің 1/3 бөлігіндей шығып тұруы қажет. Ал болттың, бұраманың немесе бұрамасұқпаның гайкадан шығып тұру биіктігі 0,25d (d – бұранда диаметрі) аспауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет