150
Қазақ тілі практикумы
7. Мәтінді оқыңыз, есімшені тауып, астын сызыңыз.
-Сүйінші беріңіз, патша сайламаққа келдік! Көп аңдар, көп жандар кеңес
қылып еді. «Арамыздан патша сайлаймыз»,-деп, маған ақыл салды. Мен:
«Менен маймылдың білімі көп, адамзатқа ұқсайды. Менің тілімді
алсаңыздар, маймылды патша сайлаңыздар, үлкен-кішіміздің жайымызды
білер, әділетсіз іс қылмас»,-дедім. «Егер арыстан патша болса, оның күші
көп, өзіне ықтияр тиген соң, ойына келгенін қылар; жазықты, жазықсызға
қарамай, әлсіздердің барлығын қырып тастар; алдына ешкім арыз айтып
келе алмас, әулетімен құртып жіберер!»-дедім. Жиылған көп жандар менің
ақылымды құптады. «Түлкі бидің ақылы- табылған ақыл»,-деді. «Патша
сайламаққа арыстан жарамайды екен; маймылды патша сайлайық;
нашардың сөзін айтар; адамзатқа ұқсаған әділетті, ақылы көп шығар, тез
тауып әкеліңіз»,-деді. Сіздің қайда екеніңізді білмей, жан-жануар тұс-тұсқа
тарап, іздеп кетті. Бәрінен бұрын сізге келіп мен жолықтым. Құрмет қылып
тұрғанымның мәнісі осы еді,-дейді. («Түлкі мен маймыл»)
Достарыңызбен бөлісу: